Сүйектердің алғашқы бітісіп – қосылу пішіні (қарапайым суда тіршілік ететін омыртқалыларда), олардың дәнекер немесе шеміршек тіндер арқылы бітісуі болады. Алайда сүйектердің мұндай бітісу тәсілі қозғалыс көлемін шектейді. Қозғалыстың сүйекті рычагтар арқылы пайда болуы сүйектер арасындағы тіндер таралып – жойылуымен саңылаулар мен қуыстар пайда бола бастайды да, соның нәтижесінде сүйектердің жаңа түрі – үзілмелі, буындасу пайда болады. Филогенез үрдісінде сүйектердің қосылуының 2 түрі дамиды: қозғалыс ауқымы шектеулі тұтас, үздіксіз (үзіліссіз) қосылу және кейінгі – үзілмелі (үздікті), кең ауқымды қозғалыстар жасауға мүмкіндіктер беретін қосылу. Егер сүйектер арасындағы дәнекер тіндік бөліктері тұтас үздіксіз байланысса – синартроз пайда болады. Егер олардың ішінде дәнекер тіннің тарылу жолымен қуыс пайда болса, онда сүйектердің қосылуының жаңа түрі – қуысты немесе үзілмелі түрі – диартроз пайда болады.

Сөйтіп, дамуы, құрылысы және қызметі бойынша сүйектердің бір – бірімен қосылуларын екі үлкен топқа бөлуге болады:

  1. Үздіксіз (үзіліссіз) қосылыстар – синартроздар (BNA) – дамуы ертелеу, қызметі жағынан қозғалмайды немесе аз қозғалады.
  2. Үздікті (үзілісті) қозғалыстар, буындар – диартроздар (BNA) – кештеу дамиды және қызметі жағынан қозғалмалы.

Үздікті (үзілісті) қозғалыстар, буындар

Буын дегеніміз үздікті (үзілісті), қуысты, қозғалмалы қосылу немесе буындасу, auriculatio synovialis (грекше arthron – буын, осыдан arthritis – буынның қабынуы). Әрбір буында қосылатын сүйектердің буындық беттері, буын қапшығы (сүйектердің буындасатын шеттерін муфта сияқты қоршап тұратын) және оның ішінде сүйек арасында жататын буын қуысы болады.

  1. Буындық беттер, facies articulares, гиалинді, кейде талшықты, қалыңдығы 0,2 – 0,5 мм буын шеміршегін, cartilago articularis, жабылған. Ұдайы үйкелу салдарынан буындық шеміршек буындық беттерінің сырғанауын жеңілдететін жылтырлыққа ие болып, ол шеміршектің серпімділігінен соққыны жұмсартып, буфер қызметін атқарады. Әдетте буындық беттер азды – көпті бір – біріне сәйкес келеді (конгруэнтті).
  2. Буын қапшығы, capsula articularis, буын қуысын саңылаусыз қоршай отырып, буындасатын сүйектерге олардың буындық беттерінің жиегін ала немесе олардан сәл кейіндеу өсіп – бекиді. Ол сыртқы фиброзды жарғақ, membrana fibrosa, мен ішкі синовиалды жарғақтан membrana sinovialis, тұрады. Синовиалды жарғақ буындық бетіне қараған жағында эндотелий жасушалары қабатымен жабылған, сонын салдарынан тегіс және жылтыр болады. Ол буын қуысына жабысқақ мөлдір синовиалды сұйықтық – синовияны, synovia, бөледі де, ал ол буындық беттерінің үйкелісін азайтады. Синовиалды жарғақ буындық шеміршектердің жиектерінде аяқталады.
  3. Буын қуысы, cavitas articularis, буындық беттер және синовиалды жарғақпен шектелген саңылаусыз (герметикалы), кеңістік болып табылады. Қалыпты жағдайда ол бос қуыс емес, буындық беттерін ылғалдандырып және майлап, олардың арасындағы үйкелісті азайтатын синовиалды сұйықтықпен толған. Сонымен қатар сұйықтықтардың алмасуында және буындық беттерін іліктестіру арқылы бекітуде рөл атқарады. Ол сондай – ақ беттерінің сығылуы және соғылуын жұмсартатын буфер қызметін атқарады, өйткені буындардағы қозғалыс – тек сырғанау емес, буындық беттерінің ажырасуы да болып табылады. Буын қапшығы зақымданғанда ауа буын қуысына өтеді, соның себебінен буындық беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайларда буындық беттердің ажырасуына қуыстағы теріс қысымнан басқа байламдар (буын ішіндегі және буын сыртындағы) мен сіңірлерінің қабатында орналасқан дәнтәрізді сүйектері бар бұлшықеттер де кедергі жасайды.

 

Буын биомеханикасы

Тірі адам организмінде буындар үш түрлі рөл атқарады: 1) олар дене қалпының сақталуына жәрдемдеседі; 2) дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; 3) дененің кеңістіктегі локомоция (орын алмастыру) мүшесі болып табылады.

Эволюция барысында бұлшықет қызметі үшін жағдайлар әртүрлі болғандықтан, түрлі пішіндер мен қызметтердің буындасуы пайда болады. Пішіні жағынан буындық беттерін геометрикалық айналу денелерінің кесінділері деп қарастыруға болады: бір білікті айнала қозғалатын цилиндр ретінде және үш немесе одан да көп біліктерді айнала қозғалатын шар ретінде.

Буындарда қозғалыс үш негізгі білікті айнала жүреді.

Буындарда мынадай қозғалыс түрлерін ажыратады:

  1. Фронталды (горизонталды) білікті айнала қозғалу – бүгілу (flexio), яғни буындасатын сүйектер арасындағы бұрыштың кішіреюі және жазылуы (extensio), яғни осы бұрыштың үлкеюі.
  2. Сагитталды (горизонталды) білікті айнала қозғалу – келтіру (adductio), орта жазықтыққа жақындау және әкету (abductio), яғни одан қашықтау.
  3. Вериткалды білікті айнала қозғалу, яғни айналу (rotatio): ішке қарай (pronatio) және сыртқа қарай (supinato).
  4. Шеңбер бойымен қозғалу (circumductio), бұл кезде бір біліктен екінші білікке ауысуы іске асады, соның өзінде сүйектің бір шеті шеңбер сызады, ал бүкіл сүйек – конус пішінін сызып шығады.

Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы

Буындарды мынадай принциптер бойынша жіктеуге болады: 1) буындық беттердің саны бойынша; 2) буындық беттердің пішіні бойынша; 3) қызметі бойынша.

Буындық беттердің саны бойынша былай ажыратады:

  1. Тек 2 буындық беті бар қарапайым буын (art.simplex) мысалы, саусақаралық буындар.
  2. Екіден көп буындасқан беті бар күрделі буын (art.composita), мысалы, шынтақ буыны. Күрделі буын бірнеше қарапайым буындасудан тұрады, оларда қозғалыс жек – жеке жүре алады. Күрделі буында бірнеше буындасудың болуы олардың байламдарының орнақтығын қамтамасыз етеді.
  3. Буынды екі камераға (екі камералы буын) бөлетін буынішіндегі шеміршегі бар кешенді буын (art.complexa). Егер буынішіндегі шеміршек диск пішінді болса (мысалы, шықшыт буынында), камераға толық бөлінеді немесе егер шеміршек жартылай тәрізді мениск пішінді болса (мысалы, тізе буынында), камераға толық бөлінбейді.
  4. Бірлесе қызмет атқаратын, бірақ бір – бірінен бөлек орналасқан буын – үйлесімді буын деп аталады. Мәселен, екі шықшыт буындары, проксималды және дисталды кәрі – шынтақ жілік буындары және т.б. осындай буындарға жатады. Үйлесімді буын екі немесе одан да көп анатомиялық жеке буындасудың жиыны болғандықтан, олар күрделі және кешенді буындардан өзгешеленеді, олардың әрқайсысы анатомиялық жағынан біріңғай болып, қызметі жағынан әртүрлі қосылыстардан түзіледі.

Буындардың анатомиялық – физиологиялық жіктелуі:

Бір білікті буындар. 1) Цилиндртәрізді буын, art.trochoidae. Осы вертикалды, буындасқан сүйектердің ұзын білігіне параллель білікті айнала қозғалуды – айналуды, rotatio – қамтамасыз етеді, мұндай буын айналғыш буын деп аталады.

2) Шығыршықтәрізді буын, ginglymus (мысалы, саусақтардың буынаралық буындасуы). Мұның шығыршық тәрізді буындық беті – көлденең жатқан цилиндр, оның ұзын білігі көлденең, фронталды жазықтықта, буындасатын сүйектердің ұзын білігіне перпендикуляр жатады; сондықтан шығыршықтәрізді буында қозғалыс осы фронталды білікті айнала жасалады (бүгілу және жазылу). Буындасқан беттердегі бағыттаушы жүлгелер мен бүйірге қарай ығысуды болдырмай, бір білікті айнала қозғалуға көмектеседі.

Екі білікті буындар: 1. Эллипстәрізді буын, articulatio ellipsoidae (мысалы, кәрі жілік – білезік буыны). Буындасқан беттер эллипстің кесінділері тәрізді: олардың бірі дөңес, екі бағыттағы қисықтығы бірдей емес сопақ пішінді, екіншісі соған сәйкес ойыс.олар біріне бірі перпендикулярлы екі горизонталды білікті айнала қозғалуды қамтамасыз етеді: фронталды білікті айнала – бүгу және жазу, сагиталды білікті айнала – әкету және әкелу. Эллипстәрізді буындарда байламдар айналу біліктеріне перпендикуляр, олардың шеттерінде орналасады.

2.Айдаршықты буын, articulatio bicondylaris (мысалы, тізе буыны). Дөңгелек өсінді түріндегі дөңес буын басы бар, пішіні эллипске жақындайды, ол айдаршық, condylus, деп аталады. Айдаршыққа басқа сүйектің буындасқан бетіндегі ойыс сәйкес келеді, олардың көлемі әр түрлі болуы мүмкін.

  1. Ертоқымтәрізді буын, art.sellaris (мысалы, бас бармақтың білезік – алақан сүйек буыны). Бұл буын бірінің үстіне бірі «отырған» екі ертоқымтәрізді буындасқан беттерден құралған, олардың біреуі екіншісінің ұзына бойымен және көлденең қозғалады. Осының арқасында ондағы қозғалыстар өзара перпендикулярлы екі біліктің: фронталды (бүгу және жазу) және сагиталды (әкету, келтіру) біліктердің айналасында жасалады.

Көп білікті буындар. 1. Шартәрізді буын, art.spheroidae (мысалы, иық буыны). Буындық беттердің бірі дөңес, шар тәрізді пішінді буын басы, ал басқасы тиісінше ойыс буын тілігін түзеді. Теориялық тұрғыдан қозғалыс шар радиустарына сәйкес келетін көптеген біліктер айналасында жасалуы мүмкін, бірақ іс жүзінде олардың ішінен әдетте бір – біріне перпендикулярлы және буын басының ортасында қиылысатын үш негізгі білікті ажыратады: 1) көлденең (фронталды) білік. 2) алдыңғы артқы (сагитталды) білік. 3) вертикалді білік.

2.Жалпақ (жазық) буындардың, art.plana буындық беттері негізінен жалпақ келеді. Оларды радиусы өте үлкен шардың беті деп қарастыруға болады, сондықтан оларда қозғалыс барлық үш біліктің айналасында жасалады, бірақ буындық беттері аудандарының айырмасы өте аз болғандықтан, қозғалыстар көлемі шамалы болады. Көп білікті буындарда байламдар буынның барлық жағынан орналасады.

Қатаң буындар – амфиартоздар. Осы атпен буындық беттері буындасу пішіндері әр түрлі, бірақ басқа белгілері бойынша ұқсас буындар тобы бөліп көрсетіледі; олардың қысқа, қатты тартылған буын қапшығы және өте мықты, созылмайтын қосалқы аппараты, атап айтқанда қысқа мықтайшы байламдар бар.

Осының нәтижесінде буындық беттері бір – бірінен тығыз жанасып түйіседі де, мұның өзі қозғалысты қатты шектейді. Осындай қозғалмалы буындасуды қатаң буындар – амфиартроздар деп аталады. Қатаң буындар сүйектер  арасындағы соққылар мен шайқалыстарды жұмсартады.

Мұндай буындарға жалпақ буындарды да жатқызуға болады, олардың беттер көлемі бірдей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Буындардағы қозғалыстарға шолу

Қозғалыс жасалатын буындар мен қаңқа бөліктері Қозғалыс түрлері Қозғалыс туғызатын бұлшықеттер
1 2 3
КЕУДЕ омыртқа бағанасы

Articulationes intervertebrales

Омыртқа бағанасының бүгілуі (екі жақты жиырылғанда) mm.longus colli, longus capitis, scaleni, rectus abdominis, oblique abdominis, iliopsoas, quadrates lumborum
Омыртқа бағанасының жазылуы (екі жақты жиырылғанда) mm.trapezius, splenius capitis et cervicis, sternocleidomastoideus, erector spinae, transversospinalis
Жанына қарай иілу (бір жақты жиырылғанда) mm.trapezius, erector spinae, splenius capitis et cervicis, levator scapulae, transversospinalis, quadrates lumborum, sternocleidomastoideus, longus colli, longus capitis, mm.scaleni, obloquus internus abdominis, obloquus externus abdominis (соңғысы қарама – қарсы жаққа)
Айналу (бұралу) (бір жақты жиырылғанда) mm. transversospinalis, obloquus externus abdominis, obloquus internus abdominis (соңғысы қарама – қарсы жаққа), mm.scaleni, splenius cervicis
КЕУДЕ ТОРЫ

Articulationes costovertebrales (articulatio capitis costae et articulatio costotransversaria) және articulations sternocostales

Дем алу diaphragma, mm.intercostales externi, levatores costarum;

При форсированном вдохе; mm.pectorales major et minor, serratus anterior, scaleni, serratus posterior superior

 

Дем шығару mm.intercostales interni, subcostales, transverses thoracis, serratus posterior inferior, rectus abdominis, obliqui externus et internus abdominis, transverses abdominis, quadratus lumborum
БАС

Articulationes atlantooccipitales

Бастың алға қарай иілуі (екі жақты жиырылғанда) mm.longus capitis, rectus capitis anterior, rectus capitis lateralis, sternocleidomastoideus
Бастың артқа қарай иілуі (екі жақты жиырылғанда) mm.recti capitis posterior major et minor, obloquus capitis superior, trapezius, sternocleidomastoideus, splenius capitis, longissimus capitis, semispinalis capitis
Бастың жанына қарай иілуі Сәйкес жақтардың бүккіштері мен жазғыштары
Articulationes atlantooccipitales mediana et lateralis Бастың бұрылуы (бір жақты жиырылғанда) mm.splenius capitis, longissimus capitis, obliquus capitis inferior, sternocleidomastoideus (соңғысы қарама – қарсы жаққа)
ТӨМЕНГІ  ЖАҚСҮЙЕК

Articulationes temporomandibulares

Төменгі жақсүйектің төмен түсуі (екі жақты жиырылғанда) mm.digastricus (venter anterior), geniohyoideus et mylohyoideus
Төменгі жақсүйектің жоғары көтерілуі mm.temporalis, masseter, pterygoideus medialis
Төменгі жақсүйектің алға қозғалуы mm.pterygoidei lateralis
Артқа қозғалуы m.temporalisтің артқы будалары
Жанына қозғалуы mm.pterygoidei lateralis (қарама – қарсы жаққа)
ҚОЛ ИЫҚ БЕЛДЕУІ

Articulationes sternoclavicularis et acromioclavicularis

Жауырын мен бұғананың көтерілуі mm.trapezius (жоғарғы будалары), levator scapulae
Жауырын мен бұғананың төмен түсуі mm.trapezius (төменгі будалары), serratus anterior, pectoralis minor, subclavius
Иық белдеуінің алға қозғалуы mm.serratus anterior, pectoralis major, pectoralis minor
Иық белдеуінің артқа және медиальды жаққа қозғалуы (омыртқаға қарай) mm.trapezius (ортаңғы будалары) latissimus dorsi, rhomboidei major et minor
Жауырынның сагиттальды білік бойынша айналуы:

а) төменгі бұрышымен латеральды айналу

mm.serratus anterior, trapezius (жоғарғы будалары)
б) төменгі бұрышымен медиальды айналу (омыртқаға қарай) mm.rhomboidei major et minor, pectoralis minor
Articulatio humeri Бүгу mm.biceps brachii, coracobrachialis deltoideus (алдыңғы будалары), pectoralis major
Жазу mm.triceps brachii (caput longum), deltoideus (артқы будалары), latissimus dorsi, teres major, infraspinatus, teres minor
Иықты әкелу mm.pectoralis major, latissimus dorsi, teres major, infraspinatus, subscapularis
Иықты әкету mm.deltoideus, supraspinatus
Ішке қарай айналу mm. subscapularis, pectoralis major, deltoideus (алдыңғы будалары), latissimus dorsi, teres major
Сыртқа қарай айналу mm. deltoideus (артқы будалары), infraspinatus, teres minor
Articulatio cubiti Білектің бүгілуі mm.biceps brachii, brachialis, brachioradialis, pronator teres
Білектің жазылуы mm.triceps brachii, anconeus
Articulations radioulnaris proximalis distalis Ішке қарай айналу mm.pronator teres, pronator quadratus, brachioradialis
Сыртқа қарай айналу (супинация) mm.supinator, biceps brachii, brachioradialis
ҚОЛ ҰШЫ

Articulatio radiocarpea, articulatio mediocarpea

Қол ұшының бүгілуі mm.flexor carpi ulnaris, flexor carpi radialis, flexor digitorum profundus, flexor pollicis longus, palmaris longus
Қол ұшының жазылуы mm.extensores carpi radials longus et brevis, extensor  carpi ulnaris, extensor digitorum, extensores pollicis longus et brevis, extensor indicis, extensor digiti minimi
Әкелу mm.flexor carpi ulnaris, extensor  carpi ulnaris (бір мезгілде жиырылғанда)
Әкету mm. flexor carpi radialis, extensor  carpi radialis longus, extensor  carpi radialis brevis  (бір мезгілде жиырылғанда)
САУСАҚТАР

Бас бармақтың қозғалысы

Articulatio carpometacarpea pollicis

Әкелу m.adductor pollicis
Әкету mm. adductor pollicis longus, adductor pollicis brevis
Қарама – қарсы қою Oppositio: mm.opponens pollicis, flexor pollicis brevis

Repositio: mm.abductor pollicis longus et brevis, extensor pollicis longus, extensor pollicis brevis

Articulatio metacarpophalangea pollicis Бүгу mm. flexor pollicis longus

flexor pollicis brevis, adductor pollicis

Жазу mm. extensor pollicis longus, extensor pollicis brevis
Articulatio interphalangea

pollicis

m. flexor pollicis longus
Жазу mm. extensor pollicis longus
II – V САУСАҚТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Articulationes metacarpophalangeae

Бүгу mm.flexor digitorum superficialis, flexor digitorum profundus, lumbricales, flexor digiti minimi (V саусақ үшін)
Жазу mm.extensor  digitorum, extensor incidis (II саусақ үшін), extensor digiti minimi (V саусақ үшін)
Articulatio interphalangeae manus

 

III саусаққа әкелу m.interossei palmares
III саусақтан әкету mm.interossei dorsales, abductor digiti minimi (V саусақ үшін)
Бүгу mm. flexor digitorum superficialis, flexor digitorum profundus
Жазу mm. extensor  digitorum

extensor  digiti minimi (V саусақ үшін), extensor incidis (II саусақ үшін)

АЯҚ

Articulatio coxae

Бүгу mm.iliopsoas, rectus femoris, Sartorius, pectineus, tensor fasciae latae (алдыңғы будалар)
Жазу mm.gluteus maximus, biceps femoris, semimembranosus, semitendinosus
Әкелу mm.adductor magnus, adductor longus, adductor brevis, pectineus gracilis
Әкету mm.gluteus medius, gluteus minimus, tensor fasciae latae
Ішке қарай айналу mm.gluteus medius, gluteus minimus (алдыңғы будалар)
Сыртқа қарай айналу mm.iliopsoas, sartorius,  gluteus maximus, gluteus medius, gluteus minimus, qadratus femoris, obturatorius externus et internus, piriformis, gemelli
Бүгу mm.biceps femoris, semimembranosus, semitendinosus, sartorius, gracilis, popliteus, gastrocnemius, plantaris
Жазу m.quadriceps femoris
Ішке қарай айналу mm.semimembranosus, semitendinosus, , sartorius, gracilis, popliteus, gastrocnemius (медиальды басы)
Сыртқа қарай айналу mm.biceps femoris,  gastrocnemius (латеральды басы)
Articulatio talocruralis, articulatio talocalcaneonavicularis, articulation subtalaris Бүгу mm.triceps surae, tibialis posterior, flexor digitorum longus, flexor hallucis longus, peroneus longus, peroneus brevis
Жазу mm.tibialis anterior, extensor  digitorum longus, extensor  hallucis longus
Ішке қарай бұрап (пронация) әкету mm. peroneus longus, peroneus brevis
Сыртқа қарай бұрап (супинация) әкету mm. tibialis anterior, tibialis posterior, flexor hallucis longus, flexor digitorum longus
БАҚАЙЛАР

Үлкен бақайдың қозғалысы

Бүгу mm. , flexor hallucis longus, flexor hallucis brevis, adductor hallucis (қиғаш басы)
Articulatio metatarsophalangea hallucis Жазу mm. extensor  hallucis longus, extensor  hallucis brevis
Әкелу m. adductor hallucis
Әкету m.abductor hallucis
Articulatio interphalangea hallucis

 

II – V бақайлардағы қозғалыс

Articulationes metatarsophalangea

Бүгу m. flexor hallucis longus,
Жазу m. extensor  hallucis longus
Бүгу mm. flexor digitorum longus, quadratus plantae, flexor digitorum brevis, interossei, lumbricales, , flexor digiti minimi (V бақай үшін)
Жазу mm. extensor  digitorum longus, extensor  digitorum brevis
III, IV, V бақайларды II бақайға әкелу m.interossei plantares
III, IV бақайларды II бақайдан әкету mm. interossei dorsales, abductor digiti minimi (V бақай үшін)
Articulationes interphalangeae (II – V бақайлар) Бүгу mm.flexor  digitorum longus, flexor  digitorum brevis
Жазу mm. extensor  digitorum longus, extensor  digitorum brevis, lumbricales

Қорытынды

Буынның жұмысын бағыттап, ұстап отыратын бекітуші бөлігі байламдар болып табылады; осыдан келіп оларды бағыттаушы және ұстап тұрушы деп бөледі. Адам денесінде байламдар саны өте көп, сондықтан оларды жақсы зерттеп, есте сақтау үшін, олардың ортақ орналасу заңдылықтарын білу қажет.

Байламдар буындық беттердің қозғалысын берілген буынның белгілі бір айналу білігі айналасында бағыттайды да, сондықтан әрбір буында оның біліктерінің саны мен орналасу жағдайына қарай таралады.

Байламдар: а) берілген айналу білігіне перпендикуляр және ә) негізінен оның шеттері бойынша орналасады.

Олар буынның берілген қозғалыс жазықтығында жатады.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика