Әйелдегі алкоголизм- әйелдердегі алкогольге деген патологиялық тәуелділік.

Физикалық, психикалық және физиологиялық ерекшеліктерге байланысты әйелдердегі алкоголизм ерлерге қарағанда басқаша дамиды. Әйелдерде алкоголизм өте тез дамиды, салдарынан психикалық деградацияға тез ұшырап, ішкі ағзаның бұзылуы жылдамдайды.

Әйелдердегі алкоголизм психотерапиямен байланыстырып, кодтаудың әртүрлі тәсілдерімен емдейді.

Себептері:

Алкоголизмнің дамуына әртүрлі факторлар әсер етеді:

  • Тұқымқуалаушылық, спирттік сусындар қолданатын отбасылық дәстүрлер, мерекелер
  • Психологиялық проблемалар
  • Үй бикелері жалыққанда көңілді сергіту үшін ішіп бастайды және т.б.

Симптомдары:

Әйелдер ішімдікке деген көзқарасы оң, сергектік пайда болады және отырыс өткізуге деген энтузиазм жоғары болады. Ыңғайлы сәтте алкогольды ішімдіктерді әртүрлі себептермен іше береді.

Диагностика

Алкогольдік тәуелділік диагнозы клиникалық симптомдарға байланысты қойылады.

Негізгі диагностикалық белгілері ретінде төрт белгіні қарастырады:

  • Құндылық туралы жүйенің өзгеруі, ішімдікті бастапқы орынға қою
  • Алкогольдің дозасы нормадан көп болса
  • Ешнәрсеге қарамастан (жеке, әлеуметтік және кәсіптік кедергілерге) ішімдік ішу
  • Абстинентті синдромның дамуы

Алғашқы үш белгісі әйелде алкголизмнің психикалық тәуелділігі барын, ал төртішісінде физикалық тәуелділік барын көрсетеді. Қосымша диагностикаға әйелге сауалнама жүргізу кіреді. Сұрақтар:

  • Әйел ішімдікті тастайтын кез келді деп ойлайды ма?
  • Маскүнемдік жайлы шағымдар айтылса ашуландыра ма?
  • Спиртті ішімдіктер ішкені үшін өзін кінәлі сезіне ме?
  • Ол әйтеуір бір бас жазу туралы ойлайды ма?

Созылмалы алкоголизмнің симптомдары:

  • Беттің қызаруы
  • Бет терісінің астындағы майда қантамырларының созылуы
  • Шықшыт безінің үлкеюі
  • Бауырдың ұлғаюы
  • Саусақ, бармақ ұштарының қалтырауы
  • Полинейропатия
  • Бұлшық еттердің атрофиясы
  • Артериялық қысымның көтерілуі
  • Дене пішімінің бұзылуы

Емдеу

Емдеу тактикасы алкголизмнің даму кезеңіне, ішімдік ішудің ұзақтығына және т.б. факторларға байланысты болады.

  • Емдеудің негізгі шарты – алкогольден түбегейлі бас тарту.
  • Клиникада арнайы реабилитаиядан өту
  • Алкоголизмнің кей түрінде амбулаториялық стационар қажет.
  • Кодтау тәсілдері
  • Психотерапиялық ем

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика