Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы – өкпе артериясына немесе оның тармақтарына тромбтың бітеліп қалуынан болатын өмірге қауіпті күй.

Себептері:

  • Көктамырда қанның тоқтап қалуы
  • Қанның ұйюы
  • Көктамыр қабырғаларының қабынуы
Бұзылуы Себептері
Көк тамырда қанның тоқтауы ·         Тамырлардың түйнеліп кеңеюі

·         Майбасу

·         Жүректің жеткіліксіздігі

·         Қан айналымның бұзылуы

·         Тамырлардың түрлі жарақаттарда қысылып қалуы

·         Темекі шегу

·         Қант диабеті

 

Ұзақ мерзімде қимыл-қозғалыссыз жату ·         1 апта немесе одан көп уақыт төсек режимінде жату

·         Қарқынды терапия бөлімінде болу

·         Өкпе ауруларында төсек режимінде 3 немесе одан да артық күн жату

·         Кардиореанимациялық палаталарда жатқан науқастар (миокард инфарктісі кезінде қанның тамырда тұрып қалу қаупі жоғары)

 

 

Қанның ұйюы

·         Қанның қатерлі аурулары. Мысалы, полицитемия.

·         Қанды ұйытатын дәрі-дәрмектер

·         Жүктілік

·         Қанның ұйыю орын алатын тұқымқуалайтын аурулар

·         Қатерлі ісіктер

 

Қанның жабысқақ келуі ·         Әртүрлі аурулардың салдарынан болатын ағзаның құрғауы

·         Эритроцитоз. Қанда эритроциттердің көбеюі

 

Қан тамырлардың қабырғаларының зақымдануы

 

·         Эндоваскулярлық хирургия

·         Көктамырларға катетер орналастыру

·         Оттегіден ашығу

·         Вирустық инфекциялар

·         Бактериялық инфекциялар

·         Жүйелі қабыну реакциялары

 

 

Симптомдары:

Бұл аурудың нақты симптомы жоқ. Симптоматикасы басқа ауруларға ұқсас келеді.

ӨАТЭ негізгі симптомдары:

  • Ентігу
  • Тыныс алғанда болатын кеудедегі ауырсыну
  • Қан аралас қақырығы бар жөтел
  • Қан қысымының төмендеуі
  • Суық тер
  • Тердің бозғылт, сұрғылт түсі
  • Дене қызуының 38 °C-ке дейін көтерілуі
  • Есінен тану
  • Тердің көкшіл тартуы

Тромбоэмболиясы бар науқасқа жедел медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда, науқас өледі.

Асқынуы

  • Жүректің тоқтауы және кенеттен өлу
  • -пневмонияға ұласатын өкпе инфарктісі
  • Плеврит
  • Аурудың қайталануы (рецидив)

Диагностика

Электрокардиограмма

Эхокардиография

Кеуде тұсының рентгені

Компьютерлік томография

Магнитті-резонансты томография

Ангиопульмонография

Сцинтиграфия

d- димердің деңгейін анықтау

Емдеу

Өкпе артериясының тромбоэмболиясында науқасты жедел қарқынды терапия бөліміне жатқызады (реанимациялық бөлім). Емдеу барысында ауруды асқындырмас үшін төсек режимі қатаң сақталады.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе)...
Previous article
Next article

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика