Мастит– сүт бездерінің ұлпараларындағы қабыну процессі.  Мастит сүт бездеріндегі бактериялық инфекциялардан пайда болады.

Симптомдары

  • Кеуденің қатты керіп ауруы
  • Бездердің қызаруы, нығыздалуы
  • Дене қызуының көтерілуі
  • Дене түршігуі

Диагностика

Маммолог дәрігердің кеңесі

Сүт бездерін узд арқылы тексеру

Асқынуы

Аурудың асқынуы іріңдеуге, абцесске, флегмондарға, сүт бездерінің некрозына, сепсиске, тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін. Сүтке бактерия түскен жағдайда емізуді тоқтату керек. Кей жағдайларда сүт бездері деформациялануы мүмкін, ондайда мастопатия мен кеуді ісігінің пайда болу қауіп артады.

Өте жиі маститті туғызатын ағзадағы стафилококк инфециясы. Бірақ әйел ағзасындағы бактериялы флора (тыныс алу жолдарының инфекциясы, ауыс қуысының инфекциясы, зәр шығару жолдарының инфекциялары) болса, онда мастит содан пайда болуы мүмкін.

Кейде сүт бездері ішек таяқшаларының сүт түтікшелеріне немесе қан арқылы сүт бездеріне түсіп кетуінен де болады.

Тағы бір маститті тудырушы жиі себептердің бірі- лактостаздың асқынуы. Сүттің сүт бездерінің қандай да бір жерінде тұрып қалуы бактериялардың дамуына қолайлы орта туғызады. Дамыған инфекциялар қабынуды өршітеді.

Симптомдары

Ауру асқынғанда көкіректегі ауырсыну күшейеді, көкірек ұлғаюды, қолға ұстағанда ыстық тиеді. Емізу мен сауып тастау қиындайды. Сүтте қан мен ірің байқалады.іріңді мастит әдетте сүт бездерінің абцессіне ұласады.

Емдеу:

Сүт бездерінің қабынуының қандай да бір симптомын байқасаңыз, маммолог дәрігерге қаралуға асығыңыз. Бұл ауруды асқындырып алмай емдеу өте маңызды.

Қабынуға қарсы антибиотиктер ішіледі, ал егер қосымша интоксикация(азаның улануы)  симптомдары байқалса дезинтоксикациялық шаралар қолданады.

Іріңді және абцессті мастит хирургиялық жолмен емделеді.

Асқынған маститте бала емізуге болмайды.

Профилактика

Маститтің алдын алу үшін, лактостаз ауруының алдын алу керек. Ол үшін сүттің сүт бездерінде тұрып қалмауын қадағалау керек. Ол үшін баланы емізуді тоқтатпау, жиі емізу, немесе сауып тастап отыру қажет.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика