Шашыраңқы склероз – мидың және жұлынның жүйке талшықтарының миелінді қабығының зақымдауынан болатын созылмалы аутоиммунды ауру. Бұл ауру жас ағзаларды зақымдайды. Бұл аурумен ауыратын науқастар жиі кездессе де, белгілі бір континетте ғана көптеп кездеседі. Яғни, аурудың таралуы әркелкі.  АҚШ-та, Канадада, Европа елдерінде осы аурумен  ауыратын науқастар ең көп тіркелген. Африка және Азия елдерінде ең сирек кездесетін ауру саналады. Ең жиі ауруға ұшырайтындар – европалық нәсілдер саналады. Ауру 16-40 жас аралығында өршиді. Ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады.

Себептері:

Ауруды тудырушы сыртқы факторларға мыналар жатады:

  • Науқастың белігілі бір климаттық белдікте тұруы
  • Вирустар мен бактериялардың әсері
  • Стресс
  • Жанармай, ауыр металлдармен, органикалық еріткіштермен улану
  • Тамақтанудағы ерекшеліктер: мал майының көптігі, өсімдік өнімінің аз болуы
  • Мидың жарақаты
  • Наркозбен жасалған оталар

Симптомдары

  • Көз қозғалтқыштығының бұзылуы
  • Бет жүйкесінің невриті
  • Бастың айналуы
  • Пирамидалы бұзылулар (саусақ ұштарының кесілуі, сіңір рефлекстерінің күшеюі, патологиялық рефлекстердің пайда болуы)
  • Жүру кезіндегі шайқалу, атаксия, қозғалыс кезіндегі дірілдеу, горизонталды нистагм, сөйлеудің бұзылуы, жазудың бұзылуы
  • Сезімталдықтың бұзылуы (терінің ұюы, шаншуы)
  • Жамбас мүшелерінің бұзылуы (дефекация, несеп ұстай алмаушылық)
  • Невротикалық бұзылыстар (тез шаршау, эмоциялық құбылмалық, депрессиялық күй, эйфория, апатия, интеллектуалдың бұзылуы)
  • Эпилепсиялық талмалар

Жанама симптом:

Медицинада жоғарғы сипмтомдардан бөлек жанама «ыстық ванна» сипмтомды қарастырылады. Ванна қабылдағанда дененің ыстыққа сезімталдығының артуы. Бұл жүйке талшықтарының бұзылуынан болады.

Сонымен қатар, «тұрақсыз клиникалық симптомдар»  синдромы бар. Бұл жоғарыдағы сиптомдар бір айдан кейін, тіпті бір тәуліктен кейінгі өзгеруі айтады.

«Клиникалық диссоциация» синдромы, бұл  неврологиялық тексерулер мен сипмтомдардың сәйкес келмеуі. Мысалы, шашыраңқы склерозда көздің көруі төмендейді немесе тіпті соқырлық пайда болады, алайда көзді тексергенде көздің түбі таза, қалыпты келеді.

Диагностика

  • Миды және жұлынды МРТ арқылы тексеру
  • Нейроспецификалық ақуыздарға, миелинге антителдің жоғарғы титрін анықтайтын қан талдауы

Емдеу

Шашыраңқы склероздың этоитроптық емі табылмаған. Аурумен күресудегі ең негізгі бағыт – патогендік терапия. Патогендік терапияның екі бағыты бар: аурудың асқынуын емдеу және шашыраңқы склероздың өршуін тежеу. Аурудың клиникалық ерекшеліктері мен патологиялық процесстің белсенділігіне қарай ем-дом жасалады.

  • Аурудың асқынуында глюкокортикостероидтар қолданады.
  • Иммунды белсенділікті басу үшін цитостатиктер тобының дәрілерін қолданады.
  • Аурудың емдеудегі замануи ем ретінде бета-интерферондар пайдаланылады.
  • Қосымша ем ретінде сиптомдарды басатын дәрі-дәрмектер емге пайдаланылады.

Share This Class:

Яндекс.Метрика