УШ. ШЖІ   СӨЛ БЕЗДЕРІ

(железы внутренней секреции, £Іапс1и1ае епсіосгіпае)

Адам денесіндегі бездер екі үлкен топқа – сыртқы және ішкі сөл бездеріне бөлінеді. Сыртқы сөл немесе экзокриндік бездер сөлін дененің қуыс мүшелеріне, сыртқы ортаға шығарады. Бүл бездерге сілекей, асқазан, ішек, тер және т.б. бездер жатады.

Эндокриндік немесе ішкі сөл бездері деп сөлін жасуша арқылы қан мен лимфа тамырларына шығаратын бездерді айтады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары, қалқанша, қалқанша маңы, айырша, үйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері кіреді. Ішкі сөл бездерінің денедегі орналасуы: мида -гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары; мойында жөне кеуде қуысында – қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер; іш қуысында – үйқы және бүйрек үсті бездері; жамбас қуысында -жыныс бездері орналасқан. Сонымен бірге қазіргі замандағы зерттеулер бойынша ас қорыту жолының бойындағы жөне тыныс мүшелеріндегі бездер ішкі секреция бездерінің қүрамына кіреді.

Ішкі секреция бездерінің сөлін «гормон» дейді. Гормон гректің һогтпао – қоздыру деген сөзінен алынған. Гормондар биологиялық белсенді заттар. Олар өте аз мөлшерде пайда болады. Гормондардың биологиялық әсері:

  1. денені сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне икемдейді;
  2. дененің қызметін реттейді;
  3. ішкі ортаның тепе-тендігін сақтайды, мысалы, қандағы
    глюкозаның мөлшері азайғанда бүйрек үсті безі адреналин
    гормонын көптеп шығарып, бауырдағы гликогенді глюкозаға
    айналдырады, оның қандағы мөлшері қалыптасады;
  4. эндокриндік бездер жүйке жүйесімен қатар зорығу (стресс) жағдайында икемделу реакцияларын қамтамасыз етеді;
  5. қорғаныс денелерін жинақтауда маңызы зор, атап айтқанда дененің түрлі бөгде заттардың өсеріне төзімділігін арттырады. Гормондар дененің өсуіне, психиканың дамуына, зат алмасуына, жыныстық жетілуіне, жүректің қызметіне тікелей өсер етеді. Гормондар денедегі зат алмасуы нөтижесінде күрделі өзгеріске үшырайды, олардың бір бөлігі несеп-зөр шығару жүйесі арқылы сыртқы ортаға шығады.

Эндокриндік бездер гормондарын қалыпты жағдайда аз немесе көп шығаруы мүмкін. Бүл жағдайда денсаулықтың ауытқушылығы, ауру пайда болады. Егер эндокриндік без гормонды көп бөлетін болса,онда ол бездің «гиперфункциясы», аз бөліп шығаратын болса «гипофунция» деп аталады.

Эндокриндік бездер қызметі мен орналасуына байланысты орталықтағы жөне шеткерідегі болып бөлінеді. Орталықтағыларға:

гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары кіреді. Шеткерідегілері гипофизге тікелей бағынатын қалқанша, бүйрек үсті және жыныС бездері кіреді.

Эндокриндік бездерінің анатомиялық қүрылысы бір-біріне үқсав Олардың   қүрылысындағы   безді   кілегейдің   маңызы зор. кілегейдің   өзегі   болмайды. Бездер қан тамырларына   өте өрбір безде қан тамырларының торы болады. Оларды «сину деп атайды.

Эндокриндік бездер даму сатысында үрықтың өртүрлі жапырақтарынан пайда болады. Гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті безінің ми қабаты үрықтың эндодерма жапырағынан, қалқанша, қалқанша маңы бездері, айырша безі, үйқы безінің эндокриңдік» бөлігі эктодермадан, ал бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты, жыныс бездері мезодермадан дамыған.

Эндокриндік бездерде   көптеген жүйке үштары бар, негізінен вегетативтік   жүйке  талшықтары   көп   болады.   Ішкі   секреция бездерінің   қимыл   өрекеті   аса қүрделі жүйке – гуморальдық.] жолымен реттеледі. Бездерінің гормондары дестантты тітіркендіргіш ] болып табылады. Бастағы гипоталамус ядролары мен эпифиздің гормондары орталық жүйке жүйесіндегі қозуды гипофизге өткізеді Ал  гипофиз  қажетті  гормонды  бөліп,   импульсты  басқа  ішкі секреция  бездеріне  тарқатады.   Олар  өртүрлі   қашықтықтағы рецепторларға     әсер    етеді,  сөйтіп дененің нейроэндокриндік қызметін, өзара байланыс жүйесін реттейтін бір түтас жүйе пайда болады.

Эпифиз (шишковидное тело, согрш  ріпеаіе) – салмағы 0,2-0,4 г.
Ми сауытында, орталық мида, екі жоғарғы төмпешіктердің үстінде
орналасқан.   Эпифиз  сыртынан   дәнекер  үлпалы   қабықпен
қапталған. Денекер үлпалы қабық бездің ішіне кіріп оны бөліктерге
бөледі. Бөліктің жасушалары пинеалациттер. Оның қүрамында
көптеген нейроглиялар болады. Бездің жасушасы гонадотропин гормонға қарсы гормон жасап шығарады. Бүл гормон гипофиздің   I
жыныс  гормонын  бала   жыныстық  көмілетке  жеткенге дейін
тоқтатып   түрады.   Сонымен   бірге   эпифиздің   гормоны   зат
алмасуының барлық түріне әсер етеді.                   ‘

Эпифиздің гормоны дене мүшелерінің қызметінің төуліктік ырғағын (биоритмді) реттейді.

Гипофиз (һурорһузіз) ми қосалқысы ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең маңыздысы. Оның салмағы 0,5-0,6 г., ені 10-17 ммм үзындығы 5-10 мм., ми сауытының сына сүйегіндегі «түрік ер-тоқымы» деп аталатын имегінің ойығында орналасқан. Сыртынан қапшықпен қапталған, ми сауытының бостағынан мидың қатты қабығы бөліп түрады. Гипофиз үш: алдыңғы, артқы жөне орталық бөліктен түрады.

Гипофиздің алдыңғы бөлігі (аденогипофиз) бездің 70-80% бөлігін алады. Аденогипофиз басқа эндокринді бездерге өсерін тигізетін бірнеше гормондар бөліп шығарады: адренокортикотроп, тиреотроп, гонадотроп, соматотроп. Адренокортикотроп гормоны арқылы гипофиз бүйрек үсті безінің қызметіне, ал тиреотроп гормоны арқылы қалқанша безінің, гонадотроп гормоны арқылы жыныс безінің қызметіне әсер етеді. Соматотроп немесе өсу гормоны дененің өсуіне, ақуыз синтезіне, май мен көмірсу алмасуына әсер етеді. Егер жасөспірімде соматотроп гормоны көп бөлінетін болса, онда гипофизарлық гигантизм ауруы пайда болады. Гипофизарлық гигантизмде баланың бойы 240-250 см дейін өсіп кетеді. Ал сомататроп гормоны жетіспегенде гипофизарлық нанизм ауруы пайда болады. Бүл ауруда баланың бойы өспейді, бірақ ақыл-есі дүрыс болады. Егер соматотроп гормоны ересек адамда жетіспесе, онда зат алмасуы бүзылып адам не семіріп кетеді, не өте азады. Ересек адамның гипофизі қанга соматотроп гормонын көп шығарса, онда акромегалия деп аталатын ауру пайда болады, адамның еркін мүшелері (қолы немесе аяғы, төменгі жағы т.б.) ерекше өсіп кетеді. Гипофиздің адренокортикотроп гормоны (АКТГ) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатына әсер етеді. Тиреотроп гормоны қалқанша безінің қызметін реттейді. Гонадотроп гормоны жыныс бездеріне әсер етіп, жыныстық жетілуін, аналық безіндегі фоликулалардың, жүмыртқа жасушаның жетілуіне, сүт безінде сүттің пайда болуына, еркектерде сперматогенездің жетілуіне әсер етеді.

Гипофиздің артқы бөлігі (нейрогипофиз) нейроглия мен жүйке талшықтарынан түрады. Олар гипоталамус ядроларынан нейрогипофизге таралған жүйке талшықтары. Нейрогипофиз екі түрлі гормон бөледі: 1) вазопрессин; 2) окситоцин. Вазопрессиннің екі түрлі әсері бар: 1) қан тамырларын тарылтады; 2) бүйректің түтікшелерінде судың денеге қайта сорылуын реттейді. Вазопрессин гормоны көп болса зәрдің тәуліктік мөлшері кемиді, сондықтан оны «диурезге қарсы гормон» деп атайды. Гормонның көбеюінен артерия қан тамырларының қабырғасындағы біріңғай салалы бүлшық еттер жиырылады, оның нәтижесінде қанның қысымы көтеріледі. Окситоцин гормоны жатырдың бүлшық етінің жиырылуына, сүт безіндегі сүттің пайда болуына өсер етеді. Нейрогипофиздің гипофункциясында қантсыз диабет пайда болады.

Гипофиздің аралық бөлігі меланотропин гормонын бөліп шығарады. Бүл гормон денедегі пигмент алмасуын реттейді. Әйелдің екіқабат кезінде меланотроп гормонының қандағы мөлшері көбейгенде, оның бетінің терісінде дақтар пайда болады.

Қалқанша без (щитовидная железа, §1апсіи1а тугоісіеа) ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі (46-сурет). Оның

 

46-сурет. Қалқанша без.

1.Оң болігі.

Сол болігі.

  1. Пирамида болігі.
  2. Болікшелер.
  3. Кеңірдек.
  4. Тіл асты сүйегі.
  5. Тіл асты-қалқапша байламы.

салмағы ересек адамда 30-50 г.,

оң жөне сол бөліктерден, оларды қосатын моиыннан түрады. Қалқанша безі мойынның алдыңғы бөлігіңде, көмекейдің қалқанша шеміршегі мен кеңірдектің 2-4 сақинасының алдында орналасқан. Қалқанша безінің сыртындағы қабық оның ішіне кіріп, бөліктерге боледі. Боліктер копіршектерге толы, олардың қабырғасында бір қабатты кілегей тириоциттер болады. Көпіршектердің ішін қоймалжың тиреоциттердің гормоны толтырып түрады. Қалқанша безінің гиперфункциясында тиреотоксикоз немесе «Базедов ауруы» пайда болады. «Базедов ауруында» негізгі зат алмасу күшейеді, адам тамақты көп жеумен бірге өте азады, көзі шарасынан шығып үлкейеді, тез ашуланып, тез жылайды, жүрегінің қызметі бүзылады, жүрегі тез соғып, тахикардия пайда болады. Қалқанша безінің гипофункциясында – микседема ауруы дамиды. Микседемамен ауырғанда негізгі зат алмасу төмендейді, ісік пайда болып, адамның дене қызуы төмендейді. Адамның есте сақтау қабілеті әлсірейді, қан қысымы кемиді, шашы түседі, даусы өзгереді. Қалқанша безінің гипофункциясы 3-4 жастағы балада кездесетін болса, онда меңіреулік (кретинизм) пайда болады. Меңіреулікте баланың дене қүрылысы мен ақыл ойының дамуы артта қалады. Өсе келе баланың қол-аяғы тартылып, үстамалы ауруға айналады. Қалқанша маңы бездері (паращитовидные железы, §1апсіи1ае рагатугоісіеае) екі немесе үш жүп болып қалқанша безінің артқы бетінде орналасқан. Оның жалпы салмағы 0,1-0,15 г. Қалқанша безінің гормоны – паратгормон – денедегі қальций және фосфор түздарының алмасуын реттейді, олардың қандағы, сүйек үлпасындағы түрақты мөлшерін сақтайды. Олардың артық мөлшерінің денеден шығуын қамтамасыз етеді. Қалқанша маңы безінің гипофункциясында кальций сүйектен шығады, оның зәрдегі мөлшері артады, сондықтаң бүйректе, қан тамырларда және басқа мүшелерде тастың жиналуына себепші болады. Бүл жағдайда сүйек сынғыш келеді, жүйке-бүлшық еттердің қозғыштығы кемиді, қандағы кальцийдің мөлшері азаяды, тырысу (тетания) пайда болады.

Айырша без (вилочковая железа, Іһутия). Көкірек қуысының жоғары бөлігінде, төс сабының артында. Бездің салмағы мен көлемі жасқа байланысты өзгереді. 25 жасқа келгенде бездің үлпасының көлемі кішірейіп, оның орнын май үлпасы басады. Айырша безі дәнекер үлпалы қабықпен қапталған, одан бездің ішіне тармақтар тарап, безді бөліктерге бөледі. Әрбір бөліктің милы және қыртысты қабаты бар. Ал, әрбір бөлік Т-лимфоциттер мен тор іспетті өсінділері бар безді кілегей үлпасынан түрады. Бездің қыртысты қабатында лимфобласттар болады.Олардың бөлінуінен жетілмеген – лимфоциттер пайда болады. Т-лимфоциттер безден қанға өтеді, одан көкбауырға барып, жетіліп қайтадан безге келеді. Айырша без иммунитеттің орталығы және қан жасап шығарушы мүше. Айырша безге сүйек майынан лимфобласттар келеді, безде   олар актив Т-лимфоциттерге айналады.

Айырша бездің гормоны тимозин қан жасап шығаруға, көмірсу алмасуына, кальций, фосфор түздарының алмасуына, дененің өсуіне әсерін тигізеді.

Үйқы безінің ішкі секреция бөлігі (эндокринная часть поджелудочной железы, раг$ епсіосгіпаі сііапсіиіае рапсгеаз). Үйқы безі — іш қуысында. Үйқы безінің ішкі секрециялық бәлігі бездің паренхимасында, көбі үшындағы Лангерганс аралшықтарындағы а жөне Ь жасушаларында орналасқан.

а жасушалары глюкагонды, ал Ь жасушалары инсулинді синтездейді. Екі жасуша көмірсу алмасуына өсер етеді. Егер Ь жасушалар инсулинді жетерлі мөлшерде бөлмесе, онда гликоген і люкозаға айналып, қандағы глюкозаның мөлшері көбейеді. Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,44 ммоль/л – 6,60 ммоль/л, немесе 80-120г%. Егер инсулин көп бөлінетін болса, онда қандағы глюкоза бауырда, бүлшық еттерде гликоген қоры болып жиналады. Глюкозаның қандағы мөлшері 4,44 ммоль/л тәмен болса гипогликемия, ал 6,66 ммоль/л жоғары болса «гипергликемия» деп аталады. Инсулин қажетті мөлшерде бөлінбегенде, қандағы глюкозаның мөлшері көбейіп, қантты диабет ауруы пайда болады.

Бүйрек үсті бездері (надпочечники, §1.$иргагепа1і$) жүп мүше. Олар бүйрек үстіндегі май үлпасының арасында. (47-сурет). Әр бездің салмағы 10 грамдай болады.

 Бүйрек үсті безі.

1Бүйрек үсті безі.

2.  Бүйрек.

2 3. Бүйрек үсті артериясы.

4. Несеп ағар.

5. Бүйрек венасы.

6. Төменгі қуыс вена.

7. Іш қалқасы.

Бүйрек үсті безі екі қабаттан түрады. Сыртқы қабаты сары түстес – қыртысты, ішкі бозғылт қабаты – милы қабат. Бездің сыртқы қабаты мезодермадан дамыған, кілегейлі жасушалардан түрады. Олардың арасында борпылдақ дәнекер үлпалы жүйкелер мен қан тамырына бай қабық бар. Кілегей жасушуларының бездің қүрылысына, орналасуына байланысты бездің қыртысты қабаты үшке бөлінеді:

  1. сыртқы, шатысты;
  2. ортадағы, шумақты;
  3. ішкі, торлы.

Шатысты бөлігінде үлкендігі өртүрлі кілегей жасушалары шатасып жатады. Бүл бөлімнің жасушалары минералокортикоидтар немесе альдостерон гормонын шығарады. Бүл гормон денедегі минерал түздар мен су алмасуына өсерін тигізеді.

Минералокортикоидтар Ыа+ және К+ түздарының алмасуына әсер етеді. Альдостеронның өсерімен бүйректің түтікшелерінде Ыа+ түздарының қанға сорылуы күшейеді, ал К+ түздарыньщ қайта сорылуы кемиді. Егер альдостерон көп болса онда денеде Ыа+ түздарының мөлшері артып, қанның осматик қысымы көтеріледі. Ішкі ортаның осматик қысымы көтерілуінен денеге су жиналады, артерия қан тамырының қысымы көтеріледі. Егер минералокортиоидтар аз мөлшерде бөлінсе, онда №+ түзы көп мөлшерде зәрмен шығады, К+ түзының қандағы мөлшері азаяды; денеге К+ түзы жиналады. Ыа+ түзының мөлшерінің азаюынан

дене сусызданады, ішкі ортаның осматик қысымы төмендейді, қан тамырларының серпімділік күші әлсіреп, гипотония пайда болады. Минералокортикоидтардың бөлінуіне денедегі Ыа+ , К+ түздары және үлпадағы, қанның плазмасындағы сүйықтық қүрамы әсер етеді. Бүйрек үсті безінің ортадағы қабатының шумақты гормоны – Глюкокортикоидтар ақуыз, көмірсу, майлар алмасуына әсер етеді. Кортикоидтар – кортикостерон, кортизол, гидрокортизол, кортизон гормондарын бөледі. Глюкокортикоидтарының әсерінен ақуыздардан глюкоза пайда болуы күшейеді, гликоген бүлшық еттерде жинақталады, нәтижеде адамның жүмыс қабілеті артады. Глюкокортикоидтардың әсерінен майлар, май қорларынан шығып, энергия алмасуын күшейтеді. Сонымен бірге қанның мөлшері артады. Глюкокортикоидтар үлпаның қайта жаңару, өсу процесіне кедергі келтіреді, оларды қабылдаған адамда жара тез жазылмайды. Глюкокортикоидтар қан тамырларының өткізгіштігін кемітеді, гиалуронидаза ферментін әлсіретіп, қабынған мүшенің тез жазылуына кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге олар антигенмен антидене арасындағы байланысты гежейді. Глюкокортикоидтардың бөлінуін гипофиз және і ипоталамус ядролары реттейді.

Бүйрек үсгі безінің қыртыс қабатының жыныс гормоңдары еркекте – андрогендер, әйелде – эстрогендер, прогестерондар. Жыныс гормондары жыныстық белгілердің дамуына, жетілуіне, сонымен бірге олар ақуыз синтезіне әсер етеді.

Егер бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының жыныс гормондары жетіспейтін болса, онда «Аддисон» ауруы пайда болады. Бүл аурудың белгілері: адам тез шаршайды, тәбеті бүзылады, жүрек айнып, лоқсиды, қүсады. Сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал болады. Аддисон ауруында адамның денесінің терісі аппақ болып өзгереді, түрлі жүқпалы аурулармен тез ауырады.

Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары көп бөлінгенде ауруда «екінші жыныстық» белгілер пайда болады. Мысалы, ейелде мүрт, сақал пайда болып, дауысы өзгереді, «етек кірі» тоқтайды.

Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары адреналин, норадреналин. Адреналин мен норадреналиңді хромаффин жасушасы беледі. Хромаффин жасушасы қолқада, жалпы үйқы артериясының тармақталған жерінде, кіші астаудағы симпатик түйінде жөне басқа симпатик жүйке жүйесінің түйіндеріңде болады. Бүлардың барлығынан адреналинге жақын биологиялық заттар бөлінеді.

Бүйрек үсті безі адреналинді үздіксіз қанға бөліп түрады. Адреналин симпатик жүйке жүйесінің қызметін күінейтіп, кәмірсу алмасуъша әсер етеді. Адреналиннің әсерінен бауырда, бүлшық етте глюкогенолиз күшейеді,   гликогеннен глюкоза пайда   болып, оның     қандағы     мөлшері     артады,   гипергликемия,   глюкозурия (зәрде глюкозаның пайда болуы) дамиды.

Адреналин бронхтардың бірыңғай салалы бүлшық еттеріне өсер етіп, оларды кеңейтеді, жүректің соғуы жылдамдайды, артерия қысымы көтеріледі.

Адреналин жүрек қан тамырлары мен бас мидың кдн тамырларын кеңейтеді.

Норадреналин медиатр қызметін атқарады.Ол жүйкв жасушаларындағы қозуды эффектор немесе жүмысшы мүшеге жеткізеді.

Жыныс бездері (половые железы) аралас бездер адам көмлетке жеткенде гормондар (12-16 жаста) бөле бастайды. Гормондардың бөлінуінен адамның бірінші жөне екінші жыныстық белгілері жетіледі,

Бірінші жыныстық белгілерге адамның жыныстық жасушалары
мен үрық дамушы жыныс бездері, жыныс мүшелері кіреді. |

Екінші жыныстық  белгілерге  еркекте түктер (сақал, мүрт т.б.), \ дауыстың ерекшеліктері, дене қүрылысы, сүт безі мінез бен көңіл) күй, мінезі, даусы және т.б. кіреді. Егер әйелде еркекке тон сыртқьі! қасиет пайда болса оны «маскулинизаңия» деп атайды. Мысалы, дауысы дөрекіленіп, мінезі озгереді.

Егер еркекте әйелге тән  қасиет  пайда  болатын  болса,  оны ! «феминизация» деп атайды.

Ерлердің  жыныс  гормондары  андрогендерге тестостерон  мен андостерон  кіреді.  Олардың әсерінен  ерлердің  жыныс  белгілері, і жыныстық рефлекстері  пайда  болады.   Жыныс  ерекшеліктеріне і байланысты адамның  мінезі қалыптасады. Андрогендердің өсерінен] еркектің жыныс жасушасы – спермотозоид — дамиды,  жетіледі ] Сонымен бірге олар денедегі зат алмасуына күшті өсер етеді, бүлшық , еттерде ақуыз пайда болады, майдың    мөлшері кеміп, негізгі зат алмасуы күшейеді. Андрогендер орталық жүйке жүйесінің қызметіне де өсерін тигізеді.

Әйелдің жыныс гормондары: эстрогендер. Олар аналық жыныс бездерінің фолликулаларында пайда болады. Фолликулалар үш қабатпен қапталған көпіршіктер. Эстрогендер осы қабықтарда синтезделеді. Аналық жыныс безі жарылып, оның орнында «сары дене» қалады. Осы «сары дене» прогестерон гормонын қанға шығарады.

Эстрогендер жатырдың, оның түтігі мен қынабының жетілуін қамтамасыз етеді. Эстрогендердің әсерімен жатырдың эңдометрий қабаты жетіледі. Оның өсерінен жатырдың бүлшық ет қабаты жиырылады. Гипофиздің окситоцин гормонының әсерін күшейтеді, сүт безі жетіліп, сүт пайда болады.

Прогестерон үрықтың дамуына, эндометрий қабатының өсуіне әсер етеді. Ол үрықтанған аналық жасушаның дамуына қолайлы жағдай жасайды. Екікабат кезде жатырдың бүлшық етін жиырылудан сақтайды.

Жыныс бездерінің қызметі гипофиздің алдыңғы бөлігіне тікелей байланысты болады. Қатты қайғырғанда, қорыққанда жыныс безінің қызметі өзгереді, тіпті әйелде (аменореяға) етек кір тоқтап қалуы мүмкін.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика