Osteologiya бул сүйектер туралы ілім. Организмдің негізгі қаты бөлімін құрайтын сүйектер жиынтығы скелет болып табылады. Скелет (skeletos) грекше кептірілген деген сөзден алынған болып, 200 ден астам  сүйектерден түзілген. Скелеттің салмағы  5-6 кг болып, ер адамда жалпы салмақтың 10 %, әйелдерде 8,5 % құрайды. Скелет атқаратын механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетімен сипатталады.

Қаңқа механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол өзара дәнекер, шеміршек немесе сүек тіндерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқа ; тұлға қаңқасы(омыртқалар, қабырғалар, төс), бас қанқасы( бассүек пен бет сүйек); қол-аяқ сүйектері- иық белдеуі (жауырын, бұғана) және жамбас белдеуі (жамбас астауы) және қол сүйектері(тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік және қол ұшы), аяқ сүйектері (ортан жілік, сирақ сүйектері, аяқ ұшы)

Қанқаның дамуы

Сүйек жүйесі негізінен механикалық, көбінесе биологиялық маңызы бар бір қатар қызмет атқарады. Алғаш пайда болғанда қатты қанқа организімді зиянды сыртқы әсерлерден қорғау қызметін атқарады. Ішкі қанқанын дамуымен омыртқаларда ол алғаш жұмсақ тіндер үшін тірек және арқауға айналады.

Қанқаның дамуы. Сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тінді жасушалар – остеобластар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін атқаратын жасушааралы сүйек заты жасап шығарады. Қанқа дамуының үш сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек тіндер негізінде дамиды. Сүйектенудің яғни остеогенездің мынадай түрлерін ажыратады;

  1. Эндосамалды сүйектену- (en-ішкі,desme- байланыстырғыш) алғашқы, жабынды сүйектердің дәнекер тінднрінде жүреді. Болашақ сүйектің пішіні бар ұрықтың дәнекер тінінің белгілі бір бөлігінде остеобластардың әрекеті нәтижесінде сүйекті заттың аралшықтары (сүйек нүктесі) пайда болады. Бірінші орталықтан сүйектену үрдісі сүйекті заттың шет жақтарына қарай үстемелей өсуі арқылы сәле тәрізденіп жан-жақа таралады. Дәнекер тінінің беткі қабаты периостқа айланады жене жас сүйектің беткі қабатын қаптайды . периос есебінен сүеқ қалындайды.
  2. Перихондралды сүйектену (peri-айнала,chondros- шеміршек). Жүктіліктің 8 аптасында мезенхималық бастамашеміршек тінінен тұратын және сүйектін шеміршекті моделі сияқты «сүекке» айналады. Шеміршекті сыртынан жабатын шеміршек қабағы остеобласттарының әрекеті нәтіжесінде оның бетінде, шеміршек қабығының астында сүйек тіні пайда болып, ол бірте шеміршек тінді ығыстырып, тығыз сүек затын түзеді
  3. Периосталды сүйектену- шеміршек қабығы сүйек қабығына айналып , сүйек тінінің одан әрі қарай өсуі сүйек қабығының есебінен жүреді.
  4. Эндохондралды сүйектену( endo-ішкі,chondros- шемірiшек). Сүйектүзуші тін тамырлармен бірге шеміршек қабытына ене отырып, алдынала ізбестенген шеміршекті бұзып, сұйектің шеміршектің моделінің орталығында сүйектенудің нүктесін түзеді.

Сүйектердің  жастық ерекшеліктері

Жаңа туылған сәбидің скелеті 270 жеке сүйектерден тұрады.  Олардың 172 кеуде және бас бөлімдерінде,98 қол- аяқтарда болады

Жүктілік кезінде  сүйектің өсуі басқа органдарға қарағанда кешірек өсуінің нәтіжесінде , жәңә туылған сабидің сүйегі көп бөлігі шеміршектерден тұрады.

Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.

Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде суйегі жатады.

Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзын дау болады. Адамның IV-V-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп қүйымшақ сүйегіне айналған.Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын лордозы, 6 айдан кейін отыра бастағанда кеуде және сегізкөз кифоздары 1 жасқа жақындап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі түрақсыздау болады: таңертең ұйқы дан тұрғанда нашар, кешке таман күшейе бастайды. 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді. Бұл мезгілде омыртқаның денесі сүйектен, ал эпифиздері шеміршектен тұрады. Омыртқааралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, қүйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе түскенімен, әлі де болса түрақсыз болғандықтан, баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып тұрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі. Отырғанда салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен қүйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары үзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бүзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы (бір жақ бүйіріне қарай қисаю), лордозы, кифозы т. б. өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 м/сек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.

Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай калыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзын дығы бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады. І-ші қүйымшақ омыртқасы тек қана жартылай шеміршекпен жалғасқан, сондықтан арасында аздаған кеңістік болады да, басқа омыртқалардың жалғасуынан ерекшелеу жарты ай тәрізді болады. Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды.

Көкірек қуысының сүйектері. Түлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қ а б ы р ғ а және төс сүйектері жатады.

Қабырға. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрыш ында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.

Төс сүйегі — жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Т ө с сүйегінің денесі, түтқасы, семсершесі болады. Төс түтқасының жоғарғы жағында м о й ы н д ы р ы қ, екі жағында б ү ғ а н а, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.

Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.

Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын қүрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін. 1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектерің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуғамүмкіншілік алады. Ауыр жұмыстың әсерінен дене шынықтыруға байланысты кокірек қуысының көлемі кішірейеді.

Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне ұзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.

 Қол скелеті

Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.

Жүктіліктің 3 аптасында мезенхима жасушаларында, балық сүзгіштері тәрізді қол бұршіктері пайда болады. Бұл бұршіктердін сыртқы қабаты ектодермамен қапталған болады. Жүктіліктің 7 аптасында саусақ бұршіктері пайда болады олар өз ара қосылған болып 8 аптасында 5 жеке саусақтарға ажыралады. Жаңа туылған сәбидің қолы кеудеден қысқа аяқтан ұзындау келеді.

Ж а у ы р ы н — жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы жәңе төменгі бұрыш тарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.

Бұғана бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ үшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады. Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен қүралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да, ұзын болып өседі.

Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.

Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.

Ш ы н т а қ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бой жеткендерде сәл ерте қатады.

Б і л е з і к сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. Ең алдымен Ш-ші, ең соңында І-ші және V-ші сүйектері қатады.

С а у с а қ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.

Аяқ сүйектері

Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен қүралған. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі. Ортан жіліктің екінші шеті асықты жілікпен оның ш ы б ы ғ ы н а жалғасады. Ал олар толарсақ, бақай сүйектері және бақайшықтан құралған  табан сүйектерінен тұрады. Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер. Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек.. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни үзарады. Асықты жіліктің шеміршектері бала неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.

Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен қүралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.

Бақайшақтар бес ұсақ жұмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда — 17, жігіттерде — 20 жасқа дейін өседі.

Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен қүралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері осе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады. Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.

Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жұту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртка сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл түрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамындағы кальций, фосфор тұздары ның алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, сондықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.

Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын локомоция деп атайды. 1 жаста жалған локомоция немесе локомоторлы архаизм (тарихи даму жолын қайталау) деп аталатын еңбектеу қабілетіне байланысты дамыған шын локомоция пайда болады. Қозғалыстың даму тірек-қимыл жүйесі мен жүйке жүйесінің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау т.б күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы және 1-2-ші сынып оқушыларының қозғалысын дұрыс үйлестіру механизмдері еркін жетіле қоймайды

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті өсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Сүйектің қартаюы

Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты. Бейорганикалық және органикалық заттардың тірі сүйекте аралас болуы оған аса беріктікпен серпімділік қасиет береді. Бұған сұйектің жасқа байланысты өзгеруі де дәлел болады. Жас балалардың сүйегінде оссеин кобірек болғандықтан, олар өте иілгіш және көп сына бермейді. Керісінше қартайғанда, сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың арақатнасы өзгеріп, бейорганикалық заттар көбейгенде, сүйектің майысқақтығы кеміп, олар морт сынғыш келеді, соның нәтижесінде қарт кісілерді сүйектін сынуы жиі кездеседі.

Қартайғанда сүйек жүйесі едәір өзгеріске ұшырайды. Сүйек табақшаларының саны азайып, сүйектің босауы(остеопороз) байқалады және сүйек өсіндісі түрінде сүйектің артық пайда болуы, бұын шеміршегінде, байламдар және сіңірлерінің сүйекке бекитін жерінде ізбестену жүреді

Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады. 

Сүйектердің жыныстық ерекшеліктері

Ересек  адамдар денесінің орташа ұзындығы ерлерде 165 см, әйелдерде 154 см. Дененің бойлап өсуі 18-19 жаста, әйелдерде 16-17 жаста тоқтайды. Әйелдердің кеудесі еркектерден қысқалау және тарлау, соның салдарынан және жамбасы кеңдеу аяқ-қолдары бір шама қысқалау, ал тұлғасы ұзындау. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзын дау болады.

 

Баланың сүйектерінің ерекшелігі. Жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ , оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бүзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың үйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика