Кей деректерде Наполеон Ветерлоо шайқасында геморройының асқынып кету себебінен жеңіліп қалған деген ақпарат бар. Ал Рус елінде бұл аурудан Борис Годунов пен Петр ІІІ патшалар зардап шеккен дейді. Ол уақытта геморройдан құтылудың сенімді әрі қауіпсіз жолы болмаған. Бүгінгі күннің әңгімесі бөлек.
Геморройдың себептері
Геморрой — адамның тік жүретіндігінің өтеуі. Төрт аяқты жануарлардың ешбірінде артқы тік ішегінен қан ағып жүргені кездеспейді. Ал отырып немесе аяғынан тік тұрып жұмыс жасайтын адамдар уақыты келе геморроидалды түйіні бар кеселге айналып, проктологтың тұрақты пациентіне айналуы мүмкін.
Егер сіз жұмыс уақытында 8 сағат немесе одан да көп уақыт компьютерді отырсаңыз, кешке көлікте отырып үйге қайтып, үйде теледидарға телміріп отырсаңыз немесе түнімен монитордың алдында отырсаңыз геморрой сізді көп күттірмейді. Бұл жағдай сонымен қатар аяғынан тік тұрып, ішек қан тамырына салмақ түсіретін адамдарға да қатысты.
Геморрой асқынуларын болдырмас үшін артқы өтіс аймағында кішкентай ғана жайсыздық пайда бола салысымен уақыт жоғалтпай, бірден тәжірибелі проктолог маманға қаралу қажет.
Геморройды емдеу ауыртпайды
Геморройды емдеу жан шыдатпас дәрежеде ауыртады және өте жағымсыз деген миф өткеннің еншісінде қалған. Консервативті емдеу әдісінен хирургиялық емдеуге өту керек болған жағдайда,барынша жеңіл іске асырылатын, қалыпқа келуге ұзақ уақыт талап етпейтін жолды таңдаған жөн.Бүгінгі күнде проктолог дәрігерлер геморроймен күресте ультрасәулелі доплерометрия бақылауымен жүзеге асырылатын әдісті ұсынады. Қысқаша айтқанда HAL-RAR (Hemorrhoidal Artery Ligation — Recto Anal Repair) әдісі.
HAL-RAR операциясын жасайтын техника
Геморрой түйініне дезартеризация жасау әдісі амбулатор жағдайында, бірреттік анаскопты улытрасәуле аппаратымен бірге қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жансыздандыру іске асқаннан кейін аппарат аналь өтісіне енгізіледі.
Ірі және майда қан тамырлары өздігінен түсіп қалатын жіппен мұқият тігіледі. Ол түйіннің қысылып, ақырындап жоқ болып кетуіне көмектеседі. Онымен бірге ауыру, қан кету мен жайсыздық та жойылады.
Процедура бар-жоғы 15-3 минутқа созылады. Одан кейін науқас күндізгі стационарда бірнеше сағат қана жатады. Сол күні-ақ үйге қайтуға болады.
HAL-RAR жасалғаннан кейін сізді геморрой мазалағанын ұмытасыз.
HAL-RAR-дан кейін не істеу керек және істемеу керек?
Операциядан кейінгі кезеңде жасушаларға бай тағаммен, күніне 3-4 рет тамақтану қажет. Ащы тамақтар мен алкогольден бас тартқан жөн. Бірнеше аптаға дейін фитнеспен шұғылдану, ауыр көтеру, жылы процедуралар (сауна, ыстық ванна) және жыныстық қатынасқа түсуге дәрігер тыйым салады.
Геморрой түйінін дезартеризация жасаудың оң жақтары
HAL-RAR әдісі арқылы
- Бұл әдістің көмегімен геморройдың алғышарттары жойылады және патология төмендейді
- Кез келген анестезия түрімен жасауға болады
- Операциядан кейінгі жара болмайды
- Асқынулар мен қан кету ықтималдығы нөлге тең
- Дезартеризацияны аналь жолдарын емдеудің басқа да әдістерімен бірге қолдануға болады
- 2-3 күнде жұмысқа шығуға болады
- HAL-RAR әдісін қолданған науқастар басқа тәсілдермен емделгендерге қарағанда ауырсынуы төмен, соның қатарында отадан кейің үлкен дәретке шығу да қиындық туғызбайды.
Геморрой өзінен-өзі жазылмайды
Аңызға сүйенсек, ескі ғасырдағы тақуалардың бірін геморройдан зардап шеккендерді қызып тұрған тасқа отырғызып, дұға жасату арқылы емдеген. Одан кейін геморрой түйіндері зым-зия жоғалып, тақуаның жанына бататын ол кесел қайта мазасын алмаған.
Бүгінгі таңда ауру өзі жазылады деп қарап отырмай, дер уақытында проктолог дәрігергдің қарауына жазылу керек.
Проктология емдеу тәсілін таңдауда асығыстыққа итермелемейді және кешіккенді де кешірмейді.