АНАЛЬДІ ЖАРЫҚ

Анальді жарық (жарылу)

Бұл өте кең тараған проктологиялық аурулардың бірі. Дәстүрлі емес тқсек қатынасын қолданатын еркектерде көп кездеседі.

Ол не?

Анальді жарық (артқы өтістің жарылуы) – тік ішек қысқыштарының шырышты қабығының зақымдануы.  90% жағдайда жарық артқы өтіс өзегінде пайда болады.

Ол неден болады?

Анальді жарық артқы өтіс өзегінің шырышты қабатының  іш қату, іш өту, геморрой, проктит, сонымен бірге анальді төсек қатынасы салдарынан ішек жақтауларының  жарақаттануынан, нәжістің әдеттен тыс заттармен (мысалы, сүйек) шығуынан жарақаттануы нәтижесінде пайда болады.

 

Анальді жарықтың негізгі белгілері:

  • Дефекация (нәжіс шығару) кезінде және кейін қатты ауырсыну;
  • Дефекация (нәжіс шығару) кезінде болмашы қан кету (үнемі болмайды) резкая
  • Артқы өтіс аймағының бұлшық етінің құрысуы (сфинктер спазмы).

Ауырсыну сезімі дәреттен кейін бірнеше сағатқа созылады. Ол ашуланшақтық, күйгелектік, ұйқының бұзылуына әсер етеді. Анальді жарығы бар науқастар әжетханаға барудан қорқып, нәжісті сақтап жүре береді. Ал ондай жағдайда нәжістің жиналып қалуы дәретке отыру кезінде артқы өтістің одан да қатты жарақаттануына себеп болады.

Ем-дом жасалмаған жағдайда жарақат өзінен-өзі жазылмайды. Жарықтың көлемі үлкейіп, нәтижесінде толық жазылмайтын ойық жара (созылмалы анальді жарық) пайда болып, іш қату мен қатты ауырсыну сезімін туғызады.

Диагностика

Анальді жарықты тексеріп, диагноз қою ісімен проктолог-дәрігер айналысады. Ауру түрі мен дәрежесі науқасты тексеріп қарап, сұрақтарға жауап алынғаннан кейін болады. Айқын көрініп тұрған ауру арнайы құрал-сайманның көмегінсіз анықталады.

Емдеу

Емдеу тәсілін проктолог науқасты тексеріп болғаннан кейін оның жағдайы мен ауру уақытына қарай белгілейді.

Емдеудің терапевттік түріне мыналар кіреді:

  • Арнайы жақпалар (мазь)
  • Ауруды басатын, қабынуға қарсы, жараны емдеп жазатын әсерге ие суппозиторийлер;
  • Майлы микроклизма;
  • Антисептік ерітіндісі бар ваннаға отыру.

Хирургиялық жолмен емдеу созылмалы анальді жарық кезінде, терапевттік әдіспен емдеу мүмкін болмаған жағдайда іске асырылады.

Хирургиялық жолмен емдеу бірнеше түрге бөлінеді:

  • Анальді жарықты жою үшін ота жасау. Бір уақытта ауруды басу үшін сфинктеротомия жасалады.
  • Дәрілік коагуляция.
  • Лазерлік коагуляция. Жарақаттанған ішектің аумағын лазердің көмегімен жергілікті жерді жансыздандыру арқылы жарықты жою.

Емнің негізгі бөлігін диета құрайды. Пайдалы тағамдар, өсімдік талшықтарына бай – көкөністер мен жемістер (қара алқоры, өрік, інжір, кептірілген өрік), ішектің жұмысын қалпына келтіретін тағамдарды пайдаланған жөн.

Ащы, тұзды, қышқыл тамақтарды, алкогольді ішімдіктерді тұтынбаған абзал.

Емдеу кезінде физикалық қысым, әсіресе ауыр көтеруге, ыстық су процедураларын қабылдауға болмайды.

Уақытылы ем жасалмаса немесе мүлде ем жасалмаса соңы ауыр асқынуларға соқтырады.

 

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика