ҚАЛҚАНША БЕЗІ АУРУЫ

Қалқанша безінің ауруы – эндокриндік жүйе жұмысының бұзылуы салдарынан туындайтын ауру болып табылады. Бұл аурудың пайда болуына ең алдымен қалқанша безінен бөлінетін гормондар деңгейі әсер етеді.

Гипотиреоз

Тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі гипотиреоз деп аталады. Бұл синдром өте көп кездеседі. Әсіресе, үлкен жастағы әйелдерде жиі байқалады. Аурудың пайда болу себептері әртүрлі. Қалқанша безінің суықтауы, тағамдағы иод мөлшерінің жеткіліксіздігі, қалқанша безінің жарақаты, гипофиз ауруы т.б. себеп болуы мүмкін.

Тиреотоксикоз

Ағзада қалқанша безінен бөлінетін гормондардың көбею құбылысын тиреотоксикоз деп атайды. Бұл жағдай зоб ауруы немесе қалқанша безі аурулары кезінде тиреоидты гормондарды немесе йодты көп мөлшерде пайдаланудан туындауы мүмкін.

Гипотиреоз кезеңінде ағзадағы барлық процестер баяу іске асады. Қарама-қарсы жағдайда керісінще, зат алмасу процесінің өтуі жылдамдайды және дене мүшелері күшпен жұмыс істеуіне тура келеді.

Қалқанша безі ауруына жеңіл қарауға болмайды. Өте мұқият болу керек. Өз бетінше қабылданған ем-дом түрлі асқынуларға соқтыруы мүмкін. Өмірге қауіп туғызатын жағдайлар да орын алуы ықтимал. Сондықтан көңіліңізде қалқанша безіне байланысты титтей күмән болса да дәрігерге қаралып, толық тексеруден өткеніңіз абзал.

Әйелдерге арналған төсемелерді шығаратын көптеген өндірушілер өңделген қоқысты пайдаланады. Бұл жайлы мамандар не айтады?

Рымаренко Виталий, дәрігер акушер-гинеколог: «Әлемдік нарықта түрлі төсемелер пайда болғанға дейін әйелдер қағаз маталарды пайдаланды. Біздің әжелеріміз, синтетикалық төсемелер дәуірі келгенге дейін біраз уақыт  аналарымыз соны қолданды. Сол кезде әйелдер жыныстық аурулары бүгінге қарағанда  әлдеқайда аз болды деп сеніммен айта аламын.  Бүгінгі таңда  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сүйенсек, қазіргі әйелдердегі жыныстық аурулардың 53 пайызы сапасыз төсемелерді пайдаланудан туындап отыр. Ондай аурулардың қатарына жатыр мойны эрозиясы, қынаптың қабынуы,бедеулікке жеткізетін  етеккір циклының бұзылуы, жатыр түтікшелері мен жатырдың қабынуы секлді аурулар бар. Осы жағдайға байланысты тағы бір мәселе бар. Ол – томпондарды қолдану мәселесі. Томпондар түрлі жамандықтың көзіне айналып отыр. Себебі томпон қынапқа кіргеннен кейін барлық инфекцияны өзіне жинап алады. Ол уақытында ауыстырылмаған жағдайда, инфекциялар әйелдің ағзасына ауысып кетеді. Дәрігерлердің зерттеуінше, соңғы уақытта ісік аурулары бес есеге дейін өскен. Әйелдер жыныс ауруында ең көп кездесетіні – жатыр мойны обыры.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика