Этиологиясы және патогенезі
Эндемиялық бұғақ ауруларының негізгі этиологиялық факторы болып белгілі бір географиялық ауданда йод жетіспеуі және сонымен байланысты организімде йод алмасуының бұзылуы болып саналады. Мұнымен қатар барлық эндемиялық ошақтарда, бұғақта қай түрінде болмасын тұрмыстағы санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы да негізгі себепкердің бірі. Ауасы жеткілікті тазартылып отырмайтын, суық, ылғалды баспаналар, таза ауаның жетіспеуі, кірленген, былғанған ішетін сумен қамтамасыз етілетін жерлер, сапасы нашар тағамдар организміне зиянды әсер тигізеді. Солардың зардабынан адамның организімі йодтың жетіспеуіне, инфекцияларға, бұғақ ауруларының босқа да этнологиялық факторларына өте сезгіш-қабылдағыш болып келеді.
Қалқанша без қызметінің гипо -немесе гиперсекреция жағдайларында түрлі ауытқулары салдарынан әртүрлі потологиялық жағдайлар және аурулар пайда болады. Гребс ауруы деп аталатын синдром көптен және баршаға белгілі. Аталған ауру көпшілік жағдайларда психикалық жарақат негізінле пайда болады. Ми қыртысынан келіп жататын импульстар енді аденогипофизде түзелатін тиреотропты гормондардың үздіксіз бөлінуін туғызады. Бұл процесс кері байланыс принципіне қарама-қарсы жүретіндіктен, қалқанша без гормондарының түзелуі мен секрециясы күшейе түседі. Гипертиреоздың асқынған формасын тиреотоксикоз немесе Базедов ауруы деп атайды. Бұл аурудың өзіне тән белгілері болады. Без көлемі ұлғайып (зоб), тахикардия пайда болады, көз шарасынан шығып (экзофтальм), зат алмасу қарқыны жоғарылайды, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді. ТТГ тоқтаусыз болінуі иммундық жүйеге де әсерін тигізіп, оның қалыпты қызметін өзгертеді. Организімнің жүдеуі байқалады.
Жіктеу. Қалқанша без ауруларының ішінде ең жиі кездесетін патология — ол бұғақ ауруы.
Бұғақ ауруы деген потология қабыну процестеріне немесе ісіктерге жатпайды. Бұл аурудың дамуы, себептері, тканьдердің потологиялық өзгерістері мүлде басқаша.
Мұнда қалқанша бездің эпитемалды патенхималық тканьдерінің өсіп, өнуі (итерплазия) ғана байқалады. Мұндай гиперплазия ісікке, қабыну процесіне жатпайды. Бұл процесте тканьдердің потологиялық өзгерістері мүлде басқаша, ал аурудың этиологиясы мен потогенезі және клиникасы да ерекше, ісіктер мен қабынулар патологияларына ұқсамайды. Бұл аурудың клиникалық көріністері бездің эндрокриндік атқаратын қызметінің өзгерістерімен байланысты болады.
Сонымен струма (бұғақ) ауруы дегеніміз қалғанша бездің эпителиінің қалың өсіп өнуімен бірге организімде әртүрлі функциялық бұзылыстардың пайда болуы, бірақ бұл өзгерістер қабыну процестерімен, қан құйылуымен, қатерлі ісіктердің дамуымен байланысты емес.
Қалқанша безінің пішінінің, көлемінің, қызметінің өзгерулеріне қарай оның аурулары төмендегідей жіктеледі.
- Туа біткен аномалиялар (кемістіктер); А) аплазия Б) иптоплазия В) эктопия.
- 2 Эндомиялық (жергілікті) бұғақ ауруы; а) Қалқаншабездің ұлғаюына қарай бес дәрежеге бөлінеді.
1.көзге ұлғайғаны көрінбейді, бірақ пальпацияда бездің мөлшері білінеді. 2. жұтынғанда білінеді. 3.көзге жақсы байқалып тұрады; 4.мойынның формасын бұзып тұрады. 5.мөлшерлері тым үлкен болады.
Б) формасына қара (диффузды, арасал, түйінді)
В) функциясының өзгеруіне қарай (эутиреоз, гипотиреоз).
Гипертиреоидті түйінді бұғақ токсикалық аденома деп аталады.
3 Спорадикалық (ілуде бір кездесетін кездейсоқ) бұғақ (эндемиялық бұғақ сияқты бұл да ұлғаюына, түрінің және функциясының өзгерулеріне қарай бөлінеді).
4.Диффуздық, токсикалық (уландыратын) бұғақ яки Базедов ауруы (жеңіл, орташа, ауыр түрлеріне бөлінеді).
5.Гипотериоз (женіл, орташа, ауыр түрлері) Ауыр гипотериоз миксидема деп аталады.
6 Бездің қабынды аурулары;
а) жедел, қатал басталатын тиреиодит (струмит);
б) қаталдығы, жеделдігі бәсендеу (подострый) басталып, дамитын тиреоидит де Кервен-Крайльдың ауруы)
г) басқалары (құрт ауруы, мерез, актиномикоз, эхинококкоз т. с. с.)
- Травмалар жабық және ашық түрлері.
- Қатерлі ісіктер (рак, саркома тағы басқалар). Зарттеу әдістері. Аурудың анамнезін жиыстырғанда бұғақ ауруының жергілікті (эндемиялық) ошағын анықтау қажет. Бірсыпыра жағдайларда бет әлпетіне, терісінің қүйіне, саусақтардың дірілі мен тамырдың соғуына ерекше назар аудару қажет. Объективті зерттегенде жергілікті (локальді) мәліметтер аса бағалы болып есептеледі. Науқас адамның алқымын артқы жағына түрегеліп тұрып, сондай ақ науқастың жауырының астында жастық қойып, басын жастықтан төмен түсіріп жатқызып, пальпациямен қарағанда бездің ұлғайғанына жақсы анықталады. Төстің аржағындағы бұғаққа күдіктенгенде көмекейді мұның орнынан ығысқандығын анықтау үшін ренгенография мен томография арқылы зерттеу қажет. Бездің шамасын, оның гиперфункциясы мен гипофункциясын, бездің немесе оның бөлігінің бұрынғы орнынан ауытқуын, ісіктің, кейде метостаздың бар екендігін анықтауға мүмкіндік беретін сканография мен сцинтиграфия болып табылады. Сау адамда радиоактивті йодтың сіңуі 24-72 сағаттан кейін, ал тиреотоксикоз кезінде 6-24 сағаттан кейін байқалады. Қалқанша без қызметінің қүйін белокты байланыстыратын йод (ББИ) дәрежесі бойынша да анықтауға болады. Ол нормасында 3,5-7,5 мкг-ға тең. Бір сыпыра жғдайларда пункция, ларингоскопия және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) бағалы диагноздық мәліметтер береді.