Метаболизмдік (гиперпродукциялық) подагра. Подаграның бұл түрі ген кемістігінен болатын энзимопатияларға байланысты зәр қышқылының шамадан артық түзілуінен дамиды. Соңғы кезде гиперурикемияға әкелетін энзимопатиялардың бірнеше түрлері анықталған, мәселен энцефалопатия мен пурин алмасуының бұзылысымен жүретін Леша-Нихен синдромы бар балаларда гипоксантин-гуанин-фосфорибозол-трансфераза ферменті болмайды. Подаграныңауыр түрімен сыркаттанған ересек жастағы адамдардың кейбіреуінде осы ферменттін тапшылығы анықталған. Аталған ферменттің гені Х-хромосомада орналаскан. Метаболизмдік подаграның екіншілік түрі пуриндердің жасушалық ядролардан көп мөлшерде бөлінуіне әкелетін ауруларда кездеседі, мәселен гемобластоздар мен лимфомаларда (химиотерапия кезінде), гемолиздік анемияларда. Подаграның метаболизмдік түрінде урикозурия көп мөлшерде (тәулікке 3,6 ммоль артық) және зәр кышқылынын бүйрек арқылы бөліну клиренсі калыпты деңгейде сақталады.