ТАУРИН ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Соңғы уақытта мамандар адам ағзасындағы зат алмасу процесін қадағалайтын, қант диабетін емдеуде жоғары жетістікке жетуге көмектесетін заттарға баса мән беріп келеді. Таурин – ол заттардың ішінде ерекше орын алады.

Тауриан – біздің ағзамыздағы әрбір клеткада кездесетін бірегей зат. Тауриннің түрлі жетістікке жетуге қызмет ететіні шындығында таңқаларлық. Таурин глюкозаның клеткаға сіңірілуіне, ондағы зат алмасу процесіне қатысады. Ағзадағы холестеринмен араласып, оның ағзадан шығарылуын қамтамасыз етеді.

БІЗ ТАУРИНДІ ҚАЙДАН АЛАМЫЗ?

Бұл зат адам ағзасында аздаған мөлшерде синтезделсе, негізгі көзі теңіз өнімдері болып табылады. Таурин мөлшері күнделікті жеген тағамымыздан гөрі теңіз өнімдерінің құрамында он есеге дейін көп кездеседі.

Медицинада тауриннің негізінде Дибикор дәрілік препараты жасалған. Дибикордің әсері – тауриннің физиологиялық әсер ету түрі. Дибикор қант диабетінің 1 және 2 түрінде, холестерин мөлшерінің көбейіп кетуінде және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады.

 ДИБИКОРДЫҢ ӘСЕРІ

Қант диабетін емдеуде базалық терапияға Дибикорды қосса сырқатты жеңуге оң әсерін тигізетіні анықталған. Дәрілік препаратты ашқарынға және тамақтан кейін қабылдаған жағдайда қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, артериалық қысымды реттейді және жүректің жұмысын жақсартады.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика