Парапроктит: себептері және емдеу әдістері
Жедел парапроктиттің туындауына жеке бас гигтенасын сақтамау, анальді өтіс аймағының жарақаттануына әкеп соғатын қимыл-қозғалыс, артқы өтіс аймағының аурулары (анальді жарақат, геморрой) себеп болуы мүмкін.
Ол не?
Парапроктит —тік ішек айналасындағы тіндердің (клетчаткалардың) жедел немесе созылмалы қабынуы. Ол жедел (жаңа пайда болған) және созылмалы парапроктит (жаңа пайда болған парапроктиттің аяғына депйін емделмеуі нәтижесінде болады) болып екіге бөлінеді.
Ол неден пайда болады?
Жедел парапроктиттің пайда болуына жеке гигиена ережелерін сақтамау, анальді өтіс аймағының жарақаттануына әкеп соғатын қимыл-қозғалыс, артқы өтіс аймағының аурулары (анальді жарақат, геморрой) себеп болуы мүмкін. Кей жағдайларда парапроктит еш себепсізден немесе белгісіз себептерден пайда болады.
Не болады?
Ауруды тудыратын бактериялар тік ішек айналасындағы тіндерге анальдық бездер, тік ішектің кілегей қабықтарының жарақаты арқылы немесе, сирегірек, гематогенді және лимфогенді жолдар арқылы жетеді. Қабыну асқынып, ірің пайда болады.
Адамның иммунитетіне байланысты іріңді жердің көлемі мен орналасқан жері әртүрлі болуы мүмкін. Ірің сыртта немесе тереңірек тұста орналасады.
Ауру аяқ астынан басталады. Әлсіздік, дімкәстік, дене қызуының көтерілуі және қалтырау, тік ішектің айналасы ауыру басталады. Артқы өтіс аймағында қызару, сипап көру кезінде ісік және ауыру сезімі байқалады. Бірнеге күн бойы емдемеген жағдайда дене қызуы күшейіп, зәр мен нәжіс шықпай қалады.
Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан-ақ хирург немесе проктолог дәрігерге көріну қажет.
Диагностика
Парапроктит жедел (жаңа пайда болған) және созылмалы парапроктит (жаңа пайда болған парапроктиттің аяғына депйін емделмеуі нәтижесінде болады) болып екіге бөлінеді. Қабыну асқынып, ірің пайда болады.
Жедел парапроктиттің пайда болуына жеке гигиена ережелерін сақтамау, анальді өтіс аймағының жарақаттануына әкеп соғатын қимыл-қозғалыс, артқы өтіс аймағының аурулары (анальді жарақат, геморрой) себеп болуы мүмкін. Кей жағдайларда парапроктит еш себепсізден немесе белгісіз себептерден пайда болады.
Ауруды тік ішекті қарап, қолмен ұстап қарау арқылы анықтайды. Жедел парапроктитті асқындырып алмау үшін әйелдер гинекологқа, ерлер урологқа тұрақты түрде қаралып отырғаны жөн.
Емдеу
Парапроктитті тек хирургиялық жолмен емдейді. Операция диагноз қойылғаннан кейін дереу жасалуы тиіс.
Операция наркоз берілу арқылы жасалады. Операцияның мақсаты ірің орнын бекітуге немесе іріңді жоюға бағытталған. Операциядан кейін тазалап таңу (перевязка) жүргізіліп, антибиотиктер мен ағзаны нығайтатын препараттар тағайындалады. Мұндай операция кез келген хирургиялық стационарда жасалады.
Бірақ ірің орнын бекіту ауруды түбірімен жоя алмайды. Сбебі, ондай операциядан кейін қайта ірің пайда болады (созылмалы проктатит). Оның себебі тік ішек пен рның айналасындағы тіндердің арасында қабыну каналы сақталып қалады. Толық емделу үшін мамандандырылған проктологиялық стационарда тағы да ірің жолын жоятын операция жасауға тура келеді.
Мұндай операцияның нәтижесінде ішек пен іріңнің арасындағы байланыс жойылады. Ол радикальді деп аталады және толық жазылуға жол ашады.
Хирургиялық ем уақытында жасалмаған жағдайда жедел парапроктит асқынуларға алып келуі мүмкін.
Жамбас қуысына ірің жиналуының соңы өлімге себеп болуы мүмкін.