Адам анатомиясы

Дифференциалді сынақ сұрақтары 

  1. Анатомия пәні және маңызы. Клиникада және медицина практикасында анатомия пәнінің маңызы. Анатомиялық тексерістердің шаралары және әдістері.
  2. Сүйек құрылысы, жіктелуі. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері, варианттары, патологиясы.
  3. Мойын, кеуде, бел омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.
  4. Сегізкөз сүйегінің анатомиясы.
  5. Жауырын, бұғана, құрылысы,
  6. Төс, қабырғалар, құрылысы. І, ХІ, ХІІ қабырғаларыдың ерекшеліктері. Кеуде торы тұтас, қалыптасуы, оның дем алу актісіне қатысуы.
  7. Қолдың еңбек мүшесі ретіндегі ерекшеліктері. Тоқпан жілік: құрылысы. Білек сүйектері. Қол басы сүйектері.
  8. Жамбас сүйектері. Жамбас тұтас. Жыныстық және жас шамалық ерекшеліктері. Әйел жамбасының размерлері.
  9. Еркін аяқ сүйектері: ортан жілік, құрылысы. Сирақ сүйектері. Аяқ басы сүйектері. Аяқтың тірек мүшесі ретіндегі ерекшеліктері.
  10. Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстыќ және меншіктік ерекшеліктері. Нәрестенің бассүйегі, бассүйектің туғаннан кейінгі өзгерістері.
  11. Бас сүйегі төбесінің сүйектері: маңдай, төбе, шүйде құрылысы.
  12. Жоғарғы жақсүйек, төменгі жақсүйек, құрылысы.
  13. Самай сүйегі, құрылысы. Самай сүйек, өзектері, олардың маңызы.
  14. Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.
  15. Торлы сүйек, құрылысы.Таңдай сүйек. Бетсүйек. Төменгі мұрын қалқаны, желбезек, мұрын сүйектері, көзжас сүйегі. Тіласты сүйек.
  16. Сынатәрізді сүйек, бөлімдері, тесіктері, олардың маңызы.
  17. Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
  18. Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары. Самай шұңқыры. Самайасты шұңқыры.
  19. Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі.
  20. Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы.
  21. Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
  22. Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы.
  23. Бассүйектің ауа өткізетін сүйектері, қатынастары және қойнаулардың қызметі.
  24. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары.
  25. Буындардың құрылысы. Буындардың буын пішініне, қозғалыс біліктеріне, қызметтеріне байланысты жіктелуі.
  26. Буынның негізгі және қосалқы элементтері. Буындардың жас шамалық ерекшеліктері.
  27. Ми сауыты сүйектерінің қосылыстары-жіктердің түрлері. Еңбектер.
  28. Шықшыт буыны, жалғамала құрылысы, қызметі.
  29. Омыртқалардың қосылыстары. Сегізкөздің құйымшақпен қосылысы.
  30. Омыртқа жотасының бассүйекпен қосылысы. Қабырғалардың омыртқа жотасымен қосылысы.
  31. Иық буыны, құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі.
  32. Шынтақ буыны, құрылысы, жалғамалары, қозғалыс көлемі.
  33. Білек сүйектерінің қосылысы және кәрі жілік білезік буыны.
  34. Бірінші саусақтың білезік-алақан буыны.
  35. Жамбас сүйектерінің қосылыстары. Ұршық буыны: құрылысы, қозғалыс көлемі, жалғамалары.
  36. Тізе буыны: құрылысы, қозғалыс көлемі, жалғамалары.
  37. Сирақ сүйектерінің қосылыстары. Сирақ-табан буыны.
  38. Табан сүйектерінің қосылыстары. Лисфранк жєне Шопар буындары.
  39. Аяқ басы тұтас, белсенді және ырықсыз байламдар, күмбез, майтабан.
  40. Бұлшықеттердің жалпы анатомиясы, бұлшықеттердің пішіні, құрылысы бойынша жіктелуі. Бұлшықеттердің көмекші аппараты.
  41. Арқаның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары.
  42. Кеуде торының бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың топографиясы, қызметі.Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері.
  43. Алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттері, қызметі. Тік бұлшықеттің қынаптарының пайда болуы.
  44. Артқы және бүйір құрсақ қабырғаларының бұлшықеттері, қызметі.
  45. Алдыңғы және артқы құрсақ қабырғасының әлсіз жерлері. Іштің ақ сызығы туралы түсінік, кіндік сақинасының түзілуі, Лесгафттың 4-бұрышы, петитов үшбұрышы, олардың практикалық маңызы.
  46. Шап өзегі, қабырғалары, терең және беткей сақиналары, өзектің құрамы. Кіндік қатпарлары және шап шұңқырлары, олардың практикалық маңызы.
  47. Ымдау бұлшықеттері, құрылысы, қызметі.
  48. Шайнау бұлшық еттері, қызметі.
  49. Мойынның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары. Мойынның беткей бұлшықеттері. Мойынның терең бұлшықеттері.
  50. Мойын аймақтары. Мойынның үшбұрыштары, шекаралары, құрамы.
  51. Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы..
  52. Иық белдеуінің бұлшық еттері мен фасциялары, қызметі.
  53. Иықтың бұлшық еттері мен фасциялары, қызметі. Кәріжілік нерв өзегі, шекаралары, құрамы.
  54. Білектің бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың қызметі.
  55. Қол басының бұлшықеттері, олардың қызметі.
  56. Қолтықтық шұңқыр, қабырғалары. Қолтық қуысы, қабырғалары, құрамы, апертуралары. Қолтық қуысының алдыңғы қабырғасының үшбұрыштары. Үшжақты және төртжақты тесіктер.
  57. Шынтақ шұңқыры, шынтақ шұңқырының жүлгелері, құрамы. Білек жүлгелері.
  58. Қол басының сүйекті-фиброзды өзектері және синовиалді қынаптары.
  59. Бөксе аймағының бұлшықеттері. Олардың топографиясы. Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы..
  60. Санның бұлшық еттері, олардың қызметтері. Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы.
  61. Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық маңызы.
  62. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі, шекаралары, қатынасы, құрамы. Тақым шұңқыры, шекаралары, құрамы.
  63. Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі.
  64. Сирақ-тақым өзегі, шекаралары, құрамы. Бұлшықет-кішіжіліншік өзектері (жоғарғы және төменгі), шекаралары, құрамы.
  65. Аяқ басының бұлшықеттері. Аяқ басының синовиалді қынаптары.
  66. Ас қорыту жүйесінің дамуы, құрсақ қуысы ағзаларының ішастарға қатынасы.
  67. Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы, әрбір бөлімнің қызметтері.
  68. Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы.
  69. Тістер : сүт, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы.
  70. Аран туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы, құрылысы, қызметі.
  71. Қатты таңдай және жұмсақ таңдай.
  72. Тіл, құрылысы, қызметі.
  73. Шықшыт, жақсүйекасты, тіласты сілекей бездері, орналасуы, құрылысы, шығару жолдары.
  74. Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
  75. Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
  76. Асқазан: құрылысы, топографиясы, ішастарға қатынасы, қызметі, жалғамалары.
  77. Ұлтабар, дамуы, оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы, ішастарға қатынасы
  78. Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі, бөліктері қабырғаларының құрылысы, қызметі. 12-аш ішек бұрылысы. Оның орны, практикалық маңызы.
  79. Соқыр ішек, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы. Құрт тәрізді өсіндінің топографиясы, орналасу варианттары.
  80. Жиек ішектің бөлімдері және қызметі, ішастарға қатынасы.
  81. Тік ішек: топографиясы, ішастарға қатынасы.
  82. Жіңішке ішектің тоқ ішектен айырмашылығы.
  83. Бауыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы.
  84. Ұйқыбез, топографиясы, құрылысы, қызметі. Бауыр -12 ішек жалғамасының құрамы.
  85. Өтқуық. Бауыр мен өтқуықтың шығару жолдары.
  86. Өттің түзілуі және өттің шығарылу жолдары.
  87. Ұйқыбез, құрылысы, қызметі (шығару жолдары, бездің ішкі секреторлы бөлігі) ішастарға қатынасы.
  88. Іш қуысы, құрсақ қуысы. Ішастар, ішастар қуысы туралы түсінік.
  89. Кіші және үлкен шарбының құрамы, олардың қызметі. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатында ішастар жолының топографиясы.
  90. Шарбылық қапшық , шекаралары, қатынасы.
  91. Құрсақ қуысы ағзаларының құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы топографиясы.
  92. Бауырлық және асқазаналды қапшықтары, оның шекаралары және құрамы.
  93. Ішастар жолында пайда болған. Шажырқайлық салалар, өзектері, құрсақ қуысы қалталары.
  94. Құрсақ қуысының ортаңғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы: шажырқайлардың, шажырқайлық қойнаулардың, өзектердің, қалталардың пайда болуы, олардың практикалық маңызы.
  95. Құрсақ қуысының төменгі қабатындағы ішастар жолының топографиясы. Ұңғыл пайда болуы, олардың практикалық маңызы, кіші жамбас астауы ағзаларының ішастарға қатынасы.
  96. Ерлер мен әйелдердің жамбас қуысы ішастарсінің анатомиясы, жас шамалық ерекшеліктері.
  97. Сыртқы мұрынның құрылысы, мұрын қуысы (иіс сезу жєне демалатын аймақтар).
  98. Мұрынмаңы қойнаулары, олардың қатынасы және маңызы.
  99. Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары.
  • Көмей қуысы. Көмейге кіреберіс, бөлімдері.
  • Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер).
  • Кеңірдек және бронхылар. Өкпеде бронхылардың тарамдалуы.
  • Өкпенің құрылымдық-функционалді бірлігі.
  • Өкпенің құрылысы және қызметі.
  • Өкпенің шекаралары.
  • Оң және сол жақ өкпе түбінің анатомиясы және топографиясы.
  • Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.
  • Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.
  • Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы (скелетотопиясы, синтопиясы, голотопиясы), ішастарға қатынасы.
  • Бүйректің фиксациялық аппараты.
  • Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.
  • Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.
  • Бүйректің қызметтері.
  • Бүйректің форникалдық аппараты.
  • Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері.
  • Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.
  • Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы.
  • Кіндік қатпарлары және шап шұңқырлары, олардың практикалық маңызы.
  • Несепағар, құрылысы, бөлімдері, ішастарға қатынасы. Несепағардың тарылу жерлері, практикалық маңызы.
  • Несеп жібергіш өзек, оның жыныстық ерекшеліктері. Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы, бөлімдері, қызметі.
  • Аталық без құрылысы және қызметі.
  • Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы.
  • Аталық без қабықтары, олардың туындылары.
  • Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі.
  • Шәует қуықшалары, бульбоуретралді бездер, олардың несеп жібергішөзекке қатынасы.
  • Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері.
  • Аталық сыртқы жыныс ағзалары, олардың анатомиясы.
  • Аталық без қосалқысы, құрылысы және қызметі.
  • Қуықасты без, құрылысы, қызметі.
  • Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары.
  • Аналық без, құрылысы, қызметі.
  • Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі.
  • Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы.
  • Шатаралық кіші және үлкен мағынада, құрылысы, бөлінуі.
  • Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
  • Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
  • Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашықтары.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика