Рандомизацияланған бақыланатан зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі

 

Рандомизерленген бақыланатын клиникалық зерттеулер (РКЗ) өткен ғасырдың ортасынан өткізіледі.РКЗ дәлелді медицинаның іргетасы болып табылады, себебі олардың негізінде ғылыми негізделген шешімдер қабылданады және мета-анализ өткізіледі. Сондықтан бұл тақырып заманауи әлемде өзекті, себебі рандомизерленген клиникалық зерттеулерсіз негізделген ашылымдар болмайды. Менің мақсатым рандомизерлеген зерттеулердің кезеңдері мен өткізілу методикаларын ашып көрсету болып табылады, себебі ол студенттерге және ғылыми жоба дайындауды жоспарлап  жүрген адамдарға қызықты болады. Бұл салада көптеген жайыттар зерттелген, бірақ интерпертация ешқашан артық болмады. Менің жұмысымның мақсаты осы құбылысты қарастыру және РКЗ ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктеріне тоқталу.

Рандомизерленген клиникалық зерттеу түсінігі

Рандомизерленген бақыланатын зерттеу (Randomized controlled trial, RCT) —субьекттер топтарға рандомизерленетін, әдетте бақылау және тәжірибе топтары деп аталынатын әксперимент. Топтарға бөлу экспериментальді профилактикалық және терапиялық емдеу жүрзілуі немесе жүргізілмеуі үшін жүзеге асырылады.

Нәтижелер аурудың пайда болу жиелігін, өлімді, жазылу немесе басқа да нәтижелер бойынша тәжірибе және бақылау топтарында салыстыру арқылы алынады. Рандомизерленген бақыланатын зерттеулер  әдетте гипотизаның ең нақты ғылыми тексеру түрі ретінде бағаланады. Кейбір авторлар бұл әдіске randomized control trial ретінде жүгінеді.

Рандомизацияның нәтижелерін құпияда сақтау жасырын бақылау плацебомен біріктіріледі. Соның арқасында қызметкерлер мен зерттеу субьектерінің соқырлануы жүзеге асады.

Заманауи РКЗ  ерекшелігі қатаң этикалық нормаларды ұстану болып табылады.  Кез-келген РКЗ басында оның хаттамсы ұлттық немесе аймақтық этикалық комитетпен мақұлдану керек. Келешекте этикалық комитет міндетті түрде РКЗ кезінде пайда болған  елеулі жанама әсерлер және хаттамаға енгізілген өзгертулер туралы хабарландырылады.  Зерттеуге қосылардан бұрын оның қатысушысы ерікті түрде ақпараттық келісімге қол қою керек. Келісімде қол жетімді түрде зерттеу мақсаты, мүмкін асқынулар мен ыңғайсыздықтар, артықшылықтар және альтернативті емдеу жолдары жазылу керек. Науқас тек ақпарттық келісімді алғаннан кейін ғана зерттеуге қатыса алады. РКЗ баларда өткізілетін болса ақпараттық келісімге оның ата-анасы немесе қорғаушысы қол қояды.

 

Бақылау түрлері

Бақылаудың төрт түрі қолданылады:

  • бастапқы жағдайды бақылау;
  • плацебо-бақылау ;
  • белсенді бақылау;
  • мұрағаттық статистиканың бақылау;

Бастапқы жағдайды бақылау барлық клиникалық зерттеулерде қолданылады. Емдеу басталмастан бұрын клиникалық өлшеу (бастапқы жағдайды өлшеу) барлық науқастарда жүрзіледі. Оның мақсаты бастапқы ақпарат алып оны емдеу біткеннен кейін нәтижелермен салыстару. Бастапқы жағдайды бағалау дәрісіз емдеу периоды немесе рандомизерлеу өткізілуі алдында плацебомен емдеу периодында жүзеге асырылады.

«Негативті бақылау» технология ретінде белгілі плацебо-бақылау әдісінде науқасқа плацебо (эффективтілі жоқ) тағайындалады. Ол экспериментальді дәрілік заттан сыртқы түрі, дәмі, иісі бойынша  ерекшеленбейді.

Белсенді бақылауға зерттелетін көрсетіліммен салыстырғанда белсенді болып келетін дәрілік зат қолданылады.  Плацебо қолданылатын жағдайда сияқты белсенді бақылаудың дәрілік заты зерттеліп жатқан препарттан ешқандай айырмашылығы жоқ.

Мұрағаттық статистиканы бақылау немесе тарихи бақылау емдеудің экспериментальды курсы мен белгілі аурудың нәтижесі туралы бар ақпаратты салыстыруға мүмкіндік береді. Көп жылдық бақылау кезінде мұрағаттық статистиканы бақылау мәлім патологияны емдеу түрі жоқ кезде  немесе сирек кездесетін ауруды зерттеу кезінде қолданылады.

 

Зерттеу модельдері

Клиникалық зерттеулердің келесі типтік модельдерін ажыратады:

  • бір топты зерттеу (single group study);
  • параллель топтарды зерттеу (parallel group study);
  • қарама-қайшы топтарды зерттеу (crossover group study).

Бір топты зерттеу барысында барлық пациенттер бірдеу экспериментальді ем алады. Бұл зерттеу моделі емнің жке науқасқа қалай әсер ететіне  немесе мұрағаттық статистиканы бақылау нәтижелерімен салыстыру үшін жүргізіледі.Сондықтан науқастар емдеу топтары бойынша рандомизерленбейді және дәрілік затты жасыру қажеттілігі болмайды.  Бір топ моделі сау еріктілер қатысатын  клиникалық зерттеулердің 1-ші фазасында қолданыла алады, бірақ әдетте зерттеулердің 3-ші фазасында қолданылмайды. Оған қарамастан мұндай зерттеу модельдері емдеудің экспериментальді курстарын жүргізгенде пайдалы болады.

Параллельді топтарда зерттеу жүргізгенде екі немесе одан көп топтардың зерттелушілеріне әртүрлі емдеу курсы және дәрілік заттың  әртүрлі дозалары беріледі. Статистикалық дәлелділікке қол жеткізу үшін зерттелушілер топтарға кездейсоқ таңдау әдісі арқылы таралады. Параллеь топтарда зерртеу моделі емдеудің эффектілерін анықтау  және алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасау үшін оптималды болып саналады. Бақылаушы мекемелер осы дәрілік заттың зерттеу моделіне таңдау береді, клиникалық зерттеудің 3-ші фазасында қолданылады.

Клиникалық тестілеудің белгілі жағдайларында параллель топтарда қарапайым зерттеудің екі нұсқасы қолданылуы мүмкін:

  • факториальді модельдер;
  • біртекті емес модельдер

Модельдер параллель топтарда жүзеге асыралады, және алынған нәтижелер салыстарудың спецификалық әдістері арқылы негізделеді.  Факториальді  модель – бірнеше параллель топтар қатысатын зерттеу моделі.   Емдеу кестесін құрастыру және әртүрлі препараттардың комбинацияларының әсерін зерттеу үшін бұл модельде зертек пайдалы болып табылады.

Біртекті емес (үздіксіз) модель «терапияны тоқтату» [withdrawal (discontinuation) design] – бұл басында параллель топтарда  зерттелушілер зерттелетін емдеу алады; кейін емдеудің зерттеуін жалғастыру үшін белгілі реакциялары бар науқастар жасарын зерттеу немесе плацебо қолдану арқылы рандомизерленетін зерттеу моделі. Бұл модель әдетте реакция пайда болғанннан кейін және рецидив немесе ремиссия тіркелегеннен кейін препаратты қабылдауды тоқтату арқылы эффективтілікті бағалау үшін қолданылады.

 

РБЗ өткізу кезеңдері

Зерттеудің міндеті мен мақсаты

РБЗ жоспарлау мақсат пен міндеттерді қалыптастырулан басталады. Олар өзекті және практикалық жағынан елеулі болу керек.

Сондықтан мульцентрлі РБЗ өзінің саласында әйгілі мамандар ұйымдастырады.Әрбір жаңа РБЗ дизайн және науқастар популяциясы бойынша ерекше болып келеді, сондықтан қазір бар хаттамлар қайтадан жүзеге асырылуы мүмкін емес, дегенмен олар адаптация үшін база болуы мүмкін. Ұқсас міндетті шешу мысалы ретінде екі қатты дизайн және зерттеу нәтижесінің хаттамасы бойынша ерекшеленетін ALLHAT және ASCOT.

РБЗ шешілетін мәлелер көп болмауы керек, себебі ондай жайт теріс оң нәтижелерге алып келуі  және алынған ақпараттарды тәжірибеде қолдануды қиындатуы мүмкін..

Науқастарды таңдау

РБЗ-да маңыздалығы бойынша екінші  зерттеуге қосу және қоспау критерийлерін анықтау болып табылады. Қосу критерийлері зерртеу мақстымен алдын ала анықталады, олардың ең көлемдісі науқастырды таңдауды және популяцияға эктраполирлеуді жеңілдетеді. Бірақ мұндай жағдайда бастапқы клинико-демографиялық көрсеткіші және тестілінетін іс-әрекеттің эффективтілігі бойынша әр текті топта құру мүмкіндігі пайда болады. Әдетте РБЗ-ға аурудың орташа ауырлығы бар науқастарды қосады.

Қоспау критерийі зерттеу кезінде қателердің болу мүмкіншілігін төмендету керек.Егерде науқастар контенгенті РБЗ-ның субьектісі болмаса, зерттеуге кәмілітке толмағандарды, жүкті және лактация кезеңіндегі әйел адамдарды, онкологиялық және психикалық ауралары бар науқастарды зерттеуге қоспайды. Қоспау критерийлерінің маңызды мақсаты тәжрибе және бақылау топтарында бірдей емді қамтамасыз ету және де зерттеу кезінде зерттеліп жатқан дәрілік затқа ұқсас препараттың қолданылуын болдырмау болып табылады.

Бастысы неғұрлым РБЗ үлкен және оны аяқатуды тез ұйымдастырса, соғұрлым қосу критерийлері ауқымды болу керек және қоспау критерийлері аз болу керек.

Рандомизерлеу

РБЗ мәліметтерінің нақтылығы топтардың үйлесімділігіне тікелей байланысты болып келеді. РБЗ жүргізгенде рандомизерлеу негізгі саты болып саналады.

Топтарда науқастардың саны аз болғанда дұрыс өткізілген рандомизерлеу де олардың біртектілігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдайда алдын ала стратификация қолданалады, онда науқастардың бөлінуі алдын ала бір немесе бірнеше белгі бойынша құрылған барынша біртекті топтарда емдеу варианттары жіктеледі. Науқастардың осы негізгі белгілер бойынша минималды түрде болуы керек. Бұл тәсіл сенімді нәтижелерге кепілдік береді және жүйелік қателердің пайда болуын болдырмайды.РБЗ жүйелік қатенің болмауы негіздеме (validity) деп аталады.

Рандомзерлеуден кейін салыстырылатын топтардың үйлесімсіздігіне ең жиі себеп болып табылатын  анализге зерттеуге қатысқан барлық науқастардың қосылмауы.

Рандомизерлеудің көптеген тәсілдері белгілі: мөлдір емес бекітілген және ретімен номерленген конферттер тәсілі, компьютерлік тәсіл,фармацевтикалық компаниямен дайындалған  ұқсас ретімен номерлеген контейнерлер тәсілі, фармацевтикалық фирманың маманымен телефон арқылы орталық рандомизерлеу. Ең обьективті болып ішіндегі соңғысы болып саналады, ал эффективтілі аз болып конверттер әдісі саналады.

Қазіргі уақытты ғылыми зерттеулерде рандомизерлеу қолданылмауының бірнеше себептері бар:

  •  дәрігер-зерттеушілермен дәлелді медицина негіздерін
  • дәстүрлі практиканы соқыр қудалау және белгілі ойлардан басқаша нәтиже алу қорқынышы
  • науқасқа эффективтілігі төменірек емдеу қолдануға қорқу, бірақ оның шынайы эффективтілігін анықтау үшін РБЗ жүргізіледі
  • РБЗ адамдарда өткізуді қатаңдататын негативті қоғамдық ойлар

Интерпретация анализ және нәтижелерді жариялау

РБЗ статистикалық анализінің негізгі мақсаты айырмашылықты және оның нәтижелер бойынша дәлелдігінің деңгейін анықтау болып табылады. Қазіргі уақытта алынған нәтижелердің анализі үшін көптеген статистикаылқ программалар пакеті бар. Іс-әрекеттің эффективтілігі туралы обьективті ақпарат алу үшін анализге зерттеу хаттамасына сәйкес емдеу жүргізілген науқастарды емес барлық бастапқы рандомизерленген науқастарды қосу керек. Бұл қателерді минимизерлеудің негізгі жолдарының бірі болып табылады.

Зерттеудің нәтижесі келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы жарияланады: аурудың жағымсыз нәтижесінің алдын алу үшін емдеу керек  науқас саны, жағымсыз нәтиженің абсолютті/салыстармалы тәуекелі, статистикалық дәлелділік.

РБЗ нәтижелері бар мақаланы халықаралық конференцияларды және съездерде жариялайды. Мақаланың мазмұны қарапайым болып келеді.  РБЗ статистикалық аспектілері мен максималды түрде дизайн берілу талабы қойылады.Ерекше қызығушылық нәтижерлерді талқылау тудыруы мүмкін, себебі олар оның өткізілуі барысында болған қарама-қарсы жайыттар туралы қосымша мәлімет беріу мүмкін.

Қазіргі уақытта РБЗ өткізу үшін этикалық және методологиялық стандарттар құрастырылған. Плацебо-бақылау зерттеулер альтернативті емдеу жолы жоқ кезде ақталған болып табылады және олардың эффективтілігі күдік туғызбайды.

 

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика