Миокард инфарткісі – жүректің ишемиялық аурударының бір түрі. Жүрек бұлшықеттеріне қан жетіспей, қанжетпеген орында физиологиялық процесстер бұзылып, бұлшықеттердің өлуі

Симптомдар:

  • Кеуде тұста ауырсынудың ұзақ және интенсивті болуы
  • Асқазанның жағымсыз ауруы, іштің ауырсынуы
  • Жүрек соғысының бұзылуы
  • Тыныс алудың қиындауы
  • Үрейлік сезім
  • Суық тер
  • Бас ауру
  • Бас айналу, ентігу, әлсіздік және есінен тану

Себептері:

  • Темекі шегу
  • Артық салмақ, майбасу
  • Аз қимыл-қозғалыс (гиподинамия)
  • Жүрек қан-тамыр ауруларына генетикалық бейімділік
  • Жоғары артериалды қысым (гипертония)
  • Қант диабеті
  • Сапасыз тағамдарды пайдалану
  • Қанның құрамында холестериннің жоғары болуы
  • Қатты уайымға түсу, стресс
  • Ағзаның артық күш жұмсауы

Ауру асқынғанда:

  • Уақытылы көрсетілмеген медициналық көмекте инфаркт салдары төмендегі ауруға әкеледі:
  • Аритмия (жүрек соғысының бұзылуы)
  • Өткір жүрек жетіспеушілігі
  • Ішкі ағзаларда қанның ұйып қалуы (бұл инсультке, өкпенің қабынуына, ішек некрозына және т.б. әкеп соғады)
  • Кардиогенді шок
  • Жүрек аневризмі (қан тамырларының кеңеюі)
  • Инфарктан кейінгі синдром (буын аурулары, перикардит, өкпе қабынуы)
  • Өлім

Диагностика

  • Ауырсыну синлромын анықтау
  • Электрокардиография
  • Жүректі Узд арқылы тексеру (эхокардиография)
  • Коронарлы тамырларды ангиография арқылы тексеру
  • Сцинтиграфия
  • Қанның биохимиялық талдауы

Емдеу:

Инфарктінің алғашқы симптомдарын пайда болған жағдайда жылдам жедел-жәрдемді шақыру керек!

Жедел жәрдем келгенше науқасқа келесі көмекті жедел көрсетілуі шарт!

  • Науқасты өзіне ыңғайлы етіп жатқызу не отырғызу керек. Қысып тұрған киімінің кеуде тұсын ағытытып, бөлмеге таза ауа кіргізу керек.
  • Науқасқа келесі дәрі-дәрмектерді беру керек:
  • Нитроглицерин дәрісін тілдің астына салу, қажет болса 2 данадан.
  • «Корвалол» дәрісінен 30-40 тамшы
  • «Аспирин» дәрісін

Бұл дәрілер ауруды жеңілдетелі, ал аспирин қанның ұйып қалуының алдын алады.

Реабилитация:

Инфарктіден соң тез оңалу үшін келесі міндеттемелерді жасау керек:

  1. Ауыр нәрсе көтермеу
  2. Емдік дене шынықтырумен айналысу. Мысалы, жүру.
  3. Зиянды әдеттерден арылу (темекі, ішімдік, кофе)
  4. Арнайы диета ұстау. Тұзды, майлы тағамдарды рационнан алып тастау.
  5. Төсек қатынасына тек дәрігермен кеііесіп барып түсу.

Профилактика

  • Артериалды қысымды қадағалау
  • Қанның құрамындағы қант деңгейін қадағалау
  • Күннің астында ұзақ уақыт қалып кетпеу
  • Зиянды тағамдардан бас тарту. Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану.
  • Мүмкіндігінше көп қимылдау. Жүру, билеу, велосипед тебу және т.б.
  • Темекі, ішімдік, кофеден, энергия беретін сусындардан бас тарту.
  • Бойдағы салмақты қадғалау. Артық салмақтан арылу.
  • Созылмалы жүрек қан-тамырларының ауруларын қадағалау, уақыты ем-дом қабылдау.
  • Жылына бір рет теңізде немесе тауда демалу.

Share This Class:

Яндекс.Метрика