Ісік тік ішекті толықтау «құшақтау» үшін 1,5-2 жыл қажет деп есептеледі. Кейін ісік ішек қабырғасына, өзегіне және жамбас сүйегіне, көрші ағзаларға өседі.

Тік ішік обыры – қатерлі ісік.

Соңғы 20 жылдың ішінде тік ішек обырымен ауыратындардың саны бірнеше есеге артқан. Өркениеті дамыған елдерде бұл аурумен ауыатындар саны көп. Тізімнің басында АҚШ, США, Канада, Израиль және Австралия тұрса, есесінеҮндістан, Қытай, Латын Америкасы және Орта Азия елдері тізімнің соңында. Тек Жапоняда ғана ерекшелік бар. Капитализм соншалықты дамығанына қарамастан, бұл онкоаурумен ауыратындар ол елде бірен-саран ғана.

Тік ішек обыры — көптеп жасы келген адамдардың еншісіне көптеп отыр. Бүгінгі таңда әлем бойынша жыл сайын 510 000 тоқ ішек обыры жағдайы тіркеліп, оның 30-40%-ы тік ішек обырына ұшырағандар.

Себептері

Әлі күнге дейін ғалымдар тік ішек обырының негізгі себебін анықтай алмай отыр. Дегенмен, аурудың пайда болуына себепкер болатын бірнеше жағдайды атап көрсетті.

  1. Тамақтану ерекшелігі. Егер тамақта ет тағамдары және малдың байы шектен тыс көп болса, өсімдік жасұнығы аз бола, уақыт өте келе адам ауыр кеселмен ауыруы мүмкін деген болжам бар. Жоғары калориялы және жеңіл сіңірілетін тағамдар ішектің тамақ сіңдіру тәртібін бұзады. Осының салдарынан, тамақтың құрамында болуы мүмкін немесе ішек бактериялары өндіретін канцерогенді заттар ұзақ уақыт бойы тік ішектің қабырғаларына әсер етеді. Вегетариандардың (ет ежемейтіндер) арасында тік ішек обырымен ауыратындар саны кездеспейді.
  2. Талшықтаспен (асбест) жұмыс жасау.
  3. Тік ішектің ұзақ уақыттан келе жатқан қабынуы және ауыруы.
  4.   Папилломовирусты инфекция және анальді төсек қатынасы. Ғалымдардың зерртеуінше, гемосексуалистердің тік ішек рагына ұшырауы ықтималдылығы жоғары.

Не болады?

Тік ішек обыры тез дамымайды. Алдымен ісік ішектің айналасында төменге және жоғарыға қарай ұзақ өседі. Ісік тік ішекті толықтау «құшақтау» үшін 1,5-2 жыл қажет деп есептеледі. Кейін ісік ішек қабырғасына, өзегіне және жамбас сүйегіне, көрші ағзаларға өседі. Обыр тіндері қанмен және лимфамен бірге ағзаға тарап, жаңа ісік ошағы пайда болады.

Қалай анықтайды?

Басқа көптеген онкологиялық аурулар секілді, тік ішек обыры 5-15% жағдайда дәрігердің қабылдауына қаралғанда кездейсоқ анықталады. Адам өзінде тік ішек обыры барына күмән туғызатын жағдайлар мыналар:

  • Артқы өтіс жолынан шырышты бөлінді, қан немесе ірің аққан жағдайда;
  • Үлкен дәреттің бұзылысы (іш қату мен іш өтудің кезектесуі)
  • Тік ішектегі жағымсыз әсер мен ауырсыну
  • Үлкен дәреттегі ауыру, үлкен дәретке шыққысы келген сияқты болу.

Дегенмен, бұл белгілердің болуы әрқашан обыр бар дегенді білдірмейді. Ұқсас белгілер геморрой, парапроктит немесе  ішектің тітіркенуі секілді аурулардың себебінен болуы мүмкін.

Диагностика

Тік ішек обырының диагнозын қоюмен дәрігер-проктолог айналысады. Науқаста обыр болуы мүмкін деген күдік болған жағдайда, бірінші кезекте саусақпен ұстап қарайды. Мұндай қарапайым әдіс анальді өтістің 15 смге дейінгі тереңдікте жатқан ісікті анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге дәрігер нәжіс анализін тапсыруға жолдама береді. Диагнозды нақтылау үшін міндетті ректороманоскопию  (тік ішекті ректоскоп арқылы көру) жасайды. Ол жарықты жеткізуге арналған металлдан жасалған арнайы түтік.  Ректороманоскопия үстінде биопсия жасауға болады. Ол – толықтай зерттеу үшін микроскоппен (гистологиялық зерттеу) қарауға ісіктің кішкене бөлігін үзіп алу. Тек гистологиялық зерттеу ғана ісіктің қандай екенін, қатерлі немесе қатерлі еместігін анықтай алады. Диагностиканың қосымша әдісі ретінде дәрігер тік ішекке енетін құрылғысы бар УДЗ зерттеуін, ирригоскопия, колоноскопия, компьютерлі томография немесе рентген зерттеуін тағайындауы мүмкін.

Емдеу

Тік ішек обырын емдеудің негізгі әдісі – ісікті хирургиялық жолмен жою. Операцияның қай түрін таңдау керектігін ісіктің көлемі мен орналасқан жеріне қарай дәрігер шешеді. Егер техникалық шарттар мүмкіндік болса, ісікпен бірге ішектің кішкентай бөлігі ғана алынып тасалады. Ол кейін қалпына келеді. Гартман операциясы деп, ісік жатқан ішек бөлігін кесіп алып, төменгі (дистальды) ішек бөлігін жауып, іш қуысында қалдырады да, ал жөғарғы (проксимальды) ішек бөлігін сыртқа шығарып, жасанды жыланкөз (колостома) жасауды айтады. Қабыну үрдістері толығынан кетіп, аурудың хал-жағдайы жақсарғанан соң, ішек қуысын қайтадан қалыптастыру үшін, проксимальды және дистальды бөлімдерін қайта бір-біріне қосады.

Кей жағдайларда тік ішек толығымен алып тастайды. Паллиативті операциялар тек ісік асқынып, аурудың хал-жағдайы мүлдем нашарлағанда қолданады. Егер, тіпті, алыстан метастаздар табылып, бірақ ісікті алуға болатын жағдай болса, онда резекция жасалынып (зақымданған жері ғана алынып), кейіннен химиотерапия жүргізіледі. Егер резекцияға жағдай келмесе, онда жасанды жыланкөз жасалынады. Ал кейде, ісік орналасқан тоқ ішектің, жоғарғы және төменгі бөліктері арасына қосушы айналмалы анастомоз салады (№24- сурет), сөйтіп нәжістің ішек ішінде қатырмауды осылай қарастырады.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика