1. Клетка жайлы түсінік
  2. Клетканың негізгі құрылымдық жүйесі
  3. Клетканың қозғалыс органоидтары
  4. Клетка органоидтарының құрылысы
  5. Клетка теориясы
  6. Тарихқа қысқаша шолу

Клетка (cellula,cytus) – барлық тірі организмдердің құрылысы мен тіршілігінің негізі;жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.Клетка өз алдына жекеорганизм ретінде (бактерияда,қарапйымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда ) немесе көп клеткалы жануарлар,өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі.Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді.Клетка терминін ғылымға 1665 ж. Ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635-1703) енгізген. Клетканы зерттеу 19 ғасырда басталды.Ол кездегі ірі ғылыми қорытынды еңбек – клетка теориясы болды.Тіршілікті клетка тұрғысымен  зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі .Клетканың диаметрі 0,1-0,25 мкм ден (кейбір бактерияларда)155 мм ге (түйе құстың жұмыртқасы) дейін жетеді.Көпшілік эукариотты организмдер клеткасының диаметрі 10-100 мкм шамасында .Жаңа туған жас сәбилерде  – 2 1012клетка,ал ересек адамның организмінде -1014 клетка болса,организмнің кейбір тіндерінде клетка саны өмір бойына тұрақты болады.Клетканың тірі заты – протоплазма.Ол биологиялық мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйесі – цитоплазма  және ядродан тұрады.Алғаш рет 1839 ж.протоплазма терминін чех ғалымы Я.Пуркине (1787-1869)ұсынған.Клетканың алуан түрлі қызметі  клетка ішіндегі құрылым бірліктері –органоидтармен (мұны көп жағдайда органелла деп дұрыс атамайды)атқарылады.Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды рибосома,митохондрия, эндоплазмалық тор, Гоьджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды.

Рибосома клеткадағы белоктың түзілуін қамтамасыз етеді ,белок синтезі орталығы  деп қаралады.оның диаметрі 20-25 нм.Рибосома цитоплазмада бос күйінде де ,жалғасқан түрде де ,сондай-ақ ,барлық тірі организмдердіңклеткасында кездеседі.

    Митохондрия – клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның сыртқы екі қабат биологиялық мембранамен қапталған.Ішкі жарғақтың қуысында митохондрия негізі – матрикс орналасып,онда клетка ядросына қатысы жоқ митохондриялық белоктар түзілуінің автономды жүйесі қалыптасады.Бұл процесті матрикстегі гистонсыз  рибосомалық РНҚ молекулалары реттеп отырады.Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей,диаметі 0,2-1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады.Митохондрияда тотығу тотықсыздану реакциясы жүреді,яғни ол кезде күрделі органикалық қосылыстар  молекулалары ыдырап ,жац заттарға айналады да ,ондағы энергия бөлініп шығады.Клеткадағы негізгі  энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы.Бактерия,көк жасыл балдырлар ,т.б. тыныс алу процесін клетка мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.

Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы  көпіршіктердің ,жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі.Клеткада оның түйіршкті және тегіс түрлері болады.Түйіршікті түрінің мембранасында белокты синтездеуге қатысатын  рибосомалар орналасады.Негізінен,мұнда клеткадан сыртқа шығарылатын белок немесе Гольджи кешеніне тасымалданатын белок синтезделеді.Тегіс түрінде рибосома болмайды.Ол клеткадағы липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.

Гольджи кешені – бір – бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты  5-10 “цистернадан” және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып,пісіп жетіліп,сыртқа шығарылады,клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады.Цитоплазманың Гольджи кешенінің орналасқан аймағын диктиосома деп атайды.

    Лизосома — қабырғасы мембранамен шектелген ,қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа,нуклеаза,глюкозида,фосфатаза,липаза, т.б.) бар ұсақ көпіршіктер.Көпіршіктердің диаметрі 0,2-0,8мкм.Лизосома ферменттерінің (20-ден астам) көмегімен клетка ішіндегі ас қорытуға және клет ка құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.

Клеткалық мембрана – клетка цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе клетка қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын клетка органоиды.Оның қалыңдығы  нм.Ол түйіршіктіэндоплазмалық торда құрылып,Гольджи кешенінде өзгеріске түседі (модификацияланады).Негізінен клетка мен  оны қоршаған сыртқы орт аарасындағы метоболизмге  (зат алмасуға) қатысады,сондай – ақ , клетканың қозғалуы мен бір біріне  жалғануында үлкен роль атұарады.Клетканың жалпы құрылысы жануарларға да ,өсіміктерге де тән.Бірақ өсімдік клеткасының құрылымы мен  метоболизмінде жануарлар клеткасына  қарағанда біраз айырмашылық бар.Өсіммдіктер клеткасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид  негізінде  (матрикс) орналасған целлюлозды микрожіпшалерден құралған.Микрожіпшелер өсімдік клеткасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді.Плазмолемма матриксін  күрделі полисахаридтер:пектиндер (арабиноза,галактоза ,галактурон қышқылы және метанол момосахаридтерінен тұрады) гемицеллюлоза (ксилоза ,галактоза,манноза,глюкоза және глюкомманоза) құрайды.Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік клетка қабықшасын (целлюлозадан ) түзеді. Өсімдік клеткасының целлюлоза талшықтарыкүрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп ,қатаяды да клетка қабықшасы беріктенеді.Өсімдік клеткасының цитоплазмасында арнайы органоид – пластидтерхлоропласт,хромопласт,лейкопласт бар.Бір-біріне перпендикуляр немесе қатар орналасқан екі центроильдерден (қос денешік – диплосомадан)тұратын,сыртынан цитоплазманың ақшыл аймағымен қоршалған клетка орталығы болады.Осы ақшыл аймақтан  клетка ішіне радиальді бағытта жіңішке жіпшелер таралады

Клетка орталығының негізгі құрылымдық бірлігі – центриольдер.Оның диаметрі 0,2 мкм,ұзындығы 0,3-0,5 мкм ,іші қуыс цилиндр тәрізді,қабырғасын үш-үштен топтаса орналасқан 9 микротүтікшелер (триплеттер) құрайды.Клетка орталығының клеткасының бөлінуі кезінде  атқаратын ролі зор.Клетка орталығын 1895 ж. Неміс ғалымы Т.Бовери (1862-1915) ашқан.Көп клеткаларының эволюциялық дамуында клеткалар атқаратын қызиетіне қарай дифференцияланған (жіктелген ).Мұның жануарлар мен өсімдіктердің қоршаған  ортада болып жататын өзгерістерге  бейімделуге маңызы ерекше.Организмге маңызды қызмет  атқаратын клеткалар  кейде өліп отырады.Мысалы,адам организмінде жыл сайын 70 млрд. Клетка тіршілігін жояды. Әрбір тін клеткаларының метаболизмі мен реттелу процестерінің бірігуі, олардың үнемі іштей жаңарып тұруы – көп клеткалы организмдер органының  қызметінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді.Клетканың цитология ғылымы зерттейді.

Клетка теория – Барлық тірі организмдер құрылымының негізгі клетка екенін дәлелдейдін биология ғылымындағы іргелі қағида.Тірі организмдердің клеткалық құрылымыны, ашылуы – күрделі оптикалық аспаптардың (микроскоптардың) ойлап табылуымен тығыз байланысты  болды.Өсімдік ұлпасының клеткалық құрылымын бірінші болып 1665  ж. Ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635-1703) ашөан. Өсімдіктер мен жануарлар организмдердің клеткалық құрылымын Р.Гуктыңзамандастары италияндық ғалым М.мальпиги (1628-1694), ағылшын ботанигі Н.Грю (1641-1712), т.б. өз зерттеулерінде дәлелдеген (1671).Клетка теориясының қалыптасуына чех ғалымы  Я.Пуркине (1789-1869) үлкен үлес  қосты.Ол клетканың негізгі қызметтік бөлігі клеткақабықшасы емес,оның ішіндегі протоплазма  екнендігін дәлелдеді.Өсімдік клеткасы протоплазмасындағыядроны ағылшын ботанигі Р.Броун  (1773-1858) ашты (1830).Дегенмен ядроға көп көңіл бөлген және оны клетка құратын цитобласт деп анықтама берген неміс ботанигі М:Шлейден (1804-81).Шлейден теориясын одан әрі талдап ,клетка теориясын құруда неміс зоологы  Т.Шванның (1810-82) еңбегі зор болды.Ол жануарлар мен өсімдіктер клеткасы құрылымын салыстыруда ядроның маңызы үлкен екендігін анықтады.Кллетка теориясының бұдан кейінгі дамуы протоплазма мен клетка бөлінуі ашылуына  байланысты болды.19 ғасырдың орта кезінде неміс патологы Р.Вихров (1821-1902) патологиялық құбылыстарды клетка теориясы тұрғысынан қарастырып, клеткадағы ядроның маңызы аса зор екендігіне  көз жеткізіп, клеткалардың бөліну арқылы көбейетіндігін дәлелдеп берді.Тұқым қуалау белгілерінің сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін клетка ядросы  басқаратынын Э.Геккель  анықтады (1886) .1970-80ж. Барлық клеткалы организмдерге тән клетка бөлінуінің тәсілі митоз ашылады.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика