Жүйелі склеродермия туралы түсінік
Жүйелі склеродермия (ЖСД) — терінің, ішкі ағзалардың фиброздық-склероздык өзгерістерімен және жайылма Рейно синдромы тәрізді облитерациялаушы эндоартерииттің дамуымен сипатталатын, дәнекер тіннің және ұсақ тамырлардың жүйелі ауруы. Жүйелі склеродермияның синонимі — мендеуші жүйелі склероз. Склеродермия латын тілінен алынған, екі сөзден (scleros — қатты, derma— тері) құралған атау. Склеродермия — негізінен тері және тері асты клетчаткасында дамитын,кең таралған вазоспастикалық өзгерістері бар […]