Қысылу (compressio)
Егер зақымдаушы фактор ұзақ және баяу әсер етсе, қысылуға алып келеді. Терінің сыртқы анатомиялық бүтіндігі көзге көрінерліктей бұзылмағанымен, жұмсақ тіндер, нервтер, мен қан тамырлары қатты зақымдалады, әсіресе бұлшықеттер. Қысылған бұлшықеттер әртүрлі дистрофиялық үрдістерге, тіпті өліеттенуге ұшырайды. Тамырлар қысылса онда тромбтар түзылуі мүмкін. Қысылудың салдарынан терең ишемия, үдемелі интоксикация тіндердің ісінуі дамиды.
Дененің үлкен аумақты қысылулары спецификалық белгілердің кешенімен ерекшеленеді- » ұзақ қысылу синдромы».
Соғылу мен қысылудың емі: анальгетиктер тағайындау, тіндерге қан құйылуды шектеу, науқасты тыныштандыру, зақымдалған қолдарды иммобилизациялау, жергілікті мұзды мұйық қою немесе хлорэтильмен салқындату. Жарақаттан кейін 2-3 күннен соң, ауыру сезімі мен ісіну тоқтаса, сіңдіретін дәрілер тағайындалады, жергілікті ыстық басу, ультражоғары жиілік (УВЧ) , массаж қолданылады. Егер гематома үлкен болса, оған пункция жасалады не тіліп ашып дренаж қойылады. Шокқа қарсы ем жүргізіледі.