AlmaU Sharmanov School of Health Sciences ашылды

«Алматы Менеджмент Университеті» (AlmaU) «Денсаулық ғылымдары: әлемдік трендтер мен Қазақстандағы ахуал» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар AlmaU Sharmanov School of Health Sciences мектебінің тұсауын кесті.

ҚР ҰҒА және РМҒА  академигі  Төрегелді Шарманов – әлемдік және қазақстандық денсаулық сақтау саласына зор үлес қосқан азамат. Ол дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Леон Бернард атындағы медалімен марапатталған. Сонымен қатар Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы.

AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева Төрегелді Шарманұлының «Алматы менеджмент Университетінің Құрметті профессоры» атағын алғанын растайтын дипломды табыс етті. 92-ге келген ғалым өз есімімен аталған мектептің ашылуын зор жауапкершілік деп бағалады. Бұл жауапкершілікті үрім-бұтағы да сезінетінін тілге тиек етті.

«Маған жүктелген жүк – ұрпағыма жүктелген жүк. Ал бақыт дегеніміз – сол жүкті алып жүру» Төрегелді Шарманұлы.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек видео арқылы мектептің ашылуымен құттықтады. «Мұндай мектептің ашылуы денсаулық ғылымдарына жаңа импульс беріп, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне зор үлес қосады. Бүгінгі оқиға қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертетініне сенімдімін» деді министр.

XXI ғасырда денсаулық жайлы ғылымдар жаңа импульс алып жатыр. Өмір сапасы мен ұзақ жасау, ментальды саулық пен психология, нутрициология мен диетология сияқты өзекті мәселелер терең ғылыми зерттеулерге арқау болып қана қоймай халық арасында қызығушылық туғызып жатыр.

Халықаралық дөңгелек үстелге профессор, м.ғ.д., AlmaU Президентінің кеңесшісі Д.Павалькис модераторлық етті. Үстелге отандық және шетелдік танымал экспертер қатысты. Литва денсаулық ғылымы университетінің ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, Еуропалық комиссияның Кеңесшісі, профессор, м.ғ.д. Вайва Лесаускайте денсаулық жайлы ғылымдардың халықаралық трендтеріне тоқталды.

Профессор, м.ғ.д., ДСҰ-ның денсаулықты нығайту бойынша консультативтік эксперттер тобының мүшесі, AlmaU Sharmanov School of Health Studies программ-лидері Алтын Арингазина жаңа мектептің бағдарламасымен таныстырды. Дәрігер, психикалық саулық мәселелері бойынша ДСҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің ұлттық координаторы, PhD Николай Негай ментальды саулыққа айрықша көңіл бөлуге кеңес берді.

Америкалық денсаулық сақтау ассоциациясының мүшесі, Қазақстандағы профилактикалық медицина академиясының және Ұлттық дұрыс тамақтану орталығының президенті Алмаз Шарман заман ағымы адам баласына қалай әсер етіп жатқанын, кезінде дала қазағының мәзірі бай болғанын тілге тиек етті. Фитнес-тренер, бодибилдинг бойынша ҚР екі дүркін чемпионы, «Басқа сен» жобасының авторы Валихан Тен биохакинг жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар «Ми да бұлшықет» деген ойын ортаға сала отырып AlmaU-да білім алғанын мақтан тұтатынын ерекше атап өтті. «Корпоративті береке» халықаралық жобасының жетекшісі Иван Рыбаков қызметкерлер денсаулығының кәсіптің өсуіне қаншалықты әсер ететіні жайлы зерттеулердің нәтижесін бөлісті.

AlmaU 2012 жылдан бері Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесімен тығыз қарым-қатынаста. Университет қабырғасында «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» MBA бағдарламасы (медициналық мекемелердің 200-ден аса топ-менеджері білім алған), консалтингтік жобалар, тыңдаушының сұранысына қарай бейімделген семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Міне, енді аты аңызға айналған академик Төрегелді Шарманов атындағы AlmaU Sharmanov School of Health Sciences бой көтерді.

суреттер AlmaU-дың мұрағатынан алынды

Related articles

Жасөспірімдерге арналған скауттар лагері

Алматы облысы Туризм басқармасының бастамасымен облыс аумағында жасөспірімдерге арналған,...

Чемпиондардың денсаулығын қалпына келтіру құпиясы

ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінде чемпиондардың денсаулығын қалпына келтіру...

Сепсис туралы мағлұмат

Сепсис (латынша – sepsis – шіру), жергілікті инфекция ошағынан...

Мұрагерлік түсінігі және олардың түрлері

  Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше...

Биологиялық ұлпалардың әрекеттесуінің физикалық негізі. Медицинада ультрадыбыстық зерттеулерді қолдану

Биологиялық ұлпалардың әрекеттесуінің физикалық негізі. Медицинада ультрадыбыстық зерттеулерді қолдану.   Электромагниттік...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...