Жоғары дамыған елдерде экономиканың төрт деңгейлi салалық бөлуi қалыптасқан, атап айтқанда:
– шикiзатты өндiру және бастапқы қайта өңдеу салалары;
– дәстүрлi   өнеркәсiп   салалары;
– материалды және еңбектi салыстырмалы төмен қажетсiнетiндiгiмен, бiрақ қосымша құндағы ғылыми-зерттеулер және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерге (бұдан әрi – ҒЗТКӘ) арналған шығындардың өте жоғары үлесiмен сипатталатын жоғары технологиялық салалар (high tесh);
– бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, жүйелiк ықпалдасу, консалтинг, бiлiм беру және т.б. сол сияқты «жұмсақ» (soft) технологиялар (қызметтер)саласы.
Экономиканың дәстүрлi салаларындағы қосымша құнның негiзгi бөлiгi шикiзатты өндiру және бастапқы қайта өңдеу процесiнде не өнiмдi өндiру процесiнде (салалардың екiншi тобы) құралады.
Инновациялық процесс тұтастай алғанда экономика мен қоғамды жаңғырту процесiнiң негiзгi мазмұны болып табылады, ең алдымен зияткерлiк еңбек нәтижелерiн кеңiнен пайдалануға негiзделедi.
Қазiргi уақытта әлемнiң жетекшi елдерiнiң экономикасының дәстүрлi индустриялықтан ұлттық индустриядан кейiнгi, яғни бiлiм мен жоғары технологияларға негiзделген экономикаға ауысу тенденциясы айқын байқалады.
Қазақстан экономикасының салалық құрылымын жоғары технологиялық, ғылыми салалардың үлесiнiң елеулi ұлғаю жағына өзгерту қажеттiлiгi туралы айғақтайды. Бұл республикада жүргiзiлген жүйелi реформалардың, сондай-ақ әлемдiк рыноктағы қалыптасқан мұнайдың жоғары конъюнктурасының алғашқы тиiмдiлiгi екенiн есте ұстауымыз керек. Экономиканың шикiзаттық бағыты республиканың тұрақты өсу аймағына шығуына мүмкiндiк бермейдi. Тұрақтандырылған экономиканы құру үшiн оны индустрияландыру қажет, ал тұрақты өсу аймағын қалыптастыру және тиiмдi экономиканы құру үшiн жоғары технологияларды қолданатын ғылыми инновация енгiзiлуi тиiс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi – Тұжырымдама) «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығының» дамуы негiзiнде (бұдан әрi – ҰБО) Қазақстандағы биотехнология саласының дамуына бағытталған.

Биотехнологияның осы заманғы жай-күйiн талдау

Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Биологиялық және техникалық ғылымдар саласындағы генетикалық және клеткалық инженериядағы осы заманғы жетiстiктерiнiң негiзiнде адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеру үшiн мақсатты түрде жасалған тiрi жүйелердiң (ең алдымен микроорганизмдер) әлеуеттi мүмкiндiктерiн пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен жақын перспективада да және стратегиялық тұрғыда да өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемалар шешiлуде.
Әр елдер, соның iшiнде Қазақстан үшiн де ұлттың салауаттылығы, экономикалық ауқаттылық немесе қорғаныс қабiлеттiлiгi болса да болашағының даму мәселелерi маңызды болып табылады. Бұл мәселелердi шешуде биотехнология маңызды роль атқарады, ол ғылымды барынша қажетсiнетiн салалардың жетiстiктерiн жинақтайды, сол арқылы олардың дамуын ынталандыра отырып, жеткен нәтиженi барлық қалған салаларға таратып, оларға мүлдем басқаша сапалық деңгейге серпiндi көтерiлуiне мүмкiндiк бередi.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының сарапшыларының қорытындысы бойынша ХХI ғасырда биотехнология оның барлық қызмет салаларында және ең бiрiншi кезекте азық-түлiк өнiмдерiн, медициналық препараттарды алуда, ауыл шаруашылығында, экология, энергетика салаларында адамзаттың дамуын анықтайтын болады.
Соңғы онжылдықта биологияда болған өзгерiстер биотехнологияның дамуында қағидалы жаңа перспективаларды ашты, өндiрiсте биологиялық процестердi қолдану шектерiн кеңейттi және «осы заманғы биотехнология» деген жалпы атауымен бiрiктiрiлген жаңа бағыттардың пайда болуына әкелiп соқты.

Әлемдiк биотехнологияның жай-күйi және даму беталысы.

Осы заманғы биотехнологияның әдiстерiн дамыту биотехнологиялық өнiмдердiң тауар рыногының өз бетiнше қалыптасуына әкелдi. Биотехнология макроэкономикалық маңызы бар өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамыту бағыттарының бiрi болып табылады. Сондықтан, экономика үшiн тиiмдiлiк жағынан елеулi маңызы ескерiле отырып, биотехнология бойынша әлемнiң барлық жетекшi елдерiнде мемлекеттiк және жеке капиталмен қаржыландырылатын ұлттық және халықаралық бағдарламалар әзiрленген және қолданылуда.
Осылайша, әлемдегi биотехнологиялық өнеркәсiп рыногының жыл сайынғы өсiмi шамамен 7% құрайды.
Әлемде биотехнологиялық препараттарды сатудың жылдық көлемi:
-тамақ өнеркәсiбi мен ауыл шаруашылығында – $46 млрд.;
-гендiк-модификацияланған өсiмдiктердiң тұқымдық материалы – $30 млрд.;
-фармацевтикалық препараттар – $27 млрд.;
-жуу құралдарын өндiру үшiн ферменттер – $21 млрд.;
-өсiмдiк және жануарлар шикiзатынан алынған емдеу-косметикалық құралдары – шамамен $40 млрд. құрайды.
2010 жылға биотехнологиялар рыногының жалпы көлемiнiң өсуi $2 трлн. Болжанып отыр.
Осы заманғы әлемдiк биоиндустрия айналымының жартысынан көбi АҚШ үлесiне тиедi. Салыстыру үшiн, биотехнологияны қаржыландыру көлемi бiр жылда АҚШ-та – $100 млрд., Қытайда – $1 млрд., Ресейде – $0,04 млрд. құрайды, ал сол уақытта Қазақстанда республиканың 2005 жылға арналған бюджетiнде биотехнология саласында мақсатты зерттемелер мен әзiрлемелерге $1 млн. (0,001 млрд.) сома жоспарланған.
Жапония биотехнология дамуының деңгейi бойынша АҚШ-тан кейiн екiншi орын алып отыр. Бұл саланың дәстүрлi салаларында, атап айтқанда ферменттер, антибиотиктер және аминоқышқылдар өндiруде күштi ұстанымдарға ие бола отырып, ең жаңа биотехнологияның әдiстерiн қолдануда АҚШ-тан едәуiр артта қалып отыр. Қазiргi уақытта Жапонияның фармацевтикалық өнеркәсiбiнiң ҒЗТКӘ-ге арналған тек 5 % жуық шығындар гендiк инженериясы саласындағы зерттемелерге келедi және 120 жуық фирмалардың ең жаңа биотехнологияның әдiстерiн пайдаланумен дәрi-дәрмек құралдарын алу тәсiлдерiн әзiрлеу бойынша өз бағдарламалары бар. Жапонияда биотехнологияны дамыту үшiн мемлекеттiк және жеке секторлар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың елеулi маңызы бар, жекелеген биотехнологиялық бағдарламаларды iске асыруға елдiң үкiметi қатысады.
Биотехнология АҚШ және Жапониямен бiрге Батыс Еуропа елдерiнде жылдам қарқынмен дамуда. Өз қызметiн үйлестiрiп алып, болашақта бұл елдер биотехнологиялық өнiмдер рыногының конъюнктурасына елеулi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Батыс Еуропада биотехнологиялық фирмалар, негiзiнде бұрында iргелi ғылыми зерттемелер жүргiзген зертханалар базасында пайда болды. Қазiргi уақытта олардың көбiсi өнеркәсiптiк корпорациялар және қаржылық мекемелермен қаржыландырылады, немесе үкiмет тарапынан қаржылық көмектi пайдаланады.
Батыс Еуропалық елдерiнiң үкiметтерi қаржыландыратын биотехнологияны дамытудың бағдарламалары мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға немесе нақты коммерциялық мақсаттарға жетуге бағытталған (АҚШ-тан айырмашылығы, мемлекеттiң күш-жiгерi көбiнесе iргелi зерттемелердi қолдауға бағытталған, ал жеке сектордың кәсіпорындары мен ұйымдары мемлекеттiң қаржылық қолдауынсыз дамиды).
Гендiк инженериясы және биотехнологиялардың халықаралық орталығы (IСGЕВ) ЮНЕСКО басшылығымен құрылған және Еуропаның, Азияның, Африканың, Латын Америкасының 45 елдерiн бiрiктiредi. Ұйым мүшелерi денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп және экология салаларында биотехнологиялық өнiмдердiң ғылыми зерттеулерi және әзiрлемелерiмен айналысады.
IСGЕВ мақсаттары: бейбiт мақсатта гендiк инженериясы мен биотехнологияны қолдану және дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу; дамушы елдерге гендiк инженериясы мен биотехнология саласында олардың ғылыми-технологиялық әлеуетiн нығайтуға көмек көрсету; мүше елдердiң ғылым мен техника саласындағы мамандар арасында ақпарат, тәжiрибе, ноу-хау алмасуды дамыту болып табылады.
Тұтастай алғанда биотехнологиялық өнеркәсiптi 3000 астам биотехнологиялық компаниялар, академиялық мекемелер, мемлекеттiк биотехнологиялық орталықтар және әлемнiң басқа да ұйымдары ұсынады.

Биотехнология және қоршаған орта.
Қазақстандағы экология мәселелерi.

Қазақстанда табиғи орта өте осал. Республиканың аумағын негiзiнен далалар, жартылай шөлдер және шөлдер құрайды. Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл секiлдi бiрегей iшкi құрлықтық теңiздер мен көлдер бар.
Антропогендiк жүктемелер нәтижесiнде Қазақстанның iс жүзiнде барлық аумағында табиғи ортаның елдiң болашақ экономикалық және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi бұзылған.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экстенсивтi дамуы жер азуы мен ландшафттың азаюы түрiнде iз қалдырған, елдiң аумағының 60% артығы қатаң шөлдеуге ұшыраған, бұл топырақ құнарлығының төмендеуiне және мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiнiң азаюына әкелiп соғады. Бiр ұрпақтық көзiнше Арал теңiзiнiң көлемi екi есеге жуық азайған. Балқаш көлiн де ұқсас тағдыр күтедi. Республиканың су қажеттiлiгi бiр жылға 100 км3 кезiнде iс жүзiндегi қамтамасыз ету 34,6 км3 құрайды. Жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында соңғы орында.
Жыл сайын республиканың сыртқы су қоймаларына 200 млн. м3 артық ластанған сарқынды сулар төгiледi. Көлемдерi бiрнешеден жүздеген текше километрге дейiн ластанған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзi айқындалған.
Өңдеу және энергетикалық кешендердiң көптеген кәсiпорындарында жетiлмеген технологияларының, негiзгi өндiрiстiк қорларының табиғи тозуы бұл зиянды қалдықтардың санының артуына ықпал етедi. Ауаны, суды және топырақты қарқынды ластау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң азуы, табиғи ресурстардың азаюы экожүйелердiң құлдырауына, шөлдеуге және биологиялық және ландшафттық түрлiлiгiнiң жоғалуына, халықтың ауру және өлiм-жiтiмiнiң өсуiне әкелiп соқты. Мұндай өзгерiстердiң салдары халықтың өмiр сүру сапасының төмендеуi және республиканың дамуының тұрақсыздығы болып табылады. Сонымен бiрге қоршаған ортаны қорғауға бөлiнген мемлекеттiк шығындар Еуразия елдерi арасында ең төменгi болып отыр. Олар жылына бiр адамға шаққанда 0,5 АҚШ долл. құрайды.
Биотехнология қоршаған ортаны – бактериядан папортникке дейiн (папортниктiң күшәндық қосылыстарды жинау қабiлеттiлiгi), адамға қажет емес сияқты папортниктен жоғары өсiмдiктерге дейiн және барлығын қорғауды да адамға қызмет етуге мәжбүр етедi.
Егер қоршаған ортаны қорғау үшiн әлемдiк технологиялар рыногы қазiргi уақытта 235 миллиард долларға бағаланса, кейбiр бағалар бойынша 25-тен 40%-ға дейiн биотехнологиялар үлесiне тиедi. 

Топырақтардың, өсімдіктердің су қоймаларының, полигондардың санация, фиторемедиация, биоремедиациясы

Бүгiнгi таңда ауыр металдармен және басқа да элементтермен ластанған топырақтарды тазарту мәселесi ашық қалуда. Металдарды өсiмдiктер жинау есебiнен топырақтардан алып тастау үшiн фиторемедиация тәсiлi iс жүзiндегi әдiстердiң (экскавация, жуу) альтернативасы, атап айтқанда аз шығындар салдарынан болып табылады.
Бұл әсiресе өсiмдiктерi кедей таулы өңiрлер үшiн ерекше маңызды, яғни ол жағдайда ландшафт жақсарады. Топырақтағы Рd Zn және Cd орташа концентрациясы 4431, 4920 және 37 мг\кг кезiнде тиiсiнше өсiмдiк нұсқауларындағы  концентрация салыстырмалы жоғары болған (23-кесте). Осылайша, табиғи  жағдайларда өсетiн Сhеnopodium album L., құрғақ сабақтарында Рb 557 мг\кг дейiн жинаған. Отырғызылған Аtriplex leucoclada сәйкесiнше Zn және Сd құрғақ сабақтардың 3165 және 14 мг\кг. ең көп санын енгiзген.
Өсiмдiктер есебiнен жел  эрозиясы, нөсерлiк сулармен шығару және инфильтрация әсерiнен ауыр металдардың таралуы азаяды. Өсiрiлген өсiмдiктер әдеттегi әдiстермен өңделуi  немесе  шағын көлемдерде орналасуы мүмкiн.
Өсiмдiктермен металдарды жинау үшiн фотобарлау мен кен орындарын әзiрлеу, фитоархеология мен ризосүзу сияқты басқа да қолданулар табылды.
Адамзат алдында тұрған ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі топырақтар санациясы, әскери полигондардың аумақтарын тазарту және химиялық қаруды жою мәселелері болып табылады.

Өсімдіктердің металдарды жинау

Өсімдіктер нұсқаулары Сабақтары Тамырлары
Pd Zn Cd Pd Zn Cd
Atriplex leucoclada 400.8 3165.0 13.9 189.4 590.0 1.4
Chenopodium album L 557.7 2186.7 9.6 194.0 680.0 3.1
Eleagnus angustifolia L 428.1 1372.5 8.5
Haloxylon articulatum 186.4 1495.0 9.4 250.2 800.0 1.6
Polygonum arenas trum 136.2 1590.0 5.6 271.8 890.0 2.9
Salsola volkenssi 223.7 1468.0 6.4 136.7 598.0 3.9
Tamarix sp. 497.6 2120.0 9.2

Химиялық қаруды жою және әскери полигондардың аумақтарын тазарту мәселелерiне қатысты АҚШ-та топырақ, су қоймалары және ауаның биоремедиациясы әдiсiмен таныстыруды енгiзетiн әскери қызметкерлердi университеттiк деңгейде даярлаудың арнайы бағдарлама бар. АҚШ Қорғаныс департаментiнiң үш үлкен полигоны 2001 жылы жарылғыш заттармен ластанған топырақтарды өңдеу үшiн W.R.Grace & Со фирмасының DARAMEND@ микробтық биоремедиация технологиясын сатып алды, өйткенi бұл технология екi алғашқы өңдеу                                             кезеңiнде                         топырақты      тазартудың 99% көрсеттi.
Ресейде ғылыми-зерттеу ұйымдары, соның iшiнде қорғаныс, топырақтар ремедиациясы және химиялық қарудың детоксикациясы кезiнде пайда болатын реакциялық массалар мен сұйық қалдықтарды өңдеудiң биотехнологиялық әдiстердiң  (микроорганизмдер мен өсiмдiктердi пайдалана отырып) әзiрлеуде. Сонымен қатар ауаны органикалық қосылыстардан тазартудың биотехнологиялық жүйесi әзiрленген және оны пайдалануға арналған лицензиялар Ұлыбритания мен Финляндия кәсiпорындары сатып алған тәжiрибе қондырғысында жасалған.
Соңғы  онжылдықтар   қоршаған ортаға  тiрi  организмдер үшiн жиi улы болатын құрылымы жағынан әртүрлi синтетикалық органикалық қосылыстардың (ксенобиотиктердiң) елеулi санының келiп түсуiмен сипатталады. Кейбiр ксенобиотиктер қоршаған ортада катаболизмге, яғни осы қосылыстардың деградациясына қабiлеттiлiктiң пайда болуына бағытталған микроорганизмдердiң эволюциялық процестердiң белгiлi бiр артта қалуынан жиналады. Қазiр әртүрлi ксенобиотиктердiң деструкция реакцияларын жүзеге асыратын ферменттердiң көптеген түрi бар микроорганизмдердiң әлеуетiн барынша пайдалану мiндетi тұр. Бұл әлеуеттi пайдалану «биоремедиация» болып табылады.
Бүгін өнеркәсіптік өндірістің 30 және одан да көп пайызын тазартушы құрылыстар салуға арналған шығыстар құрайды. Ағынды суларды тазартудың iс жүзiндегi әдiстерi үнемi жетiлдiрiлуде, бiрақ олардың тиiмдiлiгi кейде экологиялық талаптарға сай келмейдi. Ондай жағдайдан шығу жабық сұйық ағындарды пайдалану циклiмен қалдықсыз өндiрiстердi жасау мақсатында дәстүрлi өнеркәсiптiк технологияларды қайта қарау болып табылады. Осы мәселедегi қажеттi нормаларға дейiн тазартылған технологиялық циклiне қайтарумен немесе ағынды сулардан пайдалы биоөнiмдердi алумен жергiлiктi биотазарту технологиялары басты роль атқарады.
Физика-химиялық әдiстермен салыстырғанда биотехнологиялық әдiстердiң бiрнеше артықшылықтары: өңдеудiң экологиялық қауiпсiздiгi, пайдаға асырудың соңғы өнiмдерiнiң қоршаған орта үшiн зиянсыздығы, әртүрлi ластауыштарға қатысты жоғары бейiмдiлiк пен ерекшелiк, оңтайлы еңбек көлемi және жұмыстар құны, қайта өңделетiн топырақтардың табиғи қалпы мен құнарлығын сақтау.

Қазақстан өз биотехнологияларының дамыта ма, дамытпай ма, ғаламдану жағдайында республика әлемдiк биотехнология өнiмiн тұтынуға тартылады. Қазақстан дамыған елдердiң тәжiрибелiк зертханасына айналмауы керек.
Жағымсыз салдарларға жол бермеу үшiн мықты қорғаныс қою қажет, сол үшiн Қазақстанға биотехнологияның импорттық және отандық өнiмдерiн пайдалануды бақылау мен мониторингiнiң жоғары бiлiктi қызметтерiн болуы қажет.

Қазақстанға биотехнология саласында дамудың басымдылығын белгiлеген кезде экономиканың қалыптасқан ерекшелiктерi мен даму перспективаларын ескеру қажет

– агроөнеркәсiптiк кешеннiң және тау-кен өндiрiсiнiң жоғары үлесiн;
-табиғи байлықтардың болуын және табиғатта экологиялық байланысты сақтауды ескере отырып, Каспий шельфiн игеру жоспарларын;
-экономиканың өсуiнiң сақталатын жоғары қарқындарын, мұнайхимия, құрылыс, көлiктiк-телекоммуникациялық кешен, ақпараттық технологиялар, тоқыма өнеркәсiбi, туризм және спорттың даму перспективаларын;
-жылдам өсетiн және перспективтi сату рыноктарымен көршiлестiктi (Орталық Азия елдерi, Қытай, Үндiстан, Ресей);
-ядролық физика (Ядролық Физика институты, Курчатов қаласы),
-ғарышкерлiк (Байқоңыр ғарышжайы, Приозерск қаласы) саласында дамыған инфрақұрылымның болуы;
-кеңестiк ғылым мұрасының болуы (Республикалық микроорганизмдер коллекциясы, «Прогресс» ҒӨБ Технопаркi, биологиялық институттар және басқалар).
Қоршаған ортаның қалпына байланысты көптеген мәселелер табиғаты мен мәнi бойынша экологиялық болып табылады. Осыған байланысты осы заманғы биологияның мiндеттерiне табиғи экологиялық жүйелердегi жүйке жұқаруды анықтау және айқындау, оларды жандандыру және тұрақты экологиялық жүйелердiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау кiредi. Сондықтан соңғы он жылда ғалымдар әртүрлi экологиялық мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн жылдам дамитын биотехнология әдiстерiне назар аударуда.
Биотехнология жетiстiктерi тек қоршаған ортаны қорғау мақсатында ғана кеңiнен қолданылмай, биотехнологиямен байланысты бiрiншi кезекте адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаның оң ахуалына бағытталған.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика