Подагра деген не?

Подагра — қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен оның натрийлік тұзының (ураттардың) тіндерде жиналуынан дамитын созылмалы ауру. Ол кез келген буындарды: саусақ, табан, бармақ буындарын зақымдауы мүмкін. Көбінесе подаградан табан саусақтары зардап шегеді.

Подагра ауруымен шамамен мыңның ішінен бір адам ауырады.  Бұл аурумен еркек адамдар әйелдерге қарағанда 20 есе көп ауырады. Ауру әдетте ерлерде 40 жастан кейін, әйелдерде етеккір үзілісінен кейін дамиды.

Подагра неден пайда болады?

Подагра дертінің дамуында тұқымқуалаушылық белгілі бір деңгейде рөл ойнайды.

Бейімдеуші факторлар: әдеттен артық мөлшерде тамақтану, бірыңғай ет тағамдары, алкогольді ішімдіктерді пайдалану (әсіресе сыра және жүзім шарабы), аз қимылды өмір салты. Бүйрек жеткіліксіздігі мен қан аурулары кезінде де жиі кездеседі.

Подагра симптомдары

Подагра ұстамасы әдетте алкогольді ішімдіктерді пайдаланғанда және артық тамақ жегенде дамиды. Ауыру аяқ астынан  және интенсивті түрде, буындардың қызарып, «жануынан» басталады. Подагра ауруы әдетте түнде орын алады. Аурудың күшті болғаны сонша, көптеген науқастар шаншып тұрған саусағымен тіпті жымылғының салмағын көтере алмайды. Екінші рет қайталанған ұстама кезінде саусақ қатты шаншып ауырады. Егер подаграны емдемесе, ұстама жиі қайталанып, уақыты ұзаққа созылады.

Подаграның диагностикасы

Диагнозды ревматолог науқасқа сұрақтар қоя отырып, науқастың ауырған жерін қарай отырып анықтайды. Қанның биохимиялық талдауында зәр қышқылының мөлшері мен құрамы анықталады. Кей жағдайларда рентгенге түсіріп немесе буын сұйықтығын алып анықтау қажет болады.

Подаграны емдеу

Өкінішке орай, подаграны толықтай емдеу мүмкін емес. Бірақ бақылауда ұстауға болады. Ол үшін ең алдымен тамақтану тәртібін реттеп, тамақ кестесінен шарап, ет, сыра, жас малдың еті, субтағамдар (бүйрек, бауыр, т.б)саңырауқұлақ, балық уылдырығы секілді тағамдарды алып тастау керек.

Қабынуға қарсы дәрілік препараттар мен зәр қышқылының  мөлшерін реттенйтін дәрілер тағайындалады. Сонымен бірге, физиотерапия да жақсы көмектеседі. Қажет жағдайда хирургиялық ем де қолданылады.

Подагра профилактикасы

Ең алдымен диета ұстау. Сұйықтықты көп мөлшерде тұтыну (тәлігіне үш литрден кем емес)

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика