Жүйкелік анорексия: мисс А және ақыл-ой құмарлығы
1866 жылы 17 қаңтарда лондондық терапевт және эндокринолог Уильям Галл алғащ рет өзі «жүйкелік анорексия» деп атаған, ауруы беймәлім науқасты қабылдады.
Мисс А
Бұл ауру сыртқы әлпетті жақсарту әрекетінің әсерінен пайда болып, соңы эндокринді жүйе мен ішкі ағзалардың бұзылуына әкеп соғады. Көбінесе, жасөспірім қыздар мен бойжеткендер арасында кездеседі. Жыныстық жетілу кезінде эндокриндік жүйе жағынан реттеудің бұзылуы, адамның психикалық ерекшелігінің (өзіне өте жоғары талап қою), отбасы ішіндегі қарым-қатынастар ерекшеліктерінің (ананың баланы тым өбектеуі) маңызды ролі байқалады.
Тарихқа «мисс А» деген лақап атпен енген науқастың жасы 17-де болды. Отбасылық дәрігер оны Гайс Хоспитал ауруханасына ең мықты эндокринолог деп Галланы ұсынып, сонда жібереді. Бойы 155 сантиметр, салмағы 37 кг шығатын науқас арықтығы үшін шағым айтқан емес. Ол дәрігерге етеккір циклының бұзылысымен, яғни соңғы етеккірінің бір жыл бұрын келгенін айтып барған.
Қалғанының бәрі – қалыпты. Тыныс алу таза, зәрі таза, тілі таза, жүрегі сау, іш қату да, іш өту де жоқ. Тек қана терімен қапталған қаңқа үшін қимыл белсенділігі үлкен деген күмән туған. Уильям Галл сол кездерде Англияда «жасыл ауру», ал Ресейде «бозарған қаназдық» деп аталған темір жетіспеушлігінен болатын қаназдық деп күмәнданған. Бірақ құрамында темірі бар препараттар нәтиже бермеген.
Мисс А мен дәрігердің арасында болған тамақтану жөніндегі әңгімеде ХХІ ғасырда анорексиямен ауыратындардың бәріне таныс жайлар сөз болған. Науқас өзіне жақындардың «көп тамақ жеу керек» деген тақырыптағы әңгімелермен жалықтырғанын, «өзі бәрін білетінін», олардың одан басқа әңгімесі жоқ па деп ашуланған. Тәбетің жоқ па, керек емес. Бірақ зерттеу жүргізгенде «мисс А-ның» тәбеті санаулы уақытта ғана қасқырдың тәбетіндей болғанын көрсеткен. Егер сол сәтті пайдалана алмасаң, науқасқа зорлап тамақ жегізе алмайсың.
Неліктен мисс А тамақ ішуді қаламады?
Алғашында дәрігер Галл қыздың асқа тәбеті күшті болатын уақытты аңдып отырып, сәтті уақытта калориясы мол тамақты жегізуді, қалған уақытта мәжбүрлемеуді шешті. Бірақ ол әдіс те көмектесе алмады. Салмақ бақылауға бағынбай, эндокриндік тоқырау өте қоймады.
Жүйкелік анорексия
Галл дәрігер «мисс А»-ны емдеуде қулыққа барады. Оған жаңа дәрілік препараттар беріп, егер оны бірдеңе жеп сосын қабылдаса ғана әсер етеді деп айтады. Кез келген тамақ, тіпті бутерброд жеуге де болады. Домалақ дәріні тамақпен жиі және нақты уақытында ішуді тапсырады. Тамақ ішу уақыты мен тәртібін бір жүйеге түсіру көмек берді. Екі жылдың ішінде қыз сауықты, ал тағы екі жылдан кейін «мисс А» 37 кг емес, 58 кг болды, түр-әлпеті де өзінің 21 жасына сай болды.
«Жүйкелік анорексия» терминінің авторы Уильям Галл өз практикасында бұл аурумен бар-жоғы 4 рет кездесті. Үш жағдайда науқасты сауықтыруға қол жеткізсе, бір ауру қайтыс болды. Қазіргі күнде бұл ауру массалық сипатқа ие, ол туралы білетініміз көп болса да анорексия өлімге апаратын қауіпті ауру болып қалып отыр.