Асқазан жарасы (ойығы)

Асқазан жарасы— асқазан қабырғаларында ойықты жаралардың пайда болуы. Бұл созылмалы, рецидивті  патологиялық ауру.

Себептері:

  • Хеликобактериялармен зақымдану
  • Дәрі-дәрмектерді ішуден
  • Созылмалы аурулардың салдарынан (сифилис, целиакия, созылмалы бронхит, панкреатит; бауыр циррозы, созымалы вирустық гепатит, өкпе рагы, саркоидоз, қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, Крон ауруы, туберкулез, гиперпаратиреоз)
  • Ағзаның өткір аурулары мен кейбір күйлерінің әсері (стрессті язва). Мысалы, күйік шалу, әртүрлі шоктар, үсу, сепсис, жарақаттар және т.б.
  • Әлеуметтік себептер: қаржы жетіспеушілігі, темекі шегу, ішімдік ішу, тамақтану тәртібін бұзу, стресс, негатив эмоциялар және т.б.

 

Симптомдары:

Симптомдар мен аурудың белгілері  науқастың жасы мен асқынуына, аурудың даму кезеңіне қарай әртүрлі болады.

  • Негізгі белгісі- ауырсыну синдромы.
—          Ауырсынуды кешке (тамақтанған кейін асқазан қалтқысында болатын ауырсыну), ерте (тамаққа дейінгі алғашқы сағаттарда, асқазанның кардия тұсында болатын), аштық (тамақтанғанға дейін болатын) және түнгі(түннің екінші бөлігінде күшейетін)  деп қарастырады.
—          Қабыну процессінің белсенділігіне қарай ауырсыну азайып не күшеюі мүмкін.
—          Жылдың күз-көктем мезгілінде ауырсыну асқынады
—          Ауырсынудың сипаты әртүрлі болады: сыздап ауру, шаншып ауру, тартып, кесіп ауру, өткір ауру.
—          Симптомның интенсивтігі әртүрлі; әлсіз ғана мазасыздықтан жан шыдатпайтын ауырсынуға дейін болады
—          Ауырсынуды антацидті және антисекреторлық дәрі-дәрмекпен басады.
—          Көп жағдайларда ауырсыну эпигастрия аймағында, кеуденің төс тұсында, кеуденің сол бөлігінде болады. Сонымен қатар, ауырсыну басқа аймақтарда да, мысалы, кіші жамбас, бел аймағы, оң жақ қабырға астында болады.

 

  • Іштің кебуі
  • Тез тойымдылық
  • Тамақтан кейінгі асқазандағы ауырлық сезім
  • Іштың қатуы
  • Тәбеттің төмендеуі
  • Ықылық
  • Кекірік

Асқынуы:

Пенетрация (тесіліп жабысу)

Асқазан жарасының басқа ағза мүшелерін зақымдауы. Көп жағдайда ұйқы безін зақымдайды. Алғашқы симптомы: іштің құрсаулап ауыруы, қанда альфа-амилаздардың көбеюі және дененің қалтырауы.

Перфорация

Бұл асқазан қабырғаларының тесіліп, ішіндегі заттардың құрсақ қуысына және ішпердеге өтуі.

Малигнизация

Бұл жаралы дефектінің қайтадан қатерлі ісік түрінде пайда болуы. Өте сирек кездесеін асқынудың түрі.

Асқазан қалтқысының стенозы

Жараның асқазан қалтқысы тұсында пайда болуы.

Қан кету.

 

Диагностика

Қан талдауы

Нәжіс, жедел уреазды тест

фиброэзофагогастродуоденоскопия (ФЭГДС)

асқазанның рентгенографиялық зерттеуі

рН-метрия  және асқазан сөлінің рН деңгейі

Емдеу

Ауруды емдеуде көп компанетті терапия қолданады. Оған асқынудың алдын алатын, симптомдарды басатын, асқазанның қышқыл сөлін басатын, хеликобактер пилориді жоятын дәрі-дәрмектер кіреді.

 

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...
Previous article
Next article

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика