Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе) пайда болатын түс ажырата алмаушылық патологиясы.

Дальтонизм, немесе түс соқырлық – бұл көз торының рецептрлі аппаратының түс қабылдағыш қасиетінің бұзылуы. Алайда көру органы қалыпты көрсеткіштерін сақтайды. Ауру ағылшын химигі Дж. Дальтонның атымен аталады. Химиктің өзі осы патологиямен ауырған және 1794  жылы өз жұмыстарында атап өткен. Бұл патология әйелдерге қарағанда, ерлерде көп кездеседі.

Себептері:

  • Тұқымқуалаушылық
  • Тума патологиялар: құтыша тәріздес жасушалардың дистрофиясы, Лебер амоврозы, пигментті ретинит
  • Жүре келе пайда болған түрі келесі аурулапдың салдарынан болады: мидың жарақаты, мидың қатерлі ісігі, инсульт, комадан кейінгі синдром,көз торының дегенерациясы, ультракүлгін сәулердің әсері. Түс соқырлық, сонымен қатар, кәрілік макулодистрофияның, Паркинсон ауруының немесе диабеттік ретинопатия ауруларының симптомы ретінде пайда болады.
  • Ағзаның улануынан уақытша түс соқырлық пайда болады.

Симптомдары:

Ең негізгі симптомы – түс ажырата алмаушылық.

Аурудың клиникалық түрлері:

Протанопия, тританопия, дейтеранопия, ахроматопсия

Протанопия – қызыл түстерді көре алмаушылық.

Тританопия —  көк-күлгін түстерді ажырата алмау.

Дейтеранопия – жасыл түсті көре алмаушылық.

Ахроматопсия – түстерді мүлдем көре алмаушылық немесе тек ақ-қара түсте көру.

Диагностика:

Диагностиканы дәрігер-офтальмолог жасайды. Науқасты арнайы  Ишихара тестімен және FALANT тестімен тексереді.

Емдеу:

Тума пайда болған дальтонизмді емдейтін арнайы әдістер жоқ. Симптоматикалық терапия ретінде көзілдіріктер мен линзаларға арналған қарайтылған фильтр қолданады. Бұл аурудың клиникалық симптоматикасын төмендетеді.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Шашыраңқы склероз

Шашыраңқы склероз – мидың және жұлынның жүйке талшықтарының миелінді...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...