Аритмия

Аритмия

Аритмия— бұл жүрек жиілігінің, ритмінің және жиырылуының бұзылуы.

Қалыпты жағдайда жүрек бірдей аралықта жиырылып, минутына 60-тан 80-ге дейінгі жиіклікте соғады. Ағзаның қажеттілігіне қарай жүрек соғысы баяулап немесе жылдамдайды. Жүректің қалыпты соғысынан ауытқуын  аритмия дейді.

Себептері:

  • Алкоголь пайдалану, темекі шегу
  • Энергетикалық сусындар және басқа да құрамында кофеині бар сусындарды ішу
  • Стресс
  • Шамадан тыс физикалық күш, артық күш жұмсау
  • Қалқанша без аурулары
  • Бүйрек безі аурулары
  • Жүрек-қантамыр аурулары
  • Гипертония
  • Қант диабеті
  • Мидың қатерлі ісігі
  • Бассүйек-ми жарақаттары
  • Майбасу
  • Етеккірдің тоқтауы
  • Миокардта және жасушасыз ортадағы кальция, калия және натрия мөлшерінің бұзылуы

Симптомдары:

  • Жүрек соғысының жиілеуі
  • Жүрек соғысының баяулауы
  • Жүректің дүрсілдеуі және кеудедеді шалыс соғу
  • Кеудедегі ауырсыну мен қысым
  • Ентігу
  • Бас айналу
  • Есінен тану немесе есінен танатын сияқты сезіну

Аритмияның түрлері

Брадикардия

Бұл жүректің минутына 55 немесе одан кем болатын соғысы. Брадикардия кезінде жүрек тұсында жайсыздық мазалайды, әлсіздік пайда болады және бас айналады. Аритмияның бұл түрі дені сау адамдарда да ұйқы кезінде пайда болады. Сонымен қатар, брадикардия артериялық гипотензия (қысымның төмендеуі ), жүрек ауруларында және қалқанша без ауруларында симптом ретінде пайда болады.

Синустық тахикардия

Жүрек соғысының минутына 90-нан артық соғуы. Жүректің дүрсілдеуін сезіледі. Аритмияның бұл түрі артық күш жұмсағанда, шаршағанда, дене қызуы көтерілгенде, жүрек ауруларында және басқа да факторлардың салдарынан болады.

Пароксизмалды тахикардия

Пароксизмалды тахикардияда жүрек жиі соғады, алайда бұл дұрыс ритм саналады, Жүрек соғысы минутына 140-240 соғады. Мұндайда адамды әлсіздік, жүректің дүрсілдеуі, тершеңдік мазалайды. Аритмияның бұл түрі кенеттен басталып, кенеттен басылады.

Ырғақсыз аритмия

Ырғасыз аритмияда жүрекшелер толықтай жиырылмайды, ал қарыншалар ырғақсыз минутына 100-150 соғады Жүрекше тыпырында олар тұрақты жиілікпен минутына 250-300 соғыды. Науқасты  кеудедегі тыпыр, жүректің ауырсыну мен ентігу мазалайды. Аритмияның бұл түрі жүрек ауруларында және ақауларында, қалқанша без ауруларында, алкоголизмде пайда болады.

Жүрек ритмінің бұзылуының ең ауыр және қауіпті түрі – қарыншалардың ырғақсыздығы мен тыпыры. Бұл жүректің ауыр ауруларында, электрлі жарақаттарда, кейбір дәрі-дәрмекті дозадан артық пайдалануында болады. Аритмияның бұл түрі шұғыл медициналық көмекті қажет етеді!

Тыныс аритмиясы

Тыныс аритмиясы- бұл жүректің шалыс жиырылуы. Бұл әдетте балаларда және жеткіншектерде кездеседі. Аритмияның бұл түрі емдеуді қажет етпейді және адамға жайсыздық тудырмайды.

Экстрасистолиялар

Экстрасистолия кезінде жүрек алдын ала, немесе кезектен тыс жиырылады. Кеудеде ауыр итеріс немесе тына қалу сезімі мазалайды. Дені сау адамдарда да кездеседі, сонымен қатар әртүрлі аурулар мен зиянды әрекеттердің салдарынан мазалауы мүмкін.

Жүректің құрсауы, бұғатталуы

Аритмияның бұл түрі жүрек миокарды импульстарының баяулауы және тоқтауымен байланысты. Бұғатталудың белгісі ретінде пульс оқтын-оқтын жоғалады. Бұғатталу толықтай немесе жартылай болады. Мұндай түрінде науқас есінен тануы немесе талма ұстауы мүмкін. Жүректің толықтай көлденең бұғатталуында жүрек жеткіліксіздігі мен аяқ-асты өлім болуы мүмкін.

Диагностика

Аритмияны анықтау үшін төмендегі медициналық тексерулерден өту керек:

  • Электірлі кардиография (экг)
  • Эхокрадиография
  • Тәуліктік немесе бірнеше күндік ЭКГ мониторингісі
  • УДЗ

Емдеу

Аритмияны емдеу үшін алдымен оның симптом не ауру екенін анықтап алады. Содан кейін барып емдеуге кіріседі. Аритмияны дәрігер-кардиолог немесе терапевт емдейді.

Профилактика

Аритмия кезінде не істеу керек?

  1. Спортпен айналысу (қалыпты)
  2. Диета
  3. Дәрумендер мен микроэлементтер пайдалану
  4. Дәрі-дәрмектер ішу (дәрігер жазып берген)
  5. Халық емі
  6. Ұйқыны дұрыстау
  7. Зиянды әдеттерден арылу
  8. Стресстен арылу
  9. Дәрігердің бақылауында болу

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе)...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика