Лактостаз

Лактостаз –емізулі әйелдің сүт безіндегі түтікшеде сүттің тұрып қалуы.Лактостаз түтікшенің қысылып қалуымен, гиперлактациямен, емізуде қиналғанда, емізуді бірден тоқтатқанда, тар іш киім киюмен байланысты пайда болады. Бездердің ауырсынуы, олардың қызарып, нығыз болуы, емізгенде және сауғанда ауырсыну байқалады. Дер кезінде емделмеу бастапқыда инфекциялы емес маститке, сосын ота қажет ететін инфекциялы маститке алып келеді. Себептері: Емшектен сүттің толықтай шықпауы. […]

Яндекс.Метрика