ПОДАГРАНЫ ЕМДЕУ

2
377

 

Кеселді халық емімен емдеуді бастамастан бұрын диетаны дұрыстап алу керек. Себебі ағзамыздағы несеп қышқылдарының кристалдарының түзілуі біздің тамақтануымызға тікелей байланысты. Анығырақ айтқанда подаграның пайда болуына пуриндердің иәсері болуы мүмкін. Пуриндер жануарлар майында өте көп болады. Алкологьға тым жақын адамдар да бұл кеселге душар болуы мүмкін, ол ағзадағы уартаның кристалдарының шығуына кедергі жасайды.

Подаграны емдеу кезінде жануар майы көп қосылған тамаққа жоламау керек: сардиндер, шпроттар, майлы ет пен балық, түрлі сүрленген нәрселер және консервілер. Емдеушінің рұқсатымен аптасына 200-300 г суға пісірілген ет қана жеуіне болады, сорпасына тіпті жоламаңыз.

Тұздың мөлшерін азайту керек. Подаграны емдеу кезіндегі күндік нормасы бір грамм ғана болғаны жөн! Өсімдік майына, әсіресе зәйтүн майына ауысыңыз, онда да нысап керек: 10-30г тәулігіне болса жетеді.

Халық емімен емделген кезде науқас шоколад, кофе, шай, какао, шпинат сияқты нәрелерді де көп мөлшерде тамақтыққа қолдануына болмайды. Бұларда да көп мөлшерде пуриндер бар. Сондықтан тым болмағанда бұндай тамақтардың мөлшерін азайтып, айран, сүт, шұбатты ішуді көбейту керек. Оларды молынан қолдана берсеңіз тым жақсы болып кетесіз. Жеміс-жидектердің пайдасы да орасан зор. Подагра кезінде нан, макарондар, картофель, жұмыртқа, жидектер жей беруге болады. Өте көп пайдасы бар нәрсе – қызанақ пен цитрустік жемістер – бұларда пуриндер өте аз болады.

Ескертетін бір жай, толық адамдарға ем кезінде төменгі калориядағы диетаны сақтаса да, аштыққа бой алдырмау керек.

Аштық кезінде қандағы несеп қышқылының мөлшері көбейіп кетеді де кеселі асқына түседі.

Бірнеше халық емін қарастырайық.

Балық етінен жасалатын компресс

Бұл әдіс өкше мүйізденіп кеткенде жақсы көмектеседі. Балықты даярлап алып (2 кг) 10 бөлікке бөліп, целофанда, тоңазытқышта ұстаймыз. Ұйықтар алдында бір бөлігін шығарып, еріген соң сүйек томпайған жерге тартып үстінен пакетпен байлап тастау керек. Үстінен жылы шұлық киген дұрыс. Ертесінде, компресті шешіп аяқты жуыңыз. 10 күн өткен соң қақсағаны қоюы керек. Тым болмағанда бәсеңдейді.  Асқынбайды!

Аспирин дәрісінің көмегімен емдеу

Бұл әдіс подоградан сізді үзілді-кесілді емдемесе де – қабынуға қарсы тұрып, жаныңызды тыныштандырады. Бір уыс дәріні талқандап – талқанның мөлшері жарты стақан болсын, оған азыорақ су қосыңыз және бір ас қасық зығыр тұқымын (льняные семена) қосып араластырыңыз. Осылайша жасалған жақпа майды ауырған жеріңізге түн асыра тартып тастаңыз. Үстінен полиэтилен қойып шүберекпен байлап тастаңыз. Әдетте, ертесінде жеңілденіп қалғаныңызды байқайсыз.

Орыс халқының әдісі

Тұздалмаған сары майды (үйде жасалған) және спиртті бірдей мөлшерде аламыз. Сары майды табада көпіршіктенгенше қыздырып ерітеміз де аса сақтықпен үстіне спирт құямыз.  Әрі қарай, аса үлкен сақтықпен спиртті жағамыз да, түгел жанып кеткенше күтеміз. Ендігі жерде түзілген жақпа майды (мазьді) бір ыдысқа жинап алып тоңазтқышқа салып қоямыз.

Ауырған жеріңізге осы жақпамайды сіңдіре жағыңыз. Жылы жерге жақын отырып жасағаныңыз дұрыс (камин, жылытқыш, жылу батареяларының жаны). Ауырғаны тынышталғанша майды сіңіріп жаға беріңіз.

Пияз сорпасы немесе қайнатпасы

2-3 пиязды қабығымен қоса тазалап жуған соң, бір дитр су құйып, отқа қойыңыз (от тым қатты болмасын). Пияз әбден жұмсарғанша қайнатыңыз. Даяр болған сорпаны (қайнатпаны) сүзіп алып күніне бір стаканнан 3 рет тамақ алдында ішуіңіз керек. Емдеу мерзімі 10-15 күн болуы керек.

Бұл әдіс буындағы подагралық қақсауларды жақсы емдейді. Буын қақсай бастағанда-ақ осы әдісті бір-екі қайталаған дұрыс.

Подаграны йодпен емдеу

Йод – подаграны емдеудегі қолданылатын ежелден келе жатқан өте тиімді нәрсе. 10 мл йодты алып оған 5 таблетка аспиринді ерітеміз. Нәтижесінде алынатын сұйықтығымыздың түсі мүлде түссізденіп кетеді, осы сұйықтықпен ауырған бұйымдарды сылап тастаймыз. Үстінен жылы қолғап немесе шұлық киген дұрыс.

Сол сияқты бұл кеселге аяққа жасалатын йод қосылған бұлау да өте пайдалы. 3 литр жылы суға 3 шай қасық ас содасы және 9 тамшы йод. Ықтиятпен үзбей жасалған мұндай бұлау тұздар жиналған буын (сүйек) томпақтарының кішіреюіне, кей жағдайда мүлде жоғалуына себеп болады.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Менде подпгра бар. Ауырғаны жаныма онша батпайды. Бірақ саусағымдағы сүйекті мүлдем құртуға болама. Аяқ киім кие алмай қалдым.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз