Вампирофобия індеті
Австро-Венгрияда қиялдағы ауру індеті(эпридемия) тарады. Балкан халқы XVIII ғасырда астыртын өлтірілген немесе бақытсыз оқиғадан қаза болғандар жерлеу рәсімінен кейін де өмір сүреді деп сенген. Олардың денесі шірімейді және түнде табыттан тұрып адам өлтіреді немесе тірілердің қанын ішеді. Құрбан болған адам вампирге (қанішер) айналады. Жалмауыздың қабірінен індет жан-жаққа жайылып, оның жанына жерленген марқұмдар да жалмауызға айналады. Өлілер арасындағы індет! Егер қайтыс болған адамның денесі топырақта шірімесе, қанішерлік дәлелденіп, бүкіл қорымды уламай тұрғанда, мәйітті міндетті түрде өртеген.
Австрия державасында бұл аурумен ең алғаш ауырған Арнаут Павле жалданбалы шекара сақшысы болған. Оның баяндауынша, ол 1730 жылы Косова жолындағы бекетте тұрған кезде оны түрік вампирі жаралап кеткен. Күндіз ол жерге барып, қаскүнемді қазықпен шегелеп, өз терісіне сол топырақтан жаққан. Былай айтқанда, өзіне екпе (прививка) жасаған. Бірақ вакцинация оған көмектеспеген. Көп өтпей Павел шөп тиелген арбадан құлап, мойнын сындырып алған.Оның ауылында құпия өлімдер басталған. Әскери дәрігерлерден комиссия құрылып, күмәнді мәйіттерді өртеуден басқа жол таппаған.
Алғашқы серб вампирі
Бұл тарихи эпизод аталмыш жерде 1732 жылдың қаңтар айында болған. Әскери хирург Иоганн Флюкингер «алғашқы серб вампирі» Арнаут Павелдің туған ауылында құпия өлімдерге зерттеу жүргізеді. Павелдің өлімінен кейін бір жылдан кейін оның ауылдастары бірінен кейін бірі қайтыс бола бастайды. Флюкингер өзінің полкындағы екі фельдшермен бірге жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда қайтыс болғандарды зерттеп, кейбір мәйіттердің шірімейтінін, олардың аузында қан тола екендігін және оның ұйымаған, сұйық екендігін мәлімдейді. Хирург байсалды түрде басшылыққа вампирлердің (қанішер) шын мәнінде бар екендігін баяндайды.
Оның баяндамасын тексеру мүмкін болмады, себебі Флюкингер «сол тәрізді істерді түсінетін» цыганды шақыртқан болатынр. Ол барлығын тиісті деңгейде жасады. Яғни, мәйіттерді табытқа шегелеп, мәйітті табытпен қоса өртеп жіберді. Осыдан кейін ауылда ешкім өлген жоқ. Ал қанішерлер туралы өсек бүкіл Еуропаға тарады. Дәл сол уақытта басқа еуропа тілдеріне «вампир» сөзі енді.
Тирольдік дәрігер
1739 жылы Түркия Сербияны Австриядан тартып алғанда бәрі де аяқталуы мүмкін еді. Косовадан шыққан вампирлер славян жеріне індетті емін-еркін жұқтырып жүр деген өсек тарады. Ал індет Австрия монархиясына тиісті белгілі аумақтарға, Хорватия, Венгрия, Трансильвания, Силезия, Галицияға таралып жатыр дейді. Сол аймақтардағы ауылдарда тұрғындар тұрақты түрде қандай болмасын қорымды ашып, марқұмды отқа өртеп жазалап, оның жақындарын масқаралап, бас ауған жаққа кетуге мәжбүр еткен.
Ақыры 1755 жылдың 30 қаңтарында Вена қаласынан 190 шақырым қашықтықта жатқан Гермерсдорф ауылынан айрықша жаңалық келді. Жергілікті шаруаға Розина Полакина «тирольдік дәрігер» деген лақап атауы бар Розина Полакина есімді келіншек тұрмысқа шығады. Ол бүкіл айналаны емдейді және «қара магияны» (қара сиқыр) кәсіп етеді. Екі жарым жыл бұрын ол қайтыс болған, содан бері ауылда қырғын. Барлығы вампиризмнен күдіктенді, ал Розинаны түнде кейде күндіз көшеде кездестіріп жүрді. Ақыры, жергілікті билік «Венадан келген атаулы бұйрық» негізінде эксгумация жүргізілді. 30 адамның мәйітін ашты. Оның 10-ы сәтті шіріген екен, сондықтан кешірілді. Ал «тирольдық дәрігерден» бастап қалған «жаңа мәйіт» секілді 20 мәйітті (оның біреуі баланікі) қазыққа қағып, өртеді.
Корольдің бұйрығы
Императрица Мария Терезия дәл сол «Венадан келген атаулы бұйрықты» қашан бергенін есіне түсіре алмады. Оның жеке дәрігер, голландиялық Герард ван Свитен, әртүрлі ырымдарды жаратпай, Гермерсдорфке өзі барып, онда не болып жатқанын анықтап қайтуға бекінді.
Оқиғаның нақты шамасы әлдеқайда қарапайым болып шықты. Ешқандай 20 вампир (қанішер) болмаған. 1755 жылы 19 қаңтарда бар болғаны бір мәйітті, Розинаның денесін өртеген. Ал оның қайтыс болғанына 2,5 жыл емес, бар-жоғы 4 апта өткен. Сол 4 аптаның ішінде ауылда бірнеше адам «тирольдік дәрігер» сиқырлап қойды деп ойлап, өзін асып өлтірген. Сиқыр қайда болса, вампиризм де сонда екені айдан анық нәрсе.
Розинаның денесін дәрігерлер емес, католик дін қызметшілері қараған. Олар бірауыздан мәйіт үш аптаның ішінде шіріп бастамаған, демек, олардың алдында жатқан вампир деп хабарлаған. Бұл қорытындыны оқығаннан кейін Свитен қарқылдап күліп, біраз уақытқа дейін өзіне келе алмаған. Қыста, суық күнде мәйіт шірімеуі де тиіс, ол заңды. Қыстың күнінде мәйітті ашуға асықпау керек. Мәйітті 6 апта мұзда ұстасаң да оған ештеңе болмайды. Вена университетінің медицина факультетінің деканы ретінде Свитен арнайы осы маусымда студенттер үшін анатомиядағы нағыз интенсивті сабақтарды өткізуді жоспарлады.
Вампиризм үшін жаза
Мария Терезия өз дәрігерінің баяндамасын естігеннен кейін жергілікті әкімшілікке дүрсе қоя берді. Неліктен шенеуніктер, білімі бар адамдар, оқымаған шаруалардың жетегін кетеді? Розинаның мұз денесін өртеуге келісім берген қандай атаулы бұйрық? Империя заңында «вампиризм үшін жаза» ешқашан болмаған және болмайды да. 1755 жылы 23 сәуірде нағыз шынайы заң шықты. Онда алдағы уақытта Австро-Венгрия аумағында өз бетімен әлгіндей қадамға барғандар жазаланады делінген. Содан кейін Австрия, Чехия, Венгрия, Балқанның австрияға бағынышты жерлерінде ешқандай қансорғыш пайда болмаған.
Ал «тиролідық дәрігердің» өлімінен кейінгі құпия өлімдердің сыры қарапайым болып шықты. Розинаның өлімінен кейін Гермерсдорф ауылында науқастарды емдейтін адам болмаған. Дәрігерлер ауылдан 50 шақырым жердегі қалада тұрған және жұмыс істеген. Ал шаруаларда олардың қызметіне төлейтін ақша болмаған.
Дәрігер Стивен одан кейін әр елдімекенде нағыз, білімі бар екі дәрігер болуы керек деген заң шығуына қол жеткізген. Олардың міндетіне індетпен күресу және қайтыс болғандардың денесін қарау енген. Дәрігерлер жергілікті жерде белгілі бір құзіреті бар адамға айналған.