Блефарит— көз қабақтарының шеткі жиектерінің қабынуы.
Себептері
- Қабақтағы теріскен
- Аллергиялық реакция
- Косметикалық заттар
- Күннің астында ұзақ қалып қою
- Шаңды бөлме
- Астигматизм, жақыннан көргіштік, алыстан көргіштік
- Қабақ демодикозы
- Ас- қорыту жүйесінің аурулары
- Аутоиммунды қабынулар
Симптомдары:
Аурудың даму кезеңіне қарай симптомдар да әртүрлі келеді.
- Қабақ жиектерінің қызаруы, аздап қышыну, қабақтың ауырлауы
- Жылулықтан болатын қабақтың қарқынды қышуы. Көздің тез шаршауы, көздің қызаруы, қабақ жиектерінің көбіктенуі
- Көздің құмдануы сияқты сезім, қабақ жиектерінің қабыршақтануы
- Көздің іріңдеуі, ұйқыдан кейін қабақтардың кілегейленіп жабысуы, қабақтарда іріңді қабықшалардың пайда болуы
Емдеу:
- Қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер
- Антибиотиктер
- Антисептиктер
- Қабақты шаю
Асқынуы:
Көздің құрғауы
Блефароконъюнктивит
Теріскен
Кератит
Профилактика
- Гигиеналық ережелерді сақтау
- Қабақты артық зақымдамау
- Көзде ауырсыну пайда болғанда офтальмоглог дәрігерге қаралу
- Көзде қышыну реакциясы пайда болғанда, көзі дәрілік шөптермен шайып, тиісті медициналық дәрілер қолдану
- А, В, Д дәруменіне бай тағамдар пайдалану
- Қабаққа арналған массаж және физиотерапия қабылдау
- Зиянды әдеттерден бас тарту
- Аллергия туғызатын заттардан, тағамдардан бас тарту
- Блефарит туғызатын ауруларды емдеу
- Халық емі