Перикардит – жүректі басқа кеуде жасушаларынан бөлектеп тұратын, жүректің сыртқы қабаты перикардтың қабынуы.

Перикадртың қабынуына әртүрлі себептер әсер етеді, бірақ көп жағдайда перикардитты қосымша салдар ретінде қарастырады. Перикардиттің симптомдары мен емдеуіне қарай әртүрлі түрге бөлінеді. Симптомдардың әртүрлі келуіне байланысты бірден диагноз қою мүмкін емес.

Себептері:

Перикардитті инфекциялық және инфекциялық емес факторлар туғызады. Сонымен қатар, перикардиттің этиологиясы анықталмаған түрлері де кездеседі, оларды идиопатиялық деп атайды.

Инфекциялық перикардиттің себептері:

  • Ревматизм
  • Туберкулез
  • Бактериялық инфекциялар және айрықша инфекциялар (іш сүзек, дизентерия, тырысқақ, бруцеллез және т.б.)
  • Қарапайым инфекциялар
  • Грибоктар
  • Вирустар (тұмау, Коссаки)
  • Рикетсии бактериялары

Инфекциялық емес перикардиттің себептері:

  • Аллергиялық реакция
  • Дәнекер ұлпалардың диффузиялық аурулары
  • Қан аурулары және геморрагиялық диатез
  • Қатерлі ісіктер
  • Жүрек зақымдары
  • Сәуленің әсері
  • Аутоиммундық реакциялар
  • Глюкокортикостероидтарды ұзақ пайдалану
  • Ағзадағы зат айналымның бұзылуы
  • С дәруменінің жетіспеушілігі

Симптомдар:

Перикардиттің симптомдары оның түрі мен қабыну кезеңіне, экссудат пен оның перикард қуыссына жиналу жылдамдығына байланысты.

Құрғақ перикардит

Жүрек тұсында ауырсыну пайда болады және перикардтың үйкелуінен шуыл пайда болады. Кеудеде сыздап және қысылып ауырсыну болады, кейде сол жақ жауырынға, мойынға, қос иыққа беріледі. Ауырсыну бірқалыпты, бірақ кейде стенокардиядағыдай қатты қысылып ауыртады. Стенокардиямен салыстырғанда перикардиттің ауырсынуы жәй басталып, біраз уақыттан кейін күшейеді. Бірнеше сағаттардан бірнеше күнде күшеюі мүмкін. Ауру басатын анальгетик дәрілерден ауырсыну азаяды.

Науқастарды қосымша ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, ағза әлсіздігі, құрғақ жөтел, дене қалтырауы сияқты симптомдар мазалайды. Перикардитте ауырсыну терең тыныс алғанда, денені қозғалтқанда, жөтелде, жұтынғанда болады. Перикардиттегі шуылды жүрек және өкпені тыңдау арқылы біледі.

Экссудативті перикардит

Экссудативті перикардит құрғақ перикардиттің асқынуынан не өз алдына аллергиялық, туберкулезді және қатерлі перикардит болып дамиды.

Жүректе ауырсыну пайда болады, кеуде тұсының тарылуы, қысылуы байқалады.Ентігу, өңештің тарылуы (дисфагия) мазалайды. Барлық науқастарда қалтырау болады. Науқастың беті, мойыны, кеуденің үсті ісіңкі келеді. Терісі көкшіл реңке ие.

Асқынуы

Экссудативті перикардта жүректің өткір тығындалуы дамуы мүмкін. Перикиардит миокард қабатында қабыну және дегенеративті өзгерістер туғызуы мүмкін (миоперикардит).Сонымен қатар, медиастиноперикардитке де ұласуы мүмкін.

Диагностика

Медициналық тексерулер:

  • Кардиологтың кеңесі. Жүректі тыңдап көру. Қан талдаулары. ЭКГ, ФКГ (фонокардиография), өкпе рентгені, компьютерлік мотография, МРТ, эхокардиография, перикардтың диагностикалық пункциясы және бактерияны биопсия арқылы анықтау.

Емдеу

Перикардитті емдеу науқастың клиникалық жағдайы мен ауру себептерін анықтағаннан кейін жүзеге асады. Өткір перикардит кезінде науқасқа төсек режимі көрсетілген, ал созылмалы перикардитте науқастың жағдайына қарай физикалық күштерге шектеу қойылады.

Перикардиттердің түрлеріне қарай стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, калий дәрісі, зат алмасуды жақсартатын дәрі-дәрмектер, глюкокортикоидтар, егер экссудативті перикардит бактериялардың салдарынан болса антибиотиктер көрсетіледі.

Профилактика және аурудан кейінгі күтім

Ауруды асқындырмай, уақытылы емдесе, науқас толықтай сауығып кетеді. Іріңді перикардитте жылдам емдемесе, күрделі асқынуға ұласады. Адгезивті перикардиттің жүрекке зақымы үлкен болғандықтан, оны тек қана хирургиялық жолмен емдеу аздық етеді. Созылмалы немесе идиопатиялық перикардитте науқас кардиолог-ревматологтың бақылауында болуы тиіс. Салауатты өмір салтын ұстанып, бірқалыпты физикалық дене шынықтыруымен айналысу керек.

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика