Миокардит

Миокардит – жүрек бұлшық етінің қабынуы. Бұл ағзаға инфекцияның әсерінен пайда болған патологиялық процесс. Сонымен қатар, миокардитті аллергиялық және ревматикалық процесстер де тудырады.

Себептері:

Миокардитті тудырушы бірнеше факторлар бар:

  • Вирусты аурулар (аденовирус, тұмау, гепатиттер, герпес)
  • Бактериялық патологиялар (мысалы, дифтерия)
  • Стрептококк және стафилококкты инфекциялар
  • Грибоктармен ағзаның зақымдауы
  • Ревматизмнің салдарынан науқаста ревматикалық миокардит пайда болады
  • Паразиттік инфекциялар
  • Аурудың ең ауыр түрі ағзаның септикалық зақымдануында, дифтерия және қызамықта дамиды.

Аурудың классификациясы

Миокардиттің дамуына қарай оны бірнеше түрге бөледі:

Инфекциялық миокардит— жүрек бұлшық еттеріне инфекциялық агенттердің түсінуінен болатын миокардиттің зақымдануы. Ауруды әдетте вирустық немесе бактериялық патологиялық аурулар (тамақ баспасы, қызамық, дифтерия) өршітеді.

Аллергиялық немесе иммунды миокардит. Миокардиттің бұл түрі ауыр аллергиялық реакциалардың әсерінен немесе ағза мүшелерінің трансплатанциясынан кейін пайда болады.

Уланғаннан пайда болатын миокардит. Ағзаның өзінен немесе сыртқы әсер етуші факторлардан уланғанда болатын зақымдану.

Идиопатиялық миокардит. Миокардиттің пайда болу себебі анықтамлмаған түрін идиопатиялық миокардит дейді.

Сонымен қатар, миокардитті

Патологиялық процесстің дамуына қарай: ошақты немесе диффузды

Аурудың түріне қарай: өткір, жеделдеу, созылмалы

Аурудың ауырлығына байланысты: жеңіл, орташа, ауыр деп бөледі.

Симптомдары:

  • Жүректегі, кеуденің төс тұсында болатын ауырсыну.
  • Жүрек соғысының бұзылуы
  • Буын аурулары
  • Тершеңдік
  • Субфибрильді дене қызуы

Аурудың айқын сипмтомы:

  • Қан қысымының күрт төмендеуі
  • Қан айналымның бұзылуы
  • Науқастың тері бозғылт келеді
  • Мойындағы тамырлары ісінеді
  • Ентігу

Емдеу

Аурудың өткір дамуында науқасты жедел кардиология немесе реанимация бөліміне жатқызу керек. Жүректің жұмысы бір қалыпқа келгенше емделу уақытысы екі айға созылады.

Ауруды емдеу бірнеше бағыттағы терапияны қамтиды:

Этиологиялық ем— ағзадағы патологиялық процесстерді басу үшін антибиотиктер, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектермен қолданады.

Патогенетикалық терапия – антигистаминді және инммуносупрессивті дәрі-дәрмектермен емдейді.

Симптоматикалық ем –тромбоэмболияның профилактикасы, қан қысымын реттеу, аритмияны емдеу.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе)...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика