Диффузды мастопатия – сүт бездерінің құрылымының өзгеруі мен эпителий және дәнекер тіндерінің бұзылуынан болатын дисгормоналды ауру.
Маммологияда сүт бездерінің диффузды өзгерістерін мастопатияның алғашқы кезеңі деп қарастырады. Бұл тіндердегі толық түзілмеген түйіндер тәрізді дәнекер ұлпаларының әркелкі өсуі. Мұндай өзгерістер бездердің өзегі мен бөліктерінің зақымдануына, майда сарысулы ісіктердің түзілуіне (киста) әкеледі. Кей жағдайларда диффузды түрі нығыз ошақты түйінді мастопатияға немесе түйінді пролифератқа өзгеруі мүмкін. Бұл сүт бездерінің қатерлі ісігінің пайда болуына қауіпті фактор болады.
Себептері:
- Тұқымқуалаушылық
- Әйел өз өміріне көңіл толмаушылық (жыныстық қанағаттанбаушылық, отбасында немесе әлеуметтік жағдайына қанағаттанбау, көп ұрысу, психикалық стресстер және т.б.) жағдайлар нейроэндокриндік жүйенің функциясына кері әсер етеді
- Жүктіліктің болмауы, аборттар, кеш жүктілік, әртүрлі әйел аурулары(аднекситтер, оариттер, аналық бездің дисфункциясы), белсіздікті емдеу және т.б.
- Мастит, кеуде зақымы, емізуден бас тарту немесе қысқа мерзімді лактация (емізу)
- Етеккірдің ерте келуі мен кеш кетуі диффузды мастопатияны тудырады
- Гипотиреоз
- Майбасу
- Қант диабеті
- Артериялық қысым
- Гепатит, холецистит, холангит
- Темекі шегу, алкоголь ішу, ионды радиация, күнге күю, солярии
Аурудың классификациясы
Клиникалық, рентгендік және морфологиялық өзгерістеріне қарай сүт безі тіндерінің диффузды мастопатиясын бірнеше түрге бөледі:
- Аденоз немесе безді бөлшектері басым диффузды мастопатия
- Фиброаденоматоз немесе фиброзды бөлшектері басым диффузды мастопатия
- Кизтозды бөлшектері басым диффузды мастопатия
- Аралас фиброзды-кистозды диффузды мастопатия
- Аденоздың склерозды түрі
Симптомдар:
- Етеккір циклының бұзылуы
- Сүт бездеріндегі ауырсыну (масталгия)
- Сүт бездерінің ісінуі мен ұлпаларының тығыздануы байқалады. Пальпация кезінде құрылымның бұдырлығы байқалады
- Емшекті қысқанда ұштарынан түссіз және уыз тәріздес бөліс ағады. Етеккір келгенде қарқынды бөлінеді.
- Масталгияның күшеюінен әйелдерде канцерофобия пайда болады, ұйқы бұзылады, уайымшылдық пен ашушаңдық байқалады
- Етеккір алды синдромы күшейеді
- Кейде дуффузды мастопатияның салдарынан жатыр фибромы, жатыр кистасы, эндометриоз сияқты аурулар өршиді.
Диагностика
Диффузды мастопатия диагнозын төмендегі медициналық тексерулерлен кейін қояды:
- Маммолог дәрігердің кеңесі
- Ультра дыбысты тексеру
- Маммографикалық зерттеулер
- Лабораториялық талдаулар
- Сүт безін мрт арқылы тексеру
- Биопсия
Емдеу
Науқасқа:
- Витаминді-минералды комплексті ем, адаптогендер
- Гормоналды емес дәрілерден несеп айдайтын, седативті, ферментативті дәрі-дәрмектер көрсетіледі
- Емдік дене шынықтыру
- Психотерапия
- Физиотерапиялық процедуралар
- Гормонды дәрі-дәрмектер
Профилактика
- Дәрігер маммологтың тексеруінен жиі өтіп тұру
- Гинекологиялық және қосымша экстрагениатальды ауруларды уақытында емдеу
- Дұрыс іш киім таңдау (кеудені қыспайтын)
- Лактация кезінде лактостаз, мастопатия сияты ауруларды болдырмау
- Аборт жасатпау (жүктіліктен сақтану шараларын жасау)
- Диффузды мастопатия кезінде маммопластика жасатпау керек, моншаға түспеу, күнге күймеу керектігі көрсетіледі.