ГЕМОРРОЙ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Геморрой профилактикасы

Диетаға көңіл бөліңіз

Адамның қалыпты, негізгі компоненттермен теңестірілген рационында жеткілікті мөлшерде сұйықтық (1,5-2 литр) және өсімдік жасушалары (көкөністер, жемістер, т.б.) болуы шарт. Сонымен бірге өзіңіздің диета ұстап жүргеніңізді ұмытпай, шектен тыс ұн және сүт тағамдары болмауын қадағалаңыз. Бұл нәжістің ішектен  оңай шығарылуына әсер етеді. Осы айтылғандарды жасаудың нәтижесінде тік ішекке түстін механикалық күш азаяды. Барынша спиртті ішімдіктерден, шектен тыс ащы тағамдардан аулақ болыңыз. Ол тағамдарды қолданыстан алып тастау геморройдың біртіндеп жоғалуына септігін тигізеді.

Уақыт-уақытымен өзіңіздің азық-түлік рационыңызға ішектің микрофлорасын сақтайтын, сонымен бірге оның қимыл белсенділігін арттыратын тамақтарды қосыңыз. Толыққанды сауығуға жету үшіг магний, күкірт, тағы басқа да микроэлементтерге бай минералды ішу көмектеседі.

геморрой

Нәжіс гигиенасына мұқият болыңыз

Үлкен дәрет уақытында кез келген артық күштен – яғни, қатты күшенуден және себепсізден ұзақ отырудан сақ болыңыз. Әжетханаға баруды кейінге қалдырмаңыз. Диета ұстап, жейтін тамағыңызды реттесеңіз және әжетханада отырып алып газет оқуды доғарсаңыз екі мәселеге де кезікпейсіз.

Мүмкіндігі барынша үлкен дәреттен кейін артқы өтіс аймағына «құрғақ» емес, ылғалды тазалау жүргізіңіз. Қоңыр салқын сумен сүрту ең оңтайлы шешім болар еді. Егер, ол мүмкін болмаса ылғалды салфетканы қолдану да болар еді. Құрғақ қағазды қолдану (әсіресе, гигиеналық мақсатқа арналмаған) кері әсерін тигізеді.

Қозғалыс белсенділігін реттеңіз

Егер, жұмысыңыз күн ұзаққа бір жерде отырып істейтін жағдайда , әр сағат сайын 5-10 минут уақытыңызды жаттығуға арнаңыз.Ең болмағанда жүрып бара жатып жеңіл физикалық жаттығуларды жасаңыз.

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз!

Кез келген көңіліңізге күдік ұялататын жағдайда дәрігерге барыңыз!

 

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика