Митралды қақпақшаның пролапсы– митралды қақпақшалардың сол жақ жүрекшеге қарай ісіне өтуі.

Митралды қақпақша пролапсы, бұл- систола кезінде жүрекше қуысындағы сол жақ жүрекше мен қарынша қақпақшаларының  бір немесе қос жарнасының ісініне өту сипатына ие болатын қақпақша ақауы.

Себептері:

Митралды қақпақша пролапсы жеке ауруға жатпайды. Бұл клиникалық-анатомиялық синдром саналады. Этиологиясына қарай алғашқы (идиопатиялық, тума) және екінші реттік деп жіктейді.

Идиопатиялық пролапс дәнекер тіндердің тума дисплазиясына және басқа да қақпақшаның аномалиялық ақауларына негізделеді. Дәнекер тінінің дисплазиясының тууына бірнеше факторлар әсер етеді: жүктілік кезіндегі өткір жұқпалы инфекциялық аурулардың іштегі нәрестеге әсері, гестоз, лас экологиялық жағдай және т.б. Көп жағдайда тума пролапс ана қанынан беріледі.

Митралды қақпақша пролапсы кейбір тұқымқуалаушылық синдромдардың құрылымына кіреді. Олар: Эперс-Данлос синлромы, Марфан синдромы, тума қатпабуынды ұзын саусақ (арахнодактилия), эластикалық псевдоксантомдар және т.б.

Екінші реттік қақпақша пролапсы жүректің ишемиялық ауруларының салдарынан, ревматизмнен, жүйелі қызыл жегінен, гипертрофиялық кардиомиопатиядан, миокардиодистрофиядан, вегетативті дистония, эндокриндік патологиялық ауруларынан және кеуде жасушаларының зақымдануынан болады.

Симптомдары:

Балалардағы митралды пролапстың симптомдары:

  • Кіндік және шаптың жарық ауруы (грыжа)
  • Жанбас буындарының дисплазиясы
  • Буынның гипермобильності
  • Сколиоз, майтабан, көкірек қуысының деформациясы
  • Жақыннан көргіштік, қылилық, нефроптоз, варикоцеле
  • Созылмалы тонзиллит, тамақ баспасы, жиі суық тигізу

Жиі кездесетін симптомдар:

  • Нейроциркуляторлық дистония
  • Кардиалгия
  • Тахикардия
  • Жүрек жұмысының бұзылуы
  • Бас айналу
  • Есінен тану
  • Вегетативті криз
  • Тершеңдік
  • Жүрек айну
  • Тамақта бірнәрсе тұрған сияқты сезіну, ауа жетпеу
  • Бас ауруы

Гемодинамикалық өзгерістерде:

  • Ентігу
  • Тез шаршау
  • Астения

Екінші реттік митралды пролапстың симптомдары тудырушы аурудың симптомдары мазалайды.

Асқынуы

  • Өмірге қауіпті аритмия
  • Инфекциялық эндокардит
  • Тромбоэмболиялық синдром
  • Аяқ асты өлім

Диагностика

Диагнозды анықтау үшін төмендегі медициналық тексерулерден өту керек:

  • Фонокардиография
  • Жүректі УДТ арқылы тексеру
  • Рентгенология
  • ЭКГ
  • Тәуліктік мониторинг
  • Велоэргометрия
  • Кардиолог, невролог, ревмотолог дәрігерлерінің кеңесі

Емдеу

Митралды қақпақшаның пролапсын аурудың клиникалық симптомдарына, тудырушы факторларға қарай емдейді.

Дәрі –дәрмектен: вегетативті симптомдарды жоятын, миокард дистрофиясын асқынуын алдын алатын, инфекциялық эндокардит профилактикасы үшін науқасқа арнайы ем қолданады.

Сонымен қатар, седативті дәрілер, кариотрофиктер, бета-адреноблокаторлар, антикоагулянттар көрсетіледі.

Қосымша: күн тәртібін реттеу, ұйқыны қандыру, физикалық күшті реттеу керек. Сонымен қатар, науқасқа аутотренинг, психотерапия, физиотерапия, ине терапиясы, су процедуралары, массаж көрсетілген.

Митралды регургитация гемодинамикасының артуында, жүрек жеткіліксіздігі асқынғанда митралды қақпашаны протездездейді.

Профилактика

Идиопатиялық пролапс тума пайда болады. Іштегі нәрестенің дұрыс өсуін қадағалау, дәрігерледің кеңесін алу, тексерулерден өтіп тұру, жүрек қақпақшаларын зақымдайтын факторлардан аулақ болу көрсетіледі.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика