БЕЛОК ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ.

Әр түрлі гендер бір мезгілде белсенділік білдірмейді, ол организмнің жасына, белок қүрамының өзгеруіне байланысты. Белок құрамы дамудың әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Синтезделген белоктың әр қилылығын адам гемоглобинінің өзгеруінен керуге болады. Адам үрығының дамуының ерте кезеңіңде гемоглобиннің Ғ түрі пайда болады. Ол екі түрлі х және у полипептид тізбектерінен тұрады. Эмбриондық дамудың 13-аптасынан кейін ересек адамдарға тән А гемоглобині синтезделе бастайды. А гемоглобинінде у тізбегі құрылысы өзгеше  тізбегімен ауыстырылады. Екі гемоглобинніңде у тізбегі бірдей, олардың синтезін бір ғана ген басқарады. Е.К. Меркурьева мен С. Мигле қарала тұқымды бұзаулардың туғаннан кейінгі бірінші күні фетальдық (лат. «фетус» — ұрық) гемоглобині жалпы гемоглобин санының 75,5%, джерсей тұқымының — 55,3% болатынын хабарлайды. Кейіннен бұл көрсеткіш бірте-бірте төмендейді. Ғ гемоглобинінің А түріне толық ауысуы қарала бұзауларда 110 күні, джерсейлерде — 120 күннен кейін, кострома тұқымының бұзауларында В.В. Пильконың деректері бойынша 100-ші күні болады екен. Бұзаулар қанының сарысуындағы белоктың мөлшері мен құрамы эмбриондық жасына қарай өзгеретіні байқалған

Ұрықтың дамуының бірінші кезеңі қанның сарысуындағы белок мөлшерінің төменділігімен сипатталады. Күні ұлғайған   сайын   белоктың   сапалық   құрамы   өзгереді, альбуминнің глобулиндерге қатынасы екі айлық ұрықта 0,4-тен туар алдында 1,21-ге дейін жоғарылайды. Глобулин фракциясы да айтарлықтай өзгереді. Мысалы, эмбрионалдық сатыға тән фетуин осы көрсетілген уақыт ішінде жалпы глобулиндердің мөлшерінен 57,6-дан 24,5%-ке азаяды. Туғаннан кейін 2-3 күн ішінде фетуин мүлде жоғалады. байқалға Туғаннан кейінде белок спектрінің өзгеруі тоқталмайды. А.С. Гурьянованың хабарлауы бойынша қоңыр түсті латыш тұқымы құнажындарының қан сарысуындағы жалпы белок 3 айдан 18 айлыққа дейін 6,12-ден 7,54% оның ішінде глобулин 3,03-тен 4,24%-ке дейін өскен. Глобулиндер фракциясында да айтарлықтай өзгерістер байқалған. А-глобулин – 0,89-дан 1,29%, у-глобулин – 0,01-ден 2,06 өсіп, 6-глобулин – 1,13-тен 0,89% дейін томендеген.л

Кейбір органдар мен тканьдер белгілі бір белоктар-синтездеуге маманданған және РНҚ мелшері кеңбір кезеңдерде жоғарылайды не төмендеййі. Сиырлардың, қүнажындардың және қашарлардың желініндегі ДНҚ мен РНҚ қүрамын И.Я. Шихов зерттеген. Оның деректерінде РНҚ-ның ДНҚ-ға қатынасы орташа: қашарларда – 0,48, құнажындар мен сиырлардың туар алдында – 1, сауыла бастаған сиыр-ларда – 2,34, суалар кезде – 1,72 болған. Желіліндегі РНҚ-ның молшері мен сүт мелшерінің арасыңда өте тығыз жоғары өзара байланыс (г = 0,71) бар екені анықталды. Бұл көп сүт беретін кезде сиырдың желінінде белоктың көп түзілетіндігін көрсетеді, ал сүт азайғанда белок мөлшері де азаяды. Мұның бәрі иРНҚ-ның синтезінің әрбір кезеңге сай өзгеруінде белгілі бір бірізділік барлығының куәсі, ол өр жас кезеңімен байланысты. Демек мұндай синтез ДНҚ-ның барлық учаскесіңде бір мезгілде жүрмейды.

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика