Фармакоэпидемиология – үлкен топтағы адамдарға дәрілік заттардың әсері мен қабылдануы жөнінде оқытатын ғылым саласы. Үлкен топтардағы адамдарға дәрілік заттың әсерін оқып білу үшін фармакоэпидемиология фармакология және эпидемиология салаларын біріктіреді. Сол себепті фармакоэпидемиологияны фармакология мен эпидемиологияның біріктірмесі ретінде қарауға болады.
Клиникалық фармакология – дәрілік заттардың адамдарға әсерін зерттесе, эпидемиология популяцияда аурулардың таралуы мен детерминантын зерттейді. Басқаша айтқанда фармакоэпидемиология фармакологиялық сұрақтарға эпидемиологиялық әдістердің жүргізілуі.
Фармакоэкономика – жаңадан дамыған жеке бір ғылым саласы, мұнда салыстырмалы түрде ауруға жүргізілген емнің шығыны мен әсер етуі, қауіпсіздігі оқып зерттеледі. Практикалық жағынан қарағанда, фармакоэкономика арзан дәрілік заттарды пайдалану емес, нәтижеге жетуге қажетті дәрілік заттады іздеу болып табылады.
Фармакоэпидемиология (ФЭ) – популяция деңгейінде немесе үлкен топтардан тұратын адамдарға дәрілік заттарды қолдануды зерттейтін ғылым. Фармакоэпидемиологияның мақсаты – қолданылатын дәрілердің бағасын/ықпалын тиімді көз қарасқапен қарастыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, «drug utilization» әлеуметтік, медициналық және экономикалық салдардың көз қарастарымен қоғамда дәрілік зат өндірілуін, таралуын, тағайындалуын және қолданылуын зерттеу болып саналады.
Фармакоэпидемиология зерттеулерді, дәрілік зат тіркеуге алғаннан кейін және дәрілік зат айқын клиникалық тәжірибеде қолданғаннан кейін пайдасын/тәуекелін анықтау қажеттілігіне байланысты жүргізген дұрыс. Фармакоэпидемиология зерттеулер РКЗ барысында алынған ДЗ туралы мәліметтерді анықтауға мүмкіндік береді, олар ықпалдары мен қауіпсіздігі туралы жаңа мәліметтермен толықтырылады, сонымен қатар ДЗ басқа да салаларда қолданылуын зерттейді. ФЭ негізгі мақсаттарына жататындар: қоғамдағы қолданылып жүрген ДЗ «моделдерін» сипаттау; ДЗ алдын белгісіз болған, жаңа ықпалдарын ашу (қалаулы және сол сияқты қалаусыз); бұл ықпалдардың ДЗ қабылдауымен байланысын анықтау; тәуекелді бағалау/популяциядағы айқындалған ықпалдар дамуының жиілігі.
Фармакоэпидемиологиялық зерттеулер дизайны әртүрлі болып келеді, жеке клиникалық жағдайларды суреттеуден үлкен топтан тұратын адамдарды қамтитын және оларды ұзақ уақыт бақылайтын зерттеулерге дейін. Популяциялық бағытқа байланысты фармакоэпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын көптеген әдістер, эпидемиологиядан алынған.
Жиі қолданылатын әдістерге жататындар: жағдайларды суреттеу (case report); жағдайлар сериясын зерттеу (case series); ұзақ уақытты үрдісті зерттеу (analyses of secular trends); «жағдай-бақылау» зерттеулері (case-control studies); когортты зерттеулер (cohort studies).
ДЗ қолдану зерттеулері. ДЗ қолданудағы шолу/бағалау (drug utilization review study). ДЗҚ шолуындағы критериелері ретінде қолдану көрсеткіштерін, препаратты талдау тиімділігін және оларды қолдану тәртібін, дәрілік терапияның клиникалық және/немесе зертханалық мониторинг қажеттілігін, ең жақсы қауіпсідігі жағынан ДЗ тиімділігінің эквиваленттілігін қолданылады. ДЗ қолдану қауіпсіздігінің негізгі бағалануын, эксперт тобы нұсқауларға, терапия стандартына негізденіп жүргізеді.
ДЗ қолдану бағдарламасы (drug utilization review program). Ұзақ уақытты жоба, дәрілік терапияның сапасын жақсартуға бағытталған: ДЗҚ мәліметтерін жинау, сараптау және талдау; ДЗ қолдану сапасын жақсартуға бағытталған жиынтық бағдарламаны өңдеу (дәрігерлерді оқыту, науқастарға арналған жалпы білімділігін арттыру бағдарламасы, административті сипат шаралары және т.б.); ДЗҚ бойынша өңделген шаралардың тиімділігін бақылауды, мәліметтерді қайта сараптау жолымен жүргізу.
ДЗ қолдану сапасын жақсарту бойынша бағдарламаны өңдеу, ДЗҚ шолу/бағалау нәтижелеріне негізделген. ДЗҚ шолу/бағалау бағдарламасын жүргізгеннен кейін, нәтижелерді бақылау бағдарламасы ретінде қолданылады.
ДЗ қолдануына шолулар (surveys of drug use). ДЗ әртүрлі деңгейде сандық қолдануы туралы мәліметтер береді (ЕПМ, область, мемлекет). Концепция DDD (Defined daily dose) ДЗ қолданылуын өлшейтін стандартизацияланған бірлік болып келеді және ДЗ қолдануға салыстырмалы зерттеулер жүргізу кезінде кеңінен қолданылады. ӘДҰ анықтамасы бойынша, DDD ересектерге ДЗ негізгі көрсеткіштер бойынша қолданғанда, оның орта ұстап тұрушы мөлшерін көрсетеді. DDD – бұл әртүрлі медициналық көздердің сараптау жолымен алынған есептеу көлемі, ол айқын қолданылатын мөлшердің негізгі ақпараттарымен анықталынады. Бұл «техникалық» өлшем бірлігі, ол белгілі топта немесе популяцияда қолданылған ДЗ «қарқындылығын» жобалап бағалауға мүмкіндік береді.
Көбінесе ДЗ қолданылуы туралы мәліметтерді DDD/1000 тұрғындардың/күн саны немесе DDD/тұрғындардың/жыл саны (қысқа курспен қолданылатын ДЗ үшін), ал стационарлар үшін – DDD/100 төсек орын-күн саны. DDD әдістемесінің қолданылуы ДЗ емдеу мекемелерінде, аймақта, уақыт өтуіне қарай елде қолданылуының үрдісін бағалауға, сонымен қатар бір терапиялық топтың ішінде, емдеу мекемелерінің арасында, аймақтарда, елдерде ДЗ қолданылуына салыстырма жүргізуге мүмкіндік береді.
Ем ықпалының маңызды ақпаратты көрсеткішіне ^ Емделу қажетті науқастар санын (ЕҚНС) – number needed to treat (NNT) анықтау әдісі жатады: қорытынды тәуекел стандартизациясы бойынша. Бұл бір жағдайда белгілі жағымды нәтижелерге қол жеткізу үшін, қажетті белгілі әдіспен (немесе препаратпен), белгілі уақыт мерзімінде емдеуді қажет ететін немесе бір қалаусыз жағдайларды шеттету болып табылады. Мәліметтер көрсеткішін рандомизирленген клиникалық зерттеулер нәтижелерін жақындастырған кезде қолдану мүмкін. Есептеу үшін бақылау тобындағы жағымды немесе жағымсыз (АТК) нәтижелерінен абсолюттік тәуекел (АТ) көлемін қолданады, емделу тобында (АТЕ). Олардың арасындағы айырмашылық абсолюттік тәуекелдің төмендеу (АТТ) көрсеткішіне жатады. Сонымен қатар салыстырмалы тәуекелдің төмендеуі (СТТ) анықтайды: СТТ = (АТБ-АТЕ)/АТБ. ЕҚНС СТТ қайтымды көлемінен тұрады: ЕҚНС= 1/АТБ-АТЕ. СТТ мен АТБ көлемдерін есептемей-ақ ЕҚНС анықтайтын номограмма бар. СТТ көлемдерінің мәліметтерін клиникалық рандомизирленген зерттеулер барысында алады.
Фармакоэкономика – клиникалық фармакология, фармация және денсаулық сақтау экономикасының қилысуында пайда болған, салыстырмалы жаңа ғылыми-тәжірибелік бағыт. Фармакоэкономикалық әдістің сараптамалары әртүрлі бағдарламалармен емдегендегі олардың ықпалдары мен құны қатынасына бағалаулар жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі күнде тәжірибеде 4 негізгі клинико-экономикалық сараптама әдісі қолданылады:
- «шығынның минимизациясы»;
- «шығын-ықпалдылық»;
- «шығын-пайдалық»,
- «шығын-пайда».
Әр көрсетілген әдістер әртүрлі бағалау критерияларына негізделген және нәтижелердің өлшем бірліктері әртүрлі. Сараптама «шығын-ықпалдылық» тікелей есем клиникалық көрсеткіштер түрінде өлшенуі мүмкін (АҚ, гемоглобиннің деңгейі), сонымен қатар «сақталған өмір» көрсеткіші түріндегі клиникалық ықпал бірлігіне келетін шығын есебі.
Осы сараптама түрін жүргізу кезінде әр бара-бар емдеу кестесіне шығын-ықпалдылық қатынасын формула бойынша есептейді:
CEA = DC + IC / Ef
Бұнда:
- CEA – шығын-ықпалдылық қатынасы (ықпалдылық бірлігіне келетін шығын көрсеткіші);
- DC – тікелей шығын;
- IC – тікелей емес шығын;
- Ef – емнің ықпалдылығы (алынған бірліктегі).
Экономикалық көз қарас бойынша, ықпалдылық бірлігіне аз шығын кету кестесі ыңғайлы.
«Шығынның минимизациясы» сараптамасы «шығын-ықпалдылықтың» түр асты болып келеді, бұл кезде шығын сәйкес ықпалдылықпен дәлелденген бара-бар араласулармен салыстырылады. Айқын тәжірибеде бұндай араласулар бірдей абсолюттік бағаланылатын ықпалдылық көз қарастан, сонымен қатар қауіпсіздік жағынан өте сирек кездеседі.
Минимизация шығынын есептеу келесі формуламен жасалады:
CMA = (DC1 + DC1) – (DC2 + IC2),
бұнда
- CMA – шығын айырмашылық көрсеткіші;
- DC1 және IC1 – 1-ші әдісті қолданғандағы тікелей және тікелей емес шығындар
- DC2 және IC2 – 2-ші әдісті қолданғандағы тікелей және тікелей емес шығындар. «Шығын-пайдалық (пайдакүнем)» сараптамасы «пайдалықты» анықтауға негізделген, жиі қолданылатын критерияларға сапала өмірдің сақталған жылдары жатады (QALY). Бұл көп дәрежеде науқастың «көз қарасын» көрсетеді, ол үшін медициналық араласулардың пайдасы.
Шығын-пайдалық есептелуі келесі формуламен шығарылады:
CUA = [(DC1+IC1) – (DC2+IC2)]/Ut1 – Ut2,
бұнда
- CUA – шығын-пайдалық қатынасы (яғни, пайдалық бірлігінің құны, мысалы, сапалы өмірдің бір жылы)
- DC1 және IC1 – 1-ші емдеу әдісіндегі тікелей және тікелей емес шығындар
- DC2 және IC2 – 2-ші емдеу әдісіндегі тікелей және тікелей емес шығындар
- Ut1 және Ut2 – 1-ші және 2-ші емдеу әдістеріндегі пайдакүнемдік.
«Шығын-пайда» сараптамасы денсаулық үшін ықпалдылық бірлігі пайдасының қатынас бағасы ақшалай шығынына құралады (мысалы, өмір сапасы).
Емдеу-алдын алу шаралар мекемелері жағдайында (ЕААШМ) АВС/VEN сараптамасы жатады. АВС/VEN әдіс сараптамасы кездесетін ДЗ таралуы олардың маңыздылық (маңызды) дәрежелігі бойынша, ДЗ таралуымен абстракты науқас (VEN- сараптама) үшін, қаржы заттарын (АВС- сараптама) сатып алу құрылысының шығынына негізделген. VEN- сараптама барысында сарапталынатын ДЗ маңыздылық дәрежесі бойынша өмірге-маңызды (Vital – өмірге қауіпті клиникалық жағдайларда қолданылатын, өмір үшін қауіпті алып тастау синдромы бар, үнемі қабылдауды қажет ететін препараттар (мысалы, инсулин) қажетті (Essential – ауыр ауруларды емдеу кезінде қолданылатын), екінші орындағы (Non-essential – жеңіл вариантты ауруларды емдеуге қолданылатын, ықпалы күмән келтіретін, симптоматикалық ем үшін қажетті препараттар) болып бөлінеді. АВС – сараптамасы – үш класс бойынша сәйкес белгілі өткен уақыт кезеңінде олардың қолданылуын келесі критериялардан шығу арқасында ақшалай қаржыны тиімді қолдануды бағалау әдістемесі. Класс А – ДЗ, қаржы көлемінің 80% дейін жұмсалуы, класс В – ДЗ, қаржының 15% көлемі жұмсалған, класс С – ДЗ, қаржының 5% көлемі жұмсалған. АВС/VEN сараптамасы ДЗ сатып алу құрылысында өмірге қажетті ДЗ сатып алу жағын жоғарлатуды қарастыруға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, фармакоэпидемиологияның мақсаты – қолданылатын дәрілердің бағасын/ықпалын тиімді көз қараспен қарастыру. Денсаулық сақтауда фармакоэпидемиология дәрілік заттардың қауіпсіздігінің теориялық және методологиялық негізі болып табылады.
Фармакоэкономика – клиникалық фармакология, фармация және денсаулық сақтау экономикасының қилысуында пайда болған, салыстырмалы жаңа ғылыми-тәжірибелік бағыт. Фармакоэкономикалық әдістің сараптамалары әртүрлі бағдарламалармен емдегендегі олардың ықпалдары мен құны қатынасына бағалаулар жүргізуге мүмкіндік береді. Фармакоэкономикалық талдауды таңдау клиникалық зерттеулердің қорытындысына байланысты болады. Фармакоэкономикалық талдауда әдістерді таңдау зерттеушілермен анықталады, және оның нәтижесі дәрілік заттың ағзаға тигізетін әсерімен көрінеді.