Геморрой (көтеу): себептері, диагностика және емдеу
Геморрой — артқы өтіс аймағындағы тік ішектің соңғы бөлімінің шырышты қабаты астындағы варикоздық тамырлардың болуы.
«Геморрой» сөзі гректің «қан кету» және «ағу» деген екі сөзінен шыққан. Геморройдың нақты статистикасы анық емес. Науқастардың көпшілігі мұндай аурумен дәрігерге қаралуға қысылады. Әртүрлі авторлардың мәліметтеріне қарағанда, ересек адамдардың арасында 44 пен 86 пайызға дейін кездеседі. Ерлер мен әйелдерде бірдей ұшырасады.
Бұл не?
Айтудың өзі ыңғайсыз болып көрінетін аурулар кездеседі. Айту және мойындау былай тұрсын, ем бастаудың өзі ұят сияқты. Неге бәрі бұл аурудың атын аузына алуға ұялады? Біздің ең нәзік, жұмсақ жеріміз де басқа дене мүшелеріміз секілді ерекше көңіл бөлуге лайықты ғой. Адамға бүкіл денесінің саулығы маңызды емес пе?! Сіздің тік ішегіңізде мәселе туындағанын дәрігерге айтудан қысылмаңыз! Геморройды емдеу керек!
Ол неден болады?
Геморройдың дамуының негізгі жолы — кіші жамбаста қан тоқырап қалу салдарынан тік ішектің тамырлары қайта созылуынан болады. Өкінішке орай, мұндай тоқырау бізге табиғаттың тік жүрумен бірге берген «сыйлығы». Геморрой қан қысымының және кіші жамбаста қан тоқырауының және тік ішектің көктамыр тобының өрімденіп кетуінен пайда болады. Көктамыр аумағының ұлғаюы нәжіс жолын жарақаттауы, жаралауы, қысып ақлуы жәні қан ұйып қалуы мүмкін немесе керісінше, артқы өтіс жолын мүлде жауып қояды. Бұл белгілердің бәрі төмендегідей себептерден туындауы мүмкін:
- Жергілікті емдеу (клизмалар, іш өткізетін дәрі қабылдау).
- Етеккір.
- Ішетін контрацептивтер.
- Артқы өтіс жолын тітіркендіретін, шектен тыс гигиена.
- Дұрыс тамақтанбау, диета, ащы тағамдар, тоқ ішекті ынталандырушы тағамдар (шай, кофе) тұтыну.; острая пища; продукты, стимулирующие толстую кишку (чай, кофе).
- Анальді төсек қатынасы.
- Кейбір спорт түрлері: атпен жүру, мотоциклмен жүру, велосипед тебу.
- Кейбір мамандықтар: жүргізуші (шопыр), ұшқыш, бағдарламашы.
- Жүктілік.
Тұқымқуалаушылық пен туабітті көктамыр құрылысы жетіспеушілігі де маңызды мәнге ие.
Ауруға себеп көптігіне тоқтала келе, геморройдың алдын алу, профилактикасына көңіл аудару қажет. Егер уақыт өтіп кетіп, ауру меңдеп кетсе де ешқандай қорқудың да, ұялудың да қажеті жоқ. Дереу проктологтың көмегіне жүгіну керек.
Ауру қалай дамиды?
Ауру артқы өтістің ауырсынуымен, ашып, біраз ыңғайсыздықтар тудыруымен дамиды. Үлкен дәретке отырғанда және кілт қимылдағанда аурсынып, жарақат пайда болып, кейін жүрген кезде де өрім түсіп кетеді. Шығып кеткен түйін жиі жараланады және қабынады. Геморройдың кең тараған белгісіне түйіннен қан кету жатады. Нәтижесінде қаназдық (анемия) дамып кетуі мүмкін.
Көбінесе науқастар дәрігерге жіті немесе қабынудан болатын ауыру кезде жүгінеді. Анальді қан кету ересектердің 10 пайызында кездеседі.
Диагноз
Геморройға диагноз проктолог науқасты тексеріп болғаннан кейін қойылады. Толық тексеру үшін тік ішекті аноскоп немесе ректороманоскоптың көмегімен қарайды. Проктологтың қабылдауына және тексеруге барардың алдында ішектерді клизма жасап тазалап алады.
Емдеу
Осыдан бірнеше жыл бұрын геморройға байланысты кез келген ота (операция) туралы хабар өте жаман қорқыныш туғызатын. Кімнің 7-10 күн бойы стационарда ашығып, одан қалса жалпы наркоз алғысы, сосын ұзақ уақыт бойы жазылғанша ауырсынуды сезінгісі келеді дейсіз.
Бір қуанарлығы, бүгінгі күнде геморройдың емдеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар. Әрқашан Науқастың нақты жағдайына сай келетін әдістердің бірін таңдауға болады. Қан шығармай, ауыртпай, ұялмай, бір күннің ішінде емдеуге болады.
Заманауи емдеу ауырсыну сезімдерін және ыңғайсыздықтарды, сонымен қатар қан кету секілді асқынуларды болдырмауға көмектеседі.
Осы орайда айта кетерлік бір жағдай, геморройдың бастапқы кезеңінде ғана мұндай жолмен емдеуге болады. Дәрігерге уақытылы барудың маңызы да осында. Ауру мейлінше тез дамиды, олай болған жағдайда қайғылы болса да ауруханада ота жасауға тура келеді. Геморрой толық жазылатын ауру. Бірақ ол үшін кейбір ережелерді ұстанған абзал.
- Іш қату мен іш өтуді уақытылы емдеу, асқорыту жолын қалпына келтіру, бірақалыпты және дұрыс тамақтану,;
- Спиртті ішімдіктерді азайту немесе мүлде шектеу қою, тым ащы және тұзды тағамдардан бас тарту;
- Әр үлкен дәреттен кейін артқы өтіс аймағын мұқият тазалау. Қажет болған жағдайда дәретхана қағазынан бас тартып, нәжіс орнын сабынды салқын сумен тазалау.
- Геморройдың алғашқы белгілері білінгеннен физикалық ауыр жұмысты мейлінше жеңіл жұмысқа ауыстыру;
- Жүкті әйелдер кіші жамбастағы қан айналым жүйесінің бұзылысын болдырмау үшін күнделікті гимнастикамен айналысып, жаяу жүріп, іш жүргізуге көмектесетін тағамдарды көбірек тұтынып, қатты белдіктерді тақпауы керек.
- Отырып жұмыс жасайтын адамдар гимнастикамен, жүзумен, көбірек жаяу жүрумен шұғылданғаны жөн.
Сонда геморройдан сақ боласыз!