Ол не?

Анкилозды спондилоартрит — омыртқа буындарының қабынуынан пайдп болатын, буындардың созылмалы жүйелі ауруы. Буындардың ұзақ уақыт бойы қабынуы олардың қимылы мен қызметінің бұзылысына әкеп соғады. Нәтижесінде омыртқа қозғалмайтын күйге жетеді.

Анкилозді спондилитпен көбінесе 20-40 жастағы ер адамдар ауырады. Бірақ аурудың басы мектеп жасында, 15 жас шамасында басталуы мүмкін.

Себептері

Бехтерева ауруының даму себептері әлі нақты анықталған жоқ. Барлық зерттеулердің көрсетуінше бұл ауру ерекше тұқымқуалаушылық жағдайында белгілі бір генетикалық иммундық жүйесінің ерекшеліктері бар адамдарда дамиды.  Ол жерде белгілі бір созылмалы инфекциялар (әсіресе ішек және зәр шығару жолдарының) рөлі ерекше.  ойнайды.

Не болады?

Ауру дами бастағанда омыртқа буындарының жұмысының нашарлар, ауырсынуымен, жоғары дене температурасымен байқала бастайды. Бірінші кезекте Бехтерева ауруы сегізкөз-мықын аумағының жұмысын нашарлатады. Одан кейін қабыну процесі омыртқааралық және қабырға-омыртқа буындарында жүреді. Егер процес дер уақытында бақылауға алынбаса науқастың омыртқасының қозғалмай қалуы мүмкін.

Қалай көрінеді?

Аталмыш аурудың алғашқы белгілерінің бірі сегізкөз-мықын маңында, қабырғаның сыртқы жағында аурысыну байқалады. Бұл белгі таңертең және түнде жиі байқалады. Науқас адамның ұйқысы нашарлайды. Таңертең белді қозғалта алмай, төсектен тұру қиынға соғады. Ақырындап, кейде араға бірнеше жыл салып мойын және арқа қысылып және ауыруы мүмкін. Сонымен бірге таңертең жайсыздық сезіледі. Айналаға еңкею, алға және артқа иілу қиындап, ауыру тудырады. Қатты демалу, жөтелу, түшкіру де ауыру сезімін тудырады.

Немен қауіпті?

Омыртқаның ақырындап қозғалыссыз қалуы емделмеген жағдайда денедеге басқа ағзалар мен жүйелерге кері әсерін тигізеді.

Диагностика

Бел аумағында ауырсыну байқалып, үш ай көлемінде жалғасып, демалыста да басылмаған жағдайда; кеуде клеткаларында ауыру және қысылу байқалған жағдайда; тыныс алу қиындаған жағдайда бұл аурудың болуы мүмкін деп күмәндануға болады. Бұл симптомдар байқалған жағдайда ревматолог дәрігердің кеңесін алып, қажетті тексерулерден өткен жөн. Ауруды анықтау үшін көбінесе омыртқаны  рентгенографиядан өткізу немесе буындарды магнитті-резонансты томографияға түсіреді. Міндетті түрде жалпы және биохимиялық қан талдауы жүргізіледі.

Емдеу

Қазіргі уақытта Бехтерева ауруын емдеу барысында нестероидті қабынуға қарсы құралдар, глюкокортикоидтер, ауыр жағдайда  иммунодепрессанттар қолданылады. Дәрі терапиясымен қатар физиотерапия, мануальді терапия және емдік гимнастика бірге жүреді. Емдік гимнастика және кинезотерапия науқастың жағдайына қарай жүйелі түрде күн сайын күніне 1-2 рет 30 минут өткізіледі. Бел мен арқаның бұлшық етіне жасалған массаж омыртқадағы ауыруды басып, бұлшықет әлсіздігін төмендетеді, бұлшықетті нығайтады.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика