Балалар мен емізулі балаларлағы ұйқы бұзылуы
Балалардағы ұйқы бұзылушылық шамадан тыс эмоциялық күйге түсінуіне байланысты. Ең алғашқы себептер – тамақтану режиімінің бұзылуы, ұйқы режимінің бұзылуы немесе ортаның ауысуы. Бұл жиі кездесетін себептер және ата-аналар үшін білінбейді. Мұндай жағдайда ата-ананың және психологтың көмегі қажет. Өзгерістерге бала үйренгеннен кейін, ұйқы дұрысталады.
Ұйқының бұзылуына әсер ететеін басқа себептер:
- Ата-ананың күн тәртібін сақтамауы, ұйқы режимін қалыптастырмауы (бір уақытта ұйықтату)
- Ата-аналар балаларына аз уақыт бөлуі. Кешке қарай балаларда ата-анамен түнге айырылысудан қорқыныш сезімі туады.
- Кеш жату әдетке дағдыланғанда. Компьютер, теледидар, ойын ойнау сияқты әдеттерден балалар кеш жатады.
- Кеш ұйықтауға деген бейімділік
Емізулі балада ұйқы бұзылушылық физиолониялық өзгерістер мен ерекшеліктерден болады:
- Тістердің жарып шығуы
- Іштің түйіліп ауруы
- Жайсыз жату
- Жайсыз төсек
Кейде ұйқының бұзылуына ішкі патологиялық аурулар мен психикалық аурулар әсер етеді. Түнде шошып ояну, тұншығып ояну, энурез, айкезбе, бруксизм (тісті қытырлатып үйкеу) сияқты симптомдарды байқасаңыз педиатрға қаралыңыздар.
Егде кісілердегі ұйқының бұзылуы
Егде кісілердегі ұйқының бұзылуы әдетте миға қанның толық бармауына байланысты болады. Яғни, ағзада оттегінің эетіспеушілігінен туады. Ұйқының бұзылуына келесі ағза жүйелерінің аурулары әсер етеді:
- Тыныс алу
- Психикалық
- Жүрек-қантамыр
- Эндокриндік
- Жүйке жүйлерінің
Осы аурулардың салдарынан келесі ұйқы бұзылушылықтың асқынуы болады:
Транзиторлы ұйқысыздық– адам стрессті жағдайда жүргенде болатын ұйқысыздық.
Созылмалы ұйқысыздық– кәріліктің себебінен болатын мидағы және жүйкені ұлпаларындағы өзгерістерден болатын ұйқысыздық
«Мазасыз аяқтар» синдромы- ұйықтайтын кездесі аяқтардың түршігу сезімі.
«Бармақ ұштарының қимылы» синдромы –бұл синдромда бас бармақ бүгіледі, жарым-жартылай немесе толықтай тізе мен санда бүгілу пайда болады.
Мұндай жағдайларда, тудырушы патологиялық себептерді емдеу керек, және егде кісілерге дұрыс ұйқыға баулитын пайдалы әдеттерге үйрету керек. Олар:
- Ұйқыдан оянғаннан соң, бірден жатын бөлмеден шығып кетуді әдетке айналдыру керек.
- Таңды жаттығу жасаудан бастау
- Күн режимін дұрыстау, күнде бір уақытта ұйықтап-тұруды әдетке айналдыру
- Күнделікті серуенге шығу
- Таза ауада көп болу, әсіресе таңда және ұйықтар алдында
- Күндізгі ұйқыны азайту
- Ұйқының бұзылуына дәрі-дәрмектер:
- Олар седативті дәрі-дәрмектер
- Ұйықтататын дәрілер
Халық емі
Жастықты раушан гүлінің күлтелерімен, жалбыз, лавр жапырақтарымен, қарағай қылқандарымен, қырыққұлақ және қазтамақпен толтыру керек.
Ұйықтар алдында 1 шай қасық бал қосылған бір стақан жылы су немесе сүт ішу
Тамақтанудан 20 минут бұрын құлмақ түйінінен жасалған тұнбадан жарты стақаннан үш мезгіл ішу керек. Дайындалуы былай: 2 шай қасық ұнтақталған құмақ түйініне 50 мл қайнаған су құямыз да, 1 сағатқа тұндырамыз. Дайын болғаннан соң сүзіп аламыз.