Обструктивті бронхит

Обструктивті бронхит— шырышты қабаттың ісінуі,  шырыштардың гиперсекрециясы және бронхқылысу симптомдары бар  бронхтардың өткір және созылмалы қабынуы.

Симптомдары:

Обструктивті бронхитте қақырықты жөтел, экспираторлы ентігу, қырылдаған дем, тыныс алу жетпіспеушілігі мазалайды.

Терапия:

Науқасқа спазмолитик, бронходилаторлар, қақырық түсіретін дәрілер, антибиотиктер, ингаляциялық кортикостероидты дәрі-дәрмектер беріледі. Сонымен қатар, демалу гимнастикасы, массаж көрсетілген.

Этиологиясы, пайда болуы және клиникалық симпаттамасына байланысты бронхитті өткір, рецидивті (қаталанатын), созылмалы және обструктивті деп бөледі.

Өткір обструктивті бронхитпен балалар жиі ауырады, ал үлкендер созылмалы бронхитпен ауырады.

Созылмалы обструктивті бронхитті басқа тыныс жолдарының обструктивті ауруларымен қоса (өкпе эмфиземасы, бронх демікпесі) өкпенің созылмалы обструктивті ауруларына жатқызады.

.Себептері:

 

Өткір обструктивті бронхиттің этиологиясы жұқпалы-синцитал вирустарымен, тұмау вирустарымен, аденовирустар мен риновирустар, вирусты-бактериалды ассосациямен байланысты. Өткір қайталана беретін обструктивті бронхитпен ауыратын науқастардың ДНҚ көрсеткіші ағзада герпесвирус, микоплазма, хламидий сияқты инфекциялық қоздырғыштардың барын айтады. ӨЖВАмен ауыратын балалар, немесе иммунитеті төмен, аллергиялық және генетикалық бейімділігі бар балалар өткір обструктивті бронхитпен ауырғыш келеді.

 

Созылмалы обструктивті бронхитті тудырушу негізгі факторлар, олар темекі шегу, кейбір кәсіп иелелері (кремний, кадмий элементтерімен қатынасу), атмосфералық ауаның ластануы және т.б. Бұл топтағы науқастардың көбі шахтерлар, құрылыс саласындағы мамандар, металлургия және ауыл шаруашылығындағылар, темір жолшылар, лазерлі принтермен жұмыс істейтін офис қызметкерлері. Бұл аурумен әдетте ерлер көп ауырады.

 

Өткір обструктивті бронхиттің симптомдары:

 

  • Субфебрильді дене қызуы
  • Бас ауруы
  • Диспепсия
  • Әлсіздік
  • Құрғақ немесе ылғалды жөтел
  • Сырылы бар тыныс

 

Өткір обструктивті бронхит 7-10 күнге созылады. Ауру бір жылда үш немесе одан көп рет қайталанса қайталама обструктивті бронхитқа ұласады, ал екі жылға жуық қайталанса созылмалы обструктивті бронхит диагнозы қойылады.

Созылмалы обструктивті бронхттің симптомдары:

 

  • Жөтел
  • Ауру асқынғанда ылғал жөтел мазалайды, шырысты-іріңді немесе іріңді қақырық пайда болады.
  • Үздіксіз жөтелу
  • Сырылдаған тыныс
  • Артериялық гипертензияның әсерінен кейде қан аралас қақырыну болады
  • Экспираторлы ентігу
  • Кей аурулардың салдарынан дем алу жетіспеушілігі, субфебрилитет, тершеңдік, шаршау және миалгия симптомдары пайда болады.

Диагностика

Обструктивті бронхитті аускультативті, рентгенологиялық анықтамалар, сыртқы тыныс алу функциясын зерттеу арқылы анықтайды.

 

Емдеу:

 

Өткір обструктивті бронхитте:

 

  • Демалу, тынығу
  • Сұйықтық көп ішу
  • Ауаны ылғалдандыру
  • Сілтімен және дәрі-дәрмекпен ингаляция
  • Тарылуға қарсы дәрілер, қақырық түсіруші дәрілер, бронх кеңейтетін ингаляторлар, сонымен қатар қақырық түсіруге көмектесетін перкуторлы массаж, вибрациялық массаж, арқа массажы мен тыныс алу гимнастикасы көрсетілген.

.

Созылмалы обструктивті бронхитте ауруды асқыдыруды баяулататын, аурудың ұзақтығын азайтатын, өмірдің сапасын жақсартатын ем қолданады.

Фармакотерапияның негізі базисті және симптоматикалық емнен тұрады.

Базисті емге бронхкеңейтетін дәрілер, қақырық түсіруші дәрілер. кортикостероидты дәрі-дәрмектер пайдланылады.

 

Салдары және профилактика

 

Өткір обструктивті бронхит емделеді.

Бронхиттің аллергиялық түрі қайталана бере, соңы демікпелі бронхитке немесе бронх демікпесіне ұласады. Ал, өткір түрінен созылмалы түріне өтсе емге келуі қиындайды.

Адекватты емдеу аурудың дамуын тоқтатады және тыныс алу жетіспеушілігінің алдын алады.

Ауру егде жастағы адамдарға, ілеспелі патологиялық ауруларда, жиі асқынуларда, темекі шегуді жалғастырғанда, емге келмегенде, өкпелік жүректе қауіптігі артады.

 

Өткір обструктивті бронхиттің алғашқы профилактикасы: салауатты өмір салтын ұстану, инфекцияға қарсы тұруды күшейту, қоршаған орта мен жұмыс орнын жақсарту жатады.

Екінші профилактика: уақыты емделіп тұру, асқынудың алдын алу және адекватты емдеу.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе)...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика