Қурстық жұмыс тақырыбы: Эволюцияның зерттеу әдістері.
Қурстық жұмыс мақсаты: Эврлюциялық идеялардың пайда болуы палеонтология, биогеографиялық, морфологиялық, эмбриологиялық және систематикалық, генетика пәндері негізінде қамтыла отырып, зерттелу әдістерінің бөліну ерекшеліктерін, бөліну қатарларын жүйелеп көрсету.
Қурстық жұмыс барысында, І палеонтологиялық әдіс – бұл ғылыми салада неғұрлым кең қолданылған әдістердің бірі. Бұл өзі мынадай сатыларға бөлінеді.
1) Қазбааралық формалар
2) Филогенетикалық қатарлар
3) Қазба формаларының реттілігі
ІІ Биогеографиялық әдіс – бұл аудандардың флоралық, фауналық түрлік құрамы сол жердің тарихын зерттейтін әдістің бірі. Ол бөлінеді:
1) Фауналық патшалық
2) Флоралық патшалық
3) Үзілмелі таралу
4) Филогенетикалық реликтілер
ІІІ Морфологиялық әдіс – бір текті топтардың арасында сұрыпталу жағынан үлкен және кіші қысым жағдайында болатын белгілерді анықтауға мүмкіндік береді. Олар:
1) Органдар гомологиясы
2) Органдар аналогиясы
3) Рудиментті органдар
ІV Эмбриологиялық әдіс – бұл екіге бөлінеді.
1) Ұрықтың ұқсастық заңы
2) Рекапитуляция принципі, осы әдістердің бөліну айырмашылықтары мен ұрықтың ұқсастық заңдылықтарын жазып өттім. Жалпы қурстық жұмыс түсінікті деп ойлаймын.
І. Эволюцияның зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама
Эволюция дәлелдемелері эволюциялық процестің зерттеу әдістерімен тығыз байланысты. Эволюция әдістері мынадай болып бөлінеді:
І. Палеонтологиялық әдіс немесе дәлелдемелер. Ғылыми палеонтологияның атасы Д. Кювье болып табылады. Палеонтология саласында алынған эволюцияның жүріп өткеніне 3 дәлелдеме бар.
1) Қазбааралық формалар көне және жас организмдер тобының белгілерін жалғастырып тұратын организмдер формасы.
а) Ихтиостига балықтардың жер беті омыртқаларына бастау беретін формасы.
б) Археоптерикс Юра дәуіріндегі құс, бауырымен жорғалаушылармен класы мен жоғары сатыдағы құстар класын жалғастырып тұрады.
в) Аң тәріздес кесіртке бауырымен жорғалаушы класын сүтқоректілер класымен жалғастырып тұрады.
2) Филогенетикалық қатарлар деп эволюция барысында бір – бірімен ретпен байланысқан қазба формалар қатарын айтамыз.
а) Фенокодус – ең бастапқы жылқының түрі – Эогиппус – оригиппус – эпигиппус – мезогиппус – миогиппус – плиогиппус – лезогиппус – меригиппис эквус қазіргі заманғы жылқы. Прежевальский жылқысы.
б) Піл тұқымдасының филогенетикалық қатары. Материй – палеомостодант – мамонт үнді пілі – африка пілі.
3) Қазба формаларының реттілігі. Белгілі қолайлы жағдайда өлген топ формаларының бір жерден табылуы, мысал ретінде плеоцен кезеңдердегі маллюскалардың қазба формаларының реттілігі мысал болады. (И.И.Шмальгаузен) Эволюцияның жүріп өткендігіне бұдан асқан объективтік дәлелдеме болуы мүмкін емес дейді.
ІІ. Биологиялық әдіс немесе дәлелдемелер.
1) Биогеографиялық облыстар немесе аудандардың жекелеген флоралық фаунасының түрлік құрамы сол жердің тарихымен тығыз байланысты.
1) Фауналық патшалық:
а) Голоарктика; б) Үнді – эфиопия; в) неотропика; г) Австралия
2) Флоралық патшалық:
а) Австралия; б) Кап; в) Палеотропика; г) Неотропика; д) Галоарктика
3) Аралық формалар. Аралдар негізгі құрлықта неғұрлым ерте оқшауланған болса, флорасымен фаунасыда өзіндік ерекше болады. Мадагаскар аралының Африка құрлығынан 80млн жыл бұрын бөлінген фаунасының түрлерімен ерекшеленеді. Сүтқоректілердің 36 туысының 32 туысы эндемиктер, 127 құстар туысының жартысы эндемик. Аралдар формалар ұғымына үңгірлерді де жатқызуға болады. Солтүстік Африка «Мамонт» үңгірінен табылған соқыр балық.
4) Үзілмелі таралу – үлкен территорияда таралған организмдердің орта өзгерісіне бейімделе алмағандары сол жерден жойылып кетеді. Мысалы: Альпі фаунасында мұздың дәуіріндегі кең таралған түрлер қазір тек жоғарғы таулы аймақтарда ғана мекендейді.
5) Филогенетикалық реликтілер – өте ерте заманда тіршілік еткен басым көпшілігі құрып кеткен бірақ біздің осы кезге дейін жетпеген түрлер. Мысалы : өкілдері: гатерия бауырымен жорғалаушыларының тұтас клас тармағының жалғыз өкілі – лизозойдан жеткен: Жаңа Зенландияда тіршілік еткен саусаққанатты балық – латемерия, Шығыс Африкада Девон дәуірінен жеткен. Гинкго – өсімдіктер ішіндегі религті болып табылады. Қазір Қытай мен Жапонияда декоративтік түрде таралған – Юра дәуірінен жеткен.
ІІІ. Морфологиялық әдіс немесе дәлелдемелер.
1) Органдар гомологиясы – сыртқы түрі және функциясы әртүрлі, бірақ шығу тегі бірдей органдар гомологиялық органдар. Мысалы, сүртқоректілердің әртүрлі отряд өкілдерінің аяқ қаңқасының құрылысы, ортаңғы құлақтарының есту сүйегінің гомологиясы.
2) Органдар гомологиясы – сыртқы түрі және атқаратын функциясы ұқсас, бірақ шығу тегі әртүрлі органдар. Мысалы, өсімдіктер де – бөріқарақаттың тікені жапырақтан, ақ қараған тікені жапырақшадан, долана тікені өркеннен, ежевика тікені қабықтан пайда болған. Жануарларда аналогты органдарға жер беті омыртқалы жануарлардың басаяқты маллюскамен көз құрылысының ұқсастығы.
3) Рудиментті органдар және атавизмдер. Салыстырмалы жетілмеген немесе филогенетика процесінде маңызын жойған рудимент орган. Мысалы, үшін оған кит тәріздінің артқы белдеу сүйектерінің сақталып қалуы. Жаңа Зеландияда ұшпайтын құс – кивидің қанатының орнына Рудимент өсіндісінің сақталып қалуы.
ІV. Эмбриологиялық әдіс немесе дәлелдемелер.
1) Ұрықтың ұқсастық заңы жеке дамудың неғұрлым ерте стадиялары зерттеу барысында әртүрлі органдар аралығындағы ұқсастық арта түседі. Омыртқалардың эмбриондары дамудың ерте кезеңінде ұқсас болады.
2) Рекапитуляция принципі онтогенез процесі жалпы филогенездің қайталануы. Дамудың ерте стадиясында неғұрлым алыс ата – тектік белгілер кеш стадиясында жақын туыстарының белгілері қайталанады. Онтогенез – организмнің жеке дамуы филогенездің негізі болып табылады. Филоэмбриогенез онтогенез барысындағы өзгерістер.
Архалаксис – дамуының бастапқы стадиясындағы өзгеріс. Девиация- органдар қалыптасуының орта стадиясындағы эволюциялық өзгеріс. Анабалия – дамудың кеш стадиясындағы эволюциялық өзгеріс.
І.1 Эволюция принципінің әртүрлі ғылым мәліметтерімен
толықтырылуы
Барлық тірі ағзалардың құрылымдық негізі ақуыз типті күрделі жоғары молекулалы заттар болып табылады. ДНК молекулалары барлық тірі формада (бактериялардан басқа) тұқым қуалаушылық информацияларды жеткізе отырып, ақуыздармен тығыз байланыста болады. Жануарлар мен өсімдіктердің химиялық құрамының бірлігі мысалы, хлорофилл (өсімдік) гемоглабин (омыртқалылар) гемоцианин (омыртқасыздар) болатындығы дәлел. Барлық тірі организмдердің негізгі биохимиялық процестері: тотығу, гликолиз, май қышқылдарының ыдырауы, клеткалы мембраналар арқылы ерекше заттардың тасымалдануы. Бұл процесте әр топқа жататын ағзаларда құрылымы жағынан өте жақын фермметтер қатысады.
Әр биогеографиялық облыстағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзіне тән ортасының бар екендігі континенттер мен теңіздердің геологиялық тарихымен байланысты айтылады. Континенттердің бір – бірімен байланысы қайта – қайта өзгеріп отырды.
Жақын түрлердің тобы туысты, жақын туыстардың тобы тұқымдасты, тұқымдастар тобы жануарларда – отрядтар, өсімдіктерде – реті және т. б. Туыс, тұқымдас, отрядтар мен кластарға бөліну обьективті қажеттілікті тудырады. Генетика мен селекция эволюциялық процестің өтуіне дәлел болады. Генетика мен селекцияның қол жеткізген белгілі табыстарын айтуға болады. Олар тәжірибе арқылы анықталған жаңа сорттар, сондай – ақ өз алдына дербес жаңа түрлердің, тіпті өсімдіктердің туыстас формалары.
ІІ. Эволюциялық процесті зерттеудің негізгі
әдістері
Эволюциялық идеялардың пайда болуы мына пәндерде қамтылады: палеонтология, биогеографилық, морфологиялық, эмбриологиылық жене систематикалық, одан кейін генетика негіздері, биохимия мен молекулалық биология.
ІІ.1 Палеонтологиялық әдіс
Эволюцияны зерттеуде палеонтологиялық әдістердің негізгілерін неғұрлым кеңінен қарастырамыз. Олар: қазындылардың түр аралықтарын айқындау, филогенетикалық қатарын қайта қалпына келтіру мен қазылған түрлердің жүйелілігін анықтау.
Қазындылардың көшу формалары – неғұрлым ертедегі және жас топтық белгілерді қамтитын организмдердің формасы.
Көшу формаларының өкілі (қазынды) Chtyostega 6.3 сурет балықтарды жер бетіндегі омыртқалармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Стегоцефаль тобындағы неғұрлым ертедегі жер бетіндегі омыртқалыларда кейбір балық бейнесіндегі кескінін сақтайды. Рептилиядан құсқа көшу формасы болып Юра кезеңіндегі алғашқы құстар Archaeopteryx есептеледі. Бірақ олар енді нағыз құстар болды. Қанатының алдыңғы жағы типтік қанатқа айналған, денесі қауырсындармен жақсы жабылған. Осы байланысқа қатысты соңғы мысал – терапсид тобындағы аң тәрізді рептилия Lycaenopz (бауырымен жорғалаушы). Үлкен тіс сүйектері мен Osdentale азу тістерінің сүтқоректілер тәрізді болып келуі және т.б. кескіні бұл жануарды жыртқыш сүтқоректілерге ұқсас етті.
Қазіргі уақытта басқа да көптеген қазындыларды көшу формалары тек, ірі топтарда ғана емес, (типтер, отрядтар, кластар) сондай – ақ неғұрлым ұсақ (отрядтар, тұқымдас) топтағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі суреттелген.
Палеонтологиялық қатарлар – эволюциялық процесс кезінде бір – бірімен байланысты формалар мен филогенездің жүруі. Қазіргі уақытта көптеген палеонтологиялық қатарлар белгілі. Олар: жылқылар, мүйізтұмсықтар мен пілдер. 6. 4. суретте, Жылқының эволюциялық қатарының анализі палеонтологиялық эволюцияның негізін салушы В.О. Ковалевскийдің (1842 – 1883 жж )жүргізген зерттеулерінен бастау алады. Мысалы, эогиппусты қазіргі жылқымен салыстыру арқылы олардың филогенетикалық байланысын далелдеу қиынға соғады. Жылқылар эволюциясы негізінен Солтүстік Америка мен Евразия жерінде жүрді, кейбір формалары Оңтүстік Америкағада кірді.
Қазынды формалардың жүйелілігі.
Палеонтологиялық қатарлар анализ негізінде әр түрлі территорияға қатысты табылған заттарды өз алдына жекелейді. Анализ барысында эволюциялық процестің нақты өту жылдамдығын анықтауға мүмкіндік туады. И. И. Шмальгаузен (1884 – 1963 жж) қазынды моллюскалардың қатары бойынша былай деп жазады. «Эвалюцияның өмір сүруі туралы тағы басқа да объективті дәлелдің болуы екіталай ».
Экожүйенің эволюциялары, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алмасуын зерттеу. Қазіргі палеомагниттік, палеохимиялық, радиоавтографиялық және т.б. зерттеу әдістерін қолдану климаттың өткен уақыттағы ерекшеліктері мен өмір сүрудің шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, мұхиттың тұздылығы, судың температурасы т. б.
ІІ.2 Биогеографиялық әдіс
Биогеография әр түрлі масштабтағы жалпы эволюциялық процестің өтуін талдауға мүмкіндік береді.
Флора мен фаунаны салыстыру.
Триас кезеңінің аяғында Пангея екі үстіңгі континентке ажыратады. Солтүстігі – Лавразия мен Оңтүстігі – Гондвана өз кезегінде оңтүстік америкалық және африкалық континентке, Австралиямен бірге Антарктидаға бөлінді .Юра кезегінің соңында Лавразия Солтүстік Америка мен Евразияға бөліне бастады. Бұлар қазіргі фаунада да жалғасын тауып келеді. Мұндай кесірткелер Мадагаскармен Оңтүстік Американың игуандары, Оңтүстік Америка мен Африканың лақа және харацин тәрізді көптеген балықтар, Африкалық құрбақаның жақын туысы суринамдық құрбақаны Pipa айтуға болады.
Бор кезеңінің аяғында, палеоген неогеннің басында материктердің орналасуы қазіргіге ұқсай бастайды. Атлант мұхиты пайда болды. Австралия мен Антарктиданың арасы үзіле бастады. Мадагаскар Африкадан ажыратылады. Шығыс Европаға тән сүтқоректілер фаунасы сондай – ақ, Солтүстік Азияда да сақталған. Солтүстік Африканың сүтқоректілер фаунасы Солтүстік Азияда өте жақын келеді. Солтүстік Америка мен Солтүстік Евразияның фаунасы үшін мынадай сүтқоректілер тән: бұлан, құндыз, сусар, жарқанат, ақ аюлар, сарышұнақ және т.б. Солтүстік және Оңтүстік Американың сүтқоректілер фаунасын салыстырайық. Бұл континенттер үлкен территориялық жақындығына қарамастан, фауналар арасында айырмашылықтар бар. Егер Солтүстік Америка мен Солтүстік Евразияның сүтқоректілер фаунасын салыстыратын болсақ, Солтүстік Америкада тек үш эндемикалық тұқымдастықтан тұрады. Оңтүстік Америкада оннан жоғары, ал эндемикалық тұқым 80% – ы құрайды. Қазіргі Австралияның фаунасын 4 этап түрінде көрсетуге болады.
1) Қалталылар кірді. Marsupialia
2) Оңтүстік Азиядан кейбір кеміргіштер келді. Қазіргі уақытта бұл кеміргіштер 26 түрлі тышқандар, сондай – ақ 6 эндемикалық тұқымдас.
3) Австралияға жабайы динго итінің келуі Canisdingo
4) Қазіргі уақытта Австралияға адамның көмегінің арқасында үй қояндары мен бұғылар және басқа да сүтқоректілер пайда болды.
Органдардың гомологиясы.
Басқа органдармен ұқсас қарым – қатынаста болатын және түрлі қызметтер атқаруды гомалогиялық деп атайды. Өткен ғасырдағы салыстырмалы анатомияның ірі жетістігі болып, мысалы омыртқалылардағы есту сүйектерінің орнығуы. Төменгі және жоғарғы қатардағы омыртқалыларды салыстырғанда, акула тәрізді балықтарда ортаңғы сүйектерінің ішінде төстің алатын маңызы зор.
Гомологияны немесе гомологиялық ұқсастықты аналогиядан немесе аналогиялық құбылыстан ажырата білу керек. 6. 17. суретте акацияның, барбаристің, долана мен қара бүлдіргеннің тікенектері көрсетілген. Бұл барлық органдар аналогиялық болып табылады. Кейде аналогиялық органдардың ұқсастығын анықтау үшін арнайы салыстырмалы – анатомиялық және эмбриологиялық зерттеулер қажет болады. Жер бетіндегі омыртқалылар мен бас аяқты моллюскалардың көзінің құрылысы таң қаларлық ұқсастығына қарамастан аналогиялық (6.18. сурет) болып саналады. Кез – келген фотографиялық аппарат көздің құрылысын дәлме дәл қайталайды: хрусталь – объектив, көздің сыртқы мөлдір қабығы – диафрагма, тор қабық – сезімтал жұқа қабық, аккомодация механизмі.
Рудиментарлы органдар мен атавизмдер.
Практика арқылы филогенез процесі кезінде негізгі маныздылығын жоғалтып алған кез – келген организмнен органдарды немесе структураларды табуға болады. Мұндай органдар немесе структуралар рудиментарлы деп аталады. Кит тәрізділерде белінен артқа қарай бірден үшке дейін жететін кішкентай сүйектерден тұратын кеуде бұлшық еті орналасады.(6. 19. сурет). Бұл рудименттердің жамбас сүйектері киттермен дельфиндердің шығу тегін жер бетіндегі төрт аяқтылармен байланысты екендігін дәлелдейді. Жана Зеландиялық ұшпайтын кивидің қанатынын орнында әрең ғана байқалатын рудименттер қалып қойған. Кивидің шығу тегінде негізінен нағыз қанаты болған. Рудиментарлы орган әрқашан организмде белгілі бір қызмет атқарады. Кит тәрізділерде жамбас сүйектері бұлшық етті жауып тұруға қызмет етеді. Ұшпайтын құстардың қанаты (мысалы, страус) – жарыс құралы. Ол құсқа жүгіру кезінде көмектеседі. Рудиментарлы органдар мен атавизмдер – эволюциялық процестің тамаша дәлелі.
Салыстырмалы – анатомиялық қатарлар.
6.20. суретте қаіргі тақ тұяқты сүтқоректілердің қатары көрсетілген. Олар: тапир, мүйізтұмсық, жылқылар. Тропикалық ормандардан (тапир) саваннаға (мүйізтұмсық) өту кезінде саусақ редукциясы үшке дейін болады. Популяциялық морфология.
Популяциялық ойлаудың таралуымен байланысты морфологиялық зерттеу де микроэволюцияның ағымдық процестерін зерттеу үшін ыңғайлы болып шықты.
Популяциялық – морфологиялық әдістер табиғи сұрыпталуды реттеуге бағыт береді.
Морфологиялық әдістер біртекті топтардың арасында сұрыпталу жағынан үлкен немесе кіші қысым жағдайында болатын белгілерді анықтауға мүмкіндік береді.
Микроэволюциялық процесті морфологиялық әдістердің көмегімен зерттеудің нәтижесінде, қазіргі уақыттағы морфологияда – популяциялық морфологияның, популяциялық генетика және экологиямен тығыз байланысты пәндердің жаңа бағыттағы мазмұны пайда болады.
ІІ.3 Морфологиялық әдіс
Адам сүтқоректілер класына жататындықтан, олардың құрылысында бір – біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Мысалы, құлақ қалқанының болуы, көкет, сүт бездері, тістердің құрылыс ерекшелігіне сәйкес күрек тіс, сойдақ тіс, азу тіс деп жіктелуі және ортаңғы құлақта үш дыбыс сүйектердің (төс, үзеңгі, балға) болуы, т.б. сүтқоректілерге өте ұқсас екенін дәлелдейді.
Адамдарда кейде өзінің бұрынғы ата тегіне тән белгілер де кездесіп қалады.
Мысалы, адам ағзасындағы рудиментті (латынша – қандық ) және атавизмді (латынша – арғы ата – тек ) мүшелердің болуы.
Сүтқоректі жануарлардың көпшілігінде болатын соқыр ішек негізінен ас қорытуға қатысады, ал ол адам ағзасы үшін қорғаныштық қызмет атқаруға көшкен. Атавизмге мысал ретінде кейде адамда құйрықтың болуын, денені қалық түк басуын, қосымша емшектері болып туатын жағдайларды атауға болады.
ІІ.4 Эмбриологиялық әдіс
Эволюциялық процесті зерттеуде эмбриологияның екі негізгі әдістері бар. Олар: ұрықтар ұқсастығын айқындау мен рекапитулацияны зерттеу.
ІІІ. Ұрықтар ұқсастығын айқындау
XIXғ бірінші жартысында натуралист К. Бэр «ұрықтардың ұқсастық заңын» құрастырды: неғұрлым ертедегі дербес даму зерттелетін болса, соғұрлым түрлі организмдер арасындағы ұқсастық мәлім болады. К. Бэр былай деп тұжырымдаған: ұрықта ең алдымен типке тән ортақ белгілер пайда болып, одан соң класқа, отрядқа, туысқа ең соңында арнайы түрге тән белгілер қалыптасады. Ендеше, жалпы дене құрылысы біртекті жануарлардың ересек дараларына қарағанда ұрықтары өзара ұқсас келеді. Мұның бәрі омыртқалылардың шығу тегінің бір екенін көрсетеді.
Жеке және тарихы даму арасындағы байланыстың негізінде XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Ф. Мюллер және Э. Геккель өздерінің биогенетикалық заңын ашып, онда әрбір дара өзінің жеке дамуы барысында (онтогенез) сол түрдің тарихи дамуын (филогенезді) қысқаша қайталайды деп көрсетті.
Кейінірек академик А. Н. Северцев бұл заңға онтогенез кезінде ата тектерінің ересек формаларына емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады деген түзету енгізді. Мысалы, барлық омыртқалылардың ұрықтарындағы балықтың желбезек салатамырына ұқсас жүректен тарайтын қан тамырларының болуы, адам ұрығында ешқандай қызмет атқармайтын желбезек саңылаулары мен құйрықтың болуы. Сондай-ақ, көбелектің, қоңыздың, масаның, араның дернәсілдері биогенетикалық заң бойынша бунақденелілердің ата тегіне тән құрт тәрізді сатыны қайталауы болып табылады. Сонымен Геккель мен Мюллердің биогенетикалық заңы ағзалардың жеке және тарихи дамуы арасындағы терең байланысты көрсете отырып, олардың өзара туыстық қатынасын анықтауға мүмкіндік берді.
Белгілі орыс ғалымы В.О.Ковалевский тұяқты жануарлардың, соның ішінде жылқының тарихи даму жолдарын зерттеді. Жылқының ең ежелгі ата тегі бұдан 60млн. жыл бұрын палеоген дәуірінде өмір сүрген, алдыңғы аяқтарында төрттен, артқы аяқтарында үштен саусақтары, өсімдікпен қоректенуге ыңғайлы тістері бар, үлкендігі түлкідей ғана фенокодус деген жануар болған. Ол орман мен бұталар арасында, өзен жағалауында ауа – райы жылы және ылғалды жерлерде тіршілік еткен.
Неогеннің екінші жартысында климаттың өзгеруі себепті ағаш текті өсімдіктер азайып, орманның орнында ірі шөптекті өсімдіктер, негізінен астық тұқымдастарынан тұратын ашық далалар көбейе бастады. Мұның өзі жылқы тегінің тіршілік жағдайын өзгертіп жіберді. Жылқы тегінің бұдан былайғы дамуы оның аяқтарының құрылысын, бас сүйектерінің пішіні мен тістерін және жануардың жалпы тұлғасын үлкейтіп өзгертті. Дала жағдайында жануар денесінің ірі болуы, жазықтықта төңірегін алыстан шолып, төнген қауіптен уақытында қашып құтылуға мүмкіндік берді. Далалы жерлерде қатты шауып жүруге бейімделу барысында аяқтарындағы бақайларының саны азайды, жақ сүйектері ұзарып, тістері құрғақ, ірі шөптерді жеуге икемделді.
Міне, олай болса, макроэволюцияның бұл дәлелдемелері бірін – бірі толықтыра отырып, жер бетіндегі органикалық дүние дамуының жалпы көрінісін жете түсініп – білуге мүмкіндік берді.
ІІІ.1 Эволюция ілімінің басқа әдістері.
Салыстырмалы физиологияның негізгі мәліметтерін ала отырып, эволюция ілімінің мынадай қосымша әдістері бар.
Систематикалық әдіс – организмдердің классификациясын олардың табиғи филогенетикалық жүйелерімен байланыстырып құру. Барлық эволюциялық процесс адаптациогенезді, яғни процестің пайда болуымен және адаптацияның дамуы болып табылады. Мысалы, экологтар аралдардың колонизациясы кезінде түрлердің жоғарғы жылдамдықпен көбеюінің көп артықшылығын көрсетті.
Эволюциялық өзгеріс түрлердің бір – біріне өзара бейімделушілігі мысалында да жақсы бақыланады. Ол экожүйелердің динамикалық тепе – теңдігі мен тұрақтылығын құруда маңызды рөль ойнайды. Орталық Америка мен Мексикада әдетте, тікенекті акацияда (Acacia cornigera) құмырсқалардың (Pseudomyrmex ferruginea) колония құрып орнығуынан және жапырағында басқа да жәндіктердің бірлесуінің әсерінен бұл ағаш бастайды.
Генетикалық әдістер – эволюцияның әртүрлілігін зерттеу. Бұл бірлескен генетикалық салыстырмалы түрлердің (мысалы, гибридизация көмегімен) тікелей анықтамасы және де организмдердің цитогенетикалық анализінің ерекшеліктерінің анықтау болып табылады. Анализ көрсеткіші және туыс түрлердің тобындағы хромосоманың құрылысының ерекшеліктерін, эволюциясын осындай түрдегі мүмкін болатын бағыттарын айқындап, олардың эволюциялық өзара қарым – қатынасын анықтайды.
Папуляциялық морфология, фено және геногеография, микросистематика, кариосистематика және т. б. пәндер эволюциялық білімнің дамуын түсіндіреді.
Биохимиялық және молекулярлық биологиядағы әдістер.
XIXғ. аяғы XXғ. басында «молекулярлық эволюцияны» зерттеудің тұтас бағыты пайда болды. Мұнда молекулярлық биологияның тек шамалы әдістерін қарастырамыз.
Нуклеин қышқылы мен ақуыздардың құрылысының анықталуы.
Молекулярлық деңгейде эволюциялық процес нуклеотидтің құрамы (ДНҚ және РНҚ) және амин қышқылының (ақуыздардағы) өзгеруімен тығыз байланысты болады.
ДНҚ – ның 90% – ға жуығы ақуызды кодтамайды. ДНҚ зерттеулері гендердің филогениясын бағалауға мүмкіндік береді.
Иммунологиялық әдістер – биохимия зерттеудің арнайы әдістерін қамти отырып, әр түрлі топтардың «қандық туыстық» дәлділігін үлкен деңгейде анықтауға мүмкіндік береді.
Серологиялық ұқсастық жыртқыш сүтқоректілерде байқалған (құстар филогенетикалық жағынан қолтырауынға, қолтырауындар – жыланға жақын келеді). Құйрықты және құйрықсыз амфибияның аралығындағы серологиялық әртүрлілік көрсетілген, хордалылар және тікентерілілер арасындағы преципитация реакциясы арқылы ұқсас белгілері табылған.
Қорытынды
Қурстық жұмысымды қорыта келгенде, эволюция процесі зерттейтін әдістердің ішінде нақты әдіс жоқ. Әртүрлі әдістер комплексті түрде эволюцилық процесте ірі топтар және экожүйелерден жаңа популяциялар мен түрлердің шығуын зерттеуге мүмкіндік береді. Эволюция ілімінің басқа әдістері салыстырмалы физиологияның негізгі мәліметтерін ала отырып эволюциялық дамудың қызметтерін бақылауға болады. Эволюциялық процесті зерттеудің негізгі әдістері эволюциялық идеялардың пайда болуы мына пәндермен қамтылады: біріншіден палеонтологиялық, географиялық, морфологиялық, эмбриологиялық және систематикалық, одан кейін генетика негіздері, биохимия мен молекулалық биология.
Сонымен, эволюция ілімі пәнін жете оқып түсінуде, зерттеу әдістерінің алатын орны өте маңызды, екендігін байқай отырып, қурстық жұмысым барысында, бұл зерттеу әдістерін толығымен ашып көрсете білдім деп ойлаймын.