Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі.
Бұл аурумен ауыратындарың негізгі бөлігі майлы тамақ, алкогольді көп пайдаланушылар, тамақты көп жеушілер. Арнайы өршітетін факторлардың әсерінен ұйқы безінде протелиттік ферменттер белсенді бөлінеді. Салдарынан қабыну процессі пайда болады.
Себептері:
- Өт жолдарының аурулары
- Он екі елі ішек; ұлтабар аурулары
- Тамырлардың склерозы, қант диабеті, гипертония, жүктілік
- Алкогольдан, тағамнан, химиялық улану
- Кейбір дәрі-дәрмектердің кері әсері
- Артық тамақтану, тойып жеу
- Ұйқы бездерінің жарақаты, іштің жарақаты
- Инфекциялық аурулар
- Ағзадағы аллергизация
- Генетикалық бейімділік
- Алкоголь тұтыну
Ұйқы безі – ағзаның кішкентай мүшесі, алайда ол ағзадағы маңызды функцияларды атқарады. Соның бірі – ас қорытатын ферменттердің бөлуі мен инсулиннің бөлуі. Инсулиннің бөлінуі бұзылған жағдайда қант диабеті ауруы пайда болады. Өткір панкреатиттің сиптомдары қатты уланудың симптомдарына ұқсайды. Қабыну кезінде ұйқы безі бөлетін ферменттер ұйқы безінде немесе түтікшелерінде тұрып қалады, бұл безді зақымдайды, қанға түскен жағдайда жалпы улану (интоксикация) симптомын туғызады.
- Ауырсыну. Панкреатиттегі ең айқын симптом. Науқас ауырсынуды бұрап немесе сыздап ауырту сияқты сипаттайды. Уақытылы медициналық көмек көрсетіліп, ауырсынуды баспаса, науқаста ауырсыну шогы болуы мүмкін. Ауырсыну асқазан ортасында, оң жақтағы қабырға астында болады. Ұйқы безінің зақымғандан орны ауырсынады. Ұйқы безі түгел зақымданған болса, құрсаулап аурады.
- Дене қызыуының көтерілуі мен қан қысымының ауытқуы.
- Бет түсінің өзгеруі. Бастапқыда бет терісінің түсі бозғылт тартады, кейіннен сұр-жасыл түске өзгереді.
- Ықылық, жүрек айну. Сонымен қатар, ауыз кебу, кекіру симптомдары да мазалайды.
- Құсу. Панкреатит кезінде құсқанда науқас өзін жеңіл сезінбейді.
- Іштің өтуі немесе қатуы. Панкреатит кезінде нәжіс көбікті, иісі сасық келеді. Қорытылмаған тамақтардың бөліктері кездеседі. Құсқанда жеген тамақтар шығады, артынан ұлтабардағы өтті құсады. Алайда керісінше де болады, іштің қатуы, кебуі, іш бұлшықетінің қатаюы сияқты симптомдар өткір панкреатиттің бастапқы белгілері саналады.
- Ентігу. Науқасты үздіксіз ентігу, жабысқақ тер мазалайды, тілге сары кілегей қонады.
- Іш терісінің түсінің өзгеруі.
- Терінің, көз ағының сарғаюы.
Емдеу
Өткір панкреатит қауіпті ауру саналады. Сол себепті ауруды стационарда, дәрігерлер бақылауында емдейді.
Панкреатитке күдік туған жағдайда жылдам жедел жәрдерді шақыру тиіс.
Жедел жәрдем келгенше науқастың ішіне мұздай нәрсе қояды, Но-шпа, Папаверин дәрілерін ішіп, ас-ауқас жемей, төсек режимінде жатады.
Стационарда дәрі-дәрмектер алады. Алайда дәрі-дәрмек көмектеспеген жағдайда, немесе деструктивті панкреатитте, сонымен қатар құрсақ қуысының қабынуында хирургиялық ем қолданады.
Профилактика
- Темекі, алкогольден бас тарту.
- Емдік дене шынықтыру, массаж
- Тойып тамақтанбау.
- Кофеден бас тарту
- Қара жасұнықты азық-түліктер, қырыққабат, қызылша, сәбіз сияқты көкөністерді қайнатып не бұқтырып жеу көрсетіледі.