Артқы өтіс жолы ауруы профилактикасы үшін кейбір жалпы ұстанымдарды ұстану керек.
- Өзіңіздің емдәміңізге (диета) назар аударыңыз
Адамның қалыпты, негізгі компоненттермен теңестірілген рационында жеткілікті мөлшерде сұйықтық (1,5-2 литр) және өсімдік жасушалары (көкөністер, жемістер, т.б.) болуы шарт. Сонымен бірге өзіңіздің диета ұстап жүргеніңізді ұмытпай, шектен тыс ұн және сүт тағамдары болмауын қадағалаңыз. Бұл нәжістің ішектен оңай шығарылуына әсер етеді. Осы айтылғандарды жасаудың нәтижесінде тік ішекке түстін механикалық күш азаяды. Барынша спиртті ішімдіктерден, шектен тыс ащы тағамдардан аулақ болыңыз. Ол тағамдарды қолданыстан алып тастау геморройдың біртіндеп жоғалуына септігін тигізеді.
Уақыт-уақытымен өзіңіздің азық-түлік рационыңызға ішектің микрофлорасын сақтайтын, сонымен бірге оның қимыл белсенділігін арттыратын тамақтарды қосыңыз. Толыққанды сауығуға жету үшіг магний, күкірт, тағы басқа да микроэлементтерге бай минералды ішу көмектеседі.
- Дефекация гигиенасы
Үлкен дәрет уақытында кез келген артық күштен – яғни, қатты күшенуден және себепсізден ұзақ отырудан сақ болыңыз. Әжетханаға баруды кейінге қалдырмаңыз. Диета ұстап, жейтін тамағыңызды реттесеңіз және әжетханада отырып алып газет оқуды доғарсаңыз екі мәселеге де кезікпейсіз.
Мүмкіндігі барынша үлкен дәреттен кейін артқы өтіс аймағына «құрғақ» емес, ылғалды тазалау жүргізіңіз. Қоңыр салқын сумен сүрту ең оңтайлы шешім болар еді. Егер, ол мүмкін болмаса ылғалды салфетканы қолдану да болар еді. Құрғақ қағазды қолдану (әсіресе, гигиеналық мақсатқа арналмаған) кері әсерін тигізеді.
- Іс-қимыл белсенділігін реттеңіз
Егер, жұмысыңыз күн ұзаққа бір жерде отырып істейтін жағдайда , әр сағат сайын 5-10 минут уақытыңызды жаттығуға арнаңыз.Ең болмағанда жүрып бара жатып жеңіл физикалық жаттығуларды жасаңыз.
- Денсаулығыңызға мұқият назар аударыңыз
Адам ағзасында барлығы бір-бірімен байланыста. Оның кез келген жүйесінде қызмет бұзылса, нәтижесі геморройдың дамуына әкеп соғуы мүмкін. Қалқанша без бен ұйқы безінің анықталмаған мәселелері, дене салмағының өсуі, «көшедег» хот-догты жеуден пайда болатын ішек қозғалысын немқұрайлы емдеу – бәрі және жүздеген басқа себептер ақырында геморройдың дамуына себеп бола алады. Егер кімде-кім бұл аурулардын құтылуға шындап кіріссе, бар ауруды емдеуге және салауатты өмір салты бойынша кеңестерді тыңдауға дайын болуы керек.