Басішілік гипертензия – бас сүйек ішіндегі қысымның жоғары (жоғарлауынан) болатын патологиялық күй.
Себептері:
Әдетте басішілік қысым ми жұлыны сұйықтығының (ликвор) айналымының бұзылуынан пайда болады. Ол сұйықтықтың көбеюі, қайтып орнына келуінің қиындауы, сіңімділігінің нашарлауы болуы мүмкін. Қанайналымның бұзылуы артериялық қанның құйылуын бұзып, және оның көктамырлы бөлігінде тұрып қалуына себеп болады. Бұл бас сүйек қуысындағы қанның көлемін ұлғайтады, сәйкесінше басішілік қысым жоғарлайды. Кейде бассүйек қуысындағы жүйке жасушалары мен жасушааралық кеңістіктің әсерінен ми ұлпаларның көлемі ұлғаюы немесе жаңа өскіннің (ісік) өсуі мүмкін.
Басішілік гипертензияны тудырушы ең жиі себептер:
- Бассүйек-ми жарақаты ( шайқалу, соғып алу, басішілік гематомалар, босану жарақаты және т.б.)
- Өткір және созылмалы ми қанайналымының бұзылуы (инсульт және т.б.!
- Бассүйек қуысындағы ісік, сонымен қатар басқа да ісіктердің метастазы
- Қабыну процесстері (энцефалит, менингит, абсцесс)
- Мидың, ми тамырларының, бассүйектің тума ауытқушылығы (Арнольд-Киари ауытқушылығы және т.б.)
- Улану және метоболизмнің бұзылуы ( алкогольмен, қорғасынмен, тұршықтырғыш газбен, өз метобилитімен улану және т.б.)
- Басқа дене мүшелерінің аурулары көктамырдағы қанды бассүйек қусынын айдауын қиындатады, мысалы, жүректің тума ақаулары, өкпенің обструктивті аурулары, мойын өскіндері және т.б.)
Симптомдар:
- Бастың керіп ауруы. Бас ауруы түннің екінші бөлігінде және таңға жақын күшейе түседі. Бас сыздап ауырады, көзге іштей қысым түсіп жатқан сияқты әсер болады. Ауырсыну жөтелде, түшкірікте, күшенгенде, физикалық күште күшейеді, қосымша баста шуыл мен бас айналу симптомдары болады. Басішілік қысым аз ғана көтерілгенде баста ауырлық сезім пайда болады.
- Бірден жүрек айну мен құсу. Бұл симптомдар тамақтан кейін пайда болмайды. Науқас құсқаннан соң жеңілдейді, бас ауыруы да қоя бастайды.
- Шаршағыштық мазалайды. Науқас ақыл-ой және физикалық еңбекте күші тез сарқылады.Қызбалық, эмоциялық тұрақсыздық, ашушаңдық және жылауықтық сияқты ілеспе симптомдары бар.
- Метеосезімталдық. Басшілік гипертензиясы бар науқастар атмосфералық қысымның ауытқуын (әсіресе жаңбыр жауар алдында) көтере алмайды. Мұндайда симптомдар күшейе түседі.
- Вегетативті жүйке жүйесіннің жұмысының бұзылуы. Тершеңдік, артериялық қысымның ауытқуы, жүрек соғының жиілеуі мазалайды.
- Көз көргіштігінің нашарлауы.
Бұл симптомдардың азаюы мен күшеюі басішілік гипертензияның асқынуы мен қалыпты болуын көрсетеді. Егер күшейсе аурулың асқынып жатқанын білдіреді. Бірақ егер бұл симптомдарғы қосымша төмендегі симптомдар мазаласа, онда дереу дәрігердің көмегіне жүгіну керек. Өйткені асқыну салдары мидың ісіуіне алып келеді. Оның соңы өлімге апаруы мүмкін. Олар мыналар:
- Күнделікті таңертең құсу. Тәулік бойына бас ауру. Егер құсумен бірге ықылық байқалса, онда бассүйектің артқы шұңқыршасында ісік барын көрсетеді), мұндайда жедел медициналық көмек қажет.
- Психикалық функциялардың тежелуі
- Артериялық қысымның көтерілуі, тыныс алу мен жүрек соғының баяулауы (минутына 60 соғыстан кем)
- Дененің селкілдек тартуы (судорога!
Диагностика
- Окулист кеңесі
- Бас сүйектің рентгенографиясы
- Компьютерлік томография
- Магнитті-резонасты томография
Емдеу
Басішілік гипертензияны себебін анықтағаннан кейін емдейді. Нақты диагнозы қойығаннан кейін сол ауруды емдеуге кіріседі. Мысалы, мидің ісігі не мидағы гематома анықталғанда, науқасқа ота жасалады.
Мидың қабыну ауруларында антибиотиктер мен антибактериалды ем көрсетілген.
Басішілік қысымды симптоматкиалық емдеуде әртүрлі химиялық топтағы зәрайдаушы дәрі-дәрмектер ішіледі.
Дәрі-дәрмектен бөлек, науқасқа арнайы су ішу режимі тағайындалады. Тәулігіне 1,5 литрден артық су ішуге болмайды, бұл миға келетін сұйықтықтың көлемін азайтады. Кейде алтын ине мен мануалды терапия көмектеседі. Сонымен қатар, арнайы жаттығулар көрсетілген (емдік дене шынықтыру).
Сонымен, басішілік гипертензия – мидың және де басқа аурулардың салдарынан болатын патологиялық күй. Оны емдеу шарт. Емдемеген жағдайда, салдары ауыр болуы мүмкін, мысалы, соқырлыққа, тіпті өлімге алып келеді. Ауру неғұрлым ерте анықталса, солғұрым оны емдеу жеңіл болады. Симптомдарды байқаған бойда, дәрігерге баруға асығыңыз.