Анальді жарық (жарақат) – артқы өтіс негізінің шырышты қабығының жарылу немесе ойық жара болуымен аяқ астынан пайда болатын бұзылыс.

Тоқ ішек ауруларының қатарында ең кең тараған үштікке (геморрой мен колиттен кейінгі) кіреді. Әйелдерде көп кездеседі. Геморроймен (көтеу) бірге жүруі де мүмкін. Емдеу барысында міндетті түрде анықтап алу керек.

Анальді жарықтың пайда болуына жиі себеп болатын нәрсе іш қату, сонымен бірге нәжістің қатты болуы салдарынан артқы өтіс аймағының жарақаттануы.

Жанама себептеріне мыналар жатуы мүмкін:

  • Тік ішектің шырышты қабатының жарақаттануы;
  • Босану кезіндегі жарақаттар;
  • Жамбас сүйегі бұлшық етінің босаңсуы;
  • Созылмалы Асқазан-ішек жолдарының аурулары.
  • Ауыр физикалық жұмыс, т.б.

Тұйықталған шеңбер (өріс)

Ауырсыну, артқы өтістен қан кету, анальді сфинктердің жоғары тонусы (құрысу) – аурудың негізгі үш белгісі.

Анальді жарық пен көтеуді (геморрой) байланысқан жағдайда геморройлық байлаудың түсіп қалуына және тік ішектен көп қан кетуге байланысты шағымдар көбейеді.

Тұйықталған шеңбер принципі бойынша бір иптом екіншісінің арта түсуіне әсер етеді:

Үлкен дәрет кезінде ауыру сезімі күшейіп, артқы өтіс бұлшық етінің спазмы өршіп, бұл өз кезегінде ауыруды күшейтіп, жарақаттың жазылуына кедергі келтіреді.

Асқынулардан сақтаныңыздар!

Асқынған анальді жарықтар қысқа мерзімді (тек үлкен дәрет уақытында)ауыруды асқындырады, қан кету өте аз мөлшерде болады, ал құрысу анық байқалады.

Созылмалы анальді жарықтар  үлкен дәретте ауыру күшейіп,сонымен қатар ұзақ уақыт дене күйін өзгерту мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, отыру) біршама уақыт ауыру сезімін туындатады. Үлкен дәретке бару қорқыныш туғызатындықтан уақыт келе мүлде қорқынышты болу қаупі бар.

Негізгі асқыну – тік ішектің қабынуы, соның ішінде артқы өтістің шырышты қабаты арқылы инфекция түсу нәтижесінде пайда болатын жедел парапроктит (толық емес жыланкөз).

Әдетте, ас қорыту жолдарының бұзылысы бар жағдайда асқыну пайда болады.

Сондықтан асқазан-ішек жолдарын тексеруге баса назар аударылады.

Толыққанда зерттелмеген және сауатты жасалмаған ем-дом ауруды созылмалы түрге ұласуына әкеп соғады: жарықтың аумағы үлкейіп, жан-жағы тығыздалып, қатты ауыру мен іш қату болады.

Шешім! Емдеу!

Анальді жарықты емдеудің кешенді терапиясына мыналар кіреді:

  • Ас қорытудың қызметін қалпына келтіру (тамақтану тәртібін өзгерту);
  • Ауырсыну сезімін жою;
  • Ішкі сфинктердің тонусын жою;
  • Зақымдалған тіндердің қалпына келу қабілетін арттыру.

Емдеу курсы әрқашан жеке адамға тағайындалады. Ол үшін дәрігер науқастың асқазан-ішек жолдарының жұмысын тексеріп, ауру мен асқынауларды анықтайды.

Операциямен (отамен) емдеу келесі жағдайларда іске асырылады:

  • Консервативті терапия 6-8 апта бойы нәтиже бермесе;
  • Ауыру синдромы басылмаса;
  • Қабыну түріндегі асқыну пайда болса;
  • Науқаста солзылмалы анальді жарық көтеумен (геморрой) қатар болған жағдайда.

Заманауи ота жасау тәсілдері анальді жарықты жоюға бағытталған.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика