ГЕМОРРОЙДЫ ЕМДЕУ

Геморройды емдеуде оның қай сатыда екеніне байланысты, дәрілік препараттардан бастап ота жасауға дейінгі барлық емдеу шарасы жүргізіледі. Оның методикасы жан-жақты қарастырылған, сондықтан тәуекелге бару жағдайлары аз көрсеткіште.

Консервативті терапия

Консервативті (дәрілік) терапия аурудан толыққанды және түбегейлі құтылуымыз үшін дәрменсіз. Оның негізгі мақсаты – аурудың асқыну жиілігін, ауырлығы мен ұзақтығын төмендету. Созылмалы геморройдың алғашқы сатыларында және жедел геморройды емдеуде консервативті терапия оң нәтиже береді. Өз бетіңізбен емделе көрмеңіз!

Геморройды үй жағдайында консервативті емдеу проктолог маманның аурудың шынында да геморрой екенін анықтап бергенде ғана қолданылады. Себебі, геморрой секілді көрінгенімен, тоқ ішекте одан да ауыр ауру жасырынып жатқан болуы мүмкін.

Консервативті терапия жалпы және жергілікті емдеуден құралады. Жалпы емдеудің негізіне көктамыр тонусын жоғарылатуға әсер ететін, қанайналымды реттейтін, микроциркуляцияны жақсартатын препараттарды қабылдау жатады.

Жергілікті емдеу түйіннің қабынуын, ауыру синдромын, қышуды жоюға бағытталған. Жергілікті емдеуге суппозиторий (свечей), жақпамай, гель түріндегі препараттар қолданылады.

Аяншақ емдеу тәсілдері

Дәрілер ауру симптомдарын жоюға және аурудың дамуын тежеуге ғана көмектеседі. Мәселені геморрой түйініне тікелей әсер ететін әдіспен ғана шешуге болады. Түбегейлі емдеудің батыл тәсілдері аурудың ауырлығына, аппараттардың мүмкіндігіне қарай таңдалады. Жанды қинамай емдеу әдісінде скальпелдің орнын физикалық және химиялық құрал-жабдықтар: сәуле, жылу, склероздаушы препарттар және т.б.алмастырады.Бұл әдістердің бәрінің әдісі біреу: әртүрлі жолмен түйіннен қан кетуін тоқтату.

Инфрақызыл фотокоагуляция — геморрой түйініне жоғары температурамен (қызумен) әсер ету. Коагулятор (жіңішке жарық беруші) геморрой түйініне 3-5 нүкте бойынша ұстайды. Бірнеше секундтың ішінде диаметрі 2-3 миллиметр күйік пайда болады. Бұл әдіс мейлінше ауыру туғызбайтын тәсіл болып саналады. Мұндай емдеуден кейін науқас сол күні немесе келесі күні-ақ жұмысқа кірісіп кете алады.

Склеротерапия әдісі геморрой түйінінің жанынан тік ішектің шырышты қабатына түйіндегі қан ағуын тежейтін препарат ендіріледі. Екпенің (укол) көлемі кішкентай, бар-жоғы 2,5 мг, артқы өтіс арқылы жасалады.

Геморройдың алғашқы сатысында ең көп тараған емдеу тәсілі геморрой түйінін лигирлеу. Бұл жағдайда геморрой түйінінің негізіне латекс сақинасын кигізу арқылы механикалық жолмен емделеді. Мұның да нәтижесі 7-10 күннен кейін байқалады.

Геморройды емдеудің ең көп тараған әдістерінің бірі радиосәулелі скальпельді пайдалану болып табылады. Ол түйінге күшті радиотолқын берілу арқылы іске асады.

Геморройды жазуда лазерлі коагуляцию да қолданылады. Көмірқышқылды немесе неодимді лазерді қолданады. Бұл әдіспен түйінді және жарақатты тыртықтандыруға болады.

Хирургиялық әдістер

Дамыған елдердің басым бөлігінде науқастардың бар-жоғы 17-21%-на ғана әдеттегі геморроидэктомия-хирургиялық операция  жасалады, ал қалғандарына басқа әдістер қолданылады.

Геморрой түйінінен көп қан кеткенде немесе науқастың жағдайының жақсы болуына қарамастан үнемі ішек түсіп кеткен жағдайда жасауға тура келеді. Операция жасаудың теріс жақтарының бірі – ауырсыну сезімі. Тік ішектің басталған тұсы өте сезімтал, сондықтан классикалық операциядан кейінгі тігіс ұзақ уақытқа дейін жағымсыз сезім тудырады.

Геморроидэктомия бір күннің ішінде жасалады.

 

 

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...
Previous article
Next article

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика