Стенокардия – бұл жүректің ишемиялық ауруларының бір түрі.

Стенокардияның пайда болу себептері

Бұл ауру негізінен жүрек оттегіге ашыққанда пайда болады. Жүрек артерияларының қабырғаларында атеросклероздық түйіндердің түзілуінен (артерия қабырғасында холестериннің жиналуынан) жүрекке қанның келуі азайып, жүрек оттегіге ашығады. Бұл жүректе ауырсыну туғызады.

Симптомдары:

Стенокардия әдетте ағзаға физикалық күш түскенде пайда болады, кейде толқығанда, жылы жерден салқын ауаға шыққанда, шылым шеккенде, альгольды ішімдіктерді пайдаланғанла, тойып тамақтанғанда пайда болады.

Стенокардия пайда болғанда жүректі қысатын, күйдіретін және жаншитын ауырсыну болады. Кейде ол жәй ғана ауырсыну, қысу, сығу және жаншу сияқты қабылданады. Адамдар әдетте оны «жүректе тас тұрған сияқты» деп сипаттайды. Адам ол кезде ауыр жұмысты тоқтатып, отырып дем алып, таза ауа жұтып алуға тырысады.

Аурудың пайда болатын орны – кеуденің төс аралығы, алайда сол жақ бөлігінде де жиі болады. Ауру қысқанда қосымша тыныстың тарылуы, бас айналу және қорқыныш сезімі сияқты симптомдар пайда болады, кей жағдайда жүрек айну мен құсу байқалады.

Ауыр жұмысты тоқтатқан кезде ауру 2-5 минут аралығында басылады. Нитроглицерин дәрісін тіл астына пайдалану жақсы нәтиже береді. Егер ауру 10 минуттан артық мазаласа және ауырсыну басылмаса, жедел жәрдем шақырған дұрыс, мүмкін жүрек ауыр зақымданған болуы мүмкін.

Стенокардияның түрлері

Мамандар стенокардияны бірнеше түрге бөліп қарайды: тұрақты, тұрақсыз, сонымен қатар қалыпты стенокардия және кернеу стенокардиясы. Өте сирек кездесетін түрі – нұсқаулы түрі. Науқас алғаш стенокардиямен ауырғанда міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс.  Ең жиі кезедесетін түрі – кернеу стенокардиясы. Ол адам жүргенде, жүгіргенде, жұмыс істегенде пайда болады, сонымен қатар стресс, суық, ыстық, артық тамақтану және т.б. жүректе ауырсыну туғызуы мүмкін.

Қалыпты жағдайдағы стенокардия ауру асқынғанда, азғаға физикалық күш тұрмақ, науқас жәй ғана қалыпты жағдайда жатқанда да пайда болатын түрі. Нұсқаулы стенокардияның пайда болуына  атеросклероздық түйіндер емес, басқа себептер, атап айтқанда, жүрек артериясының қысылуы әсер етеді.

Егер ауырсыну барған сайын үдеп бастаса, немесе басқалай өзгерсе (мысалы ауырсыну қолға, жаққа беріле бастаса) үдемелі стенокардия немес кернеу стенокардиясы болып саналады. Бұл екі түрі көп жағдайда инфаркт ауруының басталып жатқанын меңзейді.

Аурудың асқынуы

Стенокардия жүректің ишемиялық ауруларының бір түрі болғандықтан, аурудың асқыну салдары да ортақ келеді. Уақыт өте келе науқаста созылмалы жүрек жетіспеушілігі пайда болады. Жоғары қысым аурудың асқынғанынан туындамайды, бірақ ауруды ауырлата түсетін факторға айналады. Қысым жоғары болған сайын, жүректің қанды қан-тамырларға айдауы қиындап, жүрек тоза бастайды.

 

Диагностика

Стенокардияны Удз арқылы немесе қан талдауы арқылы табу мүмкін емес. Ең сенімді жолы – коронарография арқылы тексеру. Коронарографияны диагноз табылмаған да, не болмаса науқасты жүрек отасына дайындап жатқанда ғана қолданады.

Ағзаға жүк түсіру арқылы сынау

Басқа ең тәжірибелі әрі ең жиі қолданатын әдіс- ағзаға жүк түсіру арқылы байқау. Жүк ретінде велоэргеметр мен жүгіру жолшасы пайдаланады.Науқасқа жүгіру не педал айналдыру ұсынылады, ал сол уақытта аспаптар жүрек жұмысын тіркей бастайды. Егер жүк түсіру кезінде жүректе ауырсыну пайда болса, демек диагноз расталады. Сол кездегі жазылған ЭКГ жүректегі өзгерістің қаншалықты күрделі екенін көрсетеді.

Емдеу

Стенокардия жүректің ишемиялық ауруларының бір түрі болғандықтан оны  кешенді түрде емдеу керек. Жәй ғана симптомдарды жою жеткіліксіз. Баршық ишемиялық ауруларды толық емдеп жазу мүмкін емес. Бұған қазіргі медицина қауқарсыз. Бірақ, ауруды жеңілдететін, асқынудың алдын алатын, өмір сапасын жақсартатын ем-домның түрлері бар.

Стенокардияны емдеудегі келесі міндеттер:

  • Салауатты өмір салтына көшу ( дене шынықтыру, диета, зиянды әдеттерден арылу)
  • Дәрігер жазған ем-домды үздікті қабылдау
  • Хирургиялық жолмен емдеу – коронаропластика, шунттау.

Дәрі-дәрмектер:

Стенокардияны емдеу кезінде ең жиі берілетін дәрі — аспирин. Ол қанды сұйылтады. Бірақ оның ішек жолдарында еритін түрін ішу керек (тромбо-асс, карди аск және т.б.). Бірақ аспирин қабылдау алдын қанның ұйығыштын анализ арқылы тексеріп алған жөн, өйткені аспирин қан ұйығықтығы төмен кезінде пайдаллануға болмайды.

Нитраттар— қанды тамырларға қоюға арқылы жүрекке салмақты азайтатын, сонымен қатар коронарлық тамырдарды кеңейтетін дәрі-дәрмек. Оның екі түрі бар: қысқа уақытта әсер ететіні және ұзақ уақытқа әсер ететіні. Біріншісі ауруды лезде басу үшін пайдаланады( изокет спрей, нитроглицерин, нитромин), ал екіншісі стенокардияны ұзақ уақыт емдеуге қолданады (моночинкве ретард, нитросорбид, пектрол және тб.). Екеуін шатастырып алмау керек!

Бета-блокаторлар (метопролол, бисопролол, атенолол және т.б.) – жүрек соғысын бәсеңдететі, аддреналиннің зиянды әсерін төмендетеді, артериялыққысымды түсіреді. Стенокардия ауырсынуын баспайды.

ААФ ингибиторлары (эналаприл және т.б.)- жоғары қысым кезінде пайдаланды, және жүректе асқынудың алдын алады.

Қауіп факторлары және профилактика

Стенокардияны асқындыратын қауіптер:

  • Көптеген зиянды әдептер стенокардияның асқынуына әсер етеді.
  • Үнемі тойып жеу.

Біріншіден оған майбасуға әкелетін үнемі тойып тамақтану жатады, сонымен қатар баланс бұзылған, дұрыс емес тамақтану да жатады. Науқастарда холестериннің жоғары болуы олардың (холестериннің) тамырларда түйін түзуіне әкеліп соғады. Ал түйіндер тамыр арналарын бекітіп, жүрек бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз етуіне бөгет болады.

  • Аз қозғалыс

Тойып тамақтану және майбасумен  қатар  қимыл аз өмір салтын, яғни гиподинамика мен гипокинезияны ұстанатындар да осы ауруға шалдығатын қаупі бар. Үнемі физикалық нагрузкадан шектелу жүректі бұзады, стенокардияның дамуына алып келеді.

  • Темекі шегу

Темекі шегу де көптеген жүрек ауруларын туғызады, сонымен қатар стенокардия мен жүректің бірден тоқтуына алып келеді.

  • Дәрігердің айқанын істемеу

Дәрігердің айтқанын орындамау, ем-домды дұрыс қабылдамау да аурудың асқыну қаупін туғызады. Егер сізге артериалды қысымды түсіретін дәрі-дәрмек берсе, одан бас тарту жүрек қан-тамырларының ауруына әкеліп соғады.

Егер стенокардия диагнозы қойылса не істеу керек?

Бұл диагноз қойылған жағдайда, ең әуелі ұстанатын өмір салтын қайта қарау керек:

  • Күнделікті ағзаға түсетін физикалық күшті көбейту керек. Оны білікті тренердің немесе емдік дене шынықтыру дәрігерінің бақылауында жасау керек. Жүгіру, жүзу, велосипед тебу, би және т.б. сияқты аэробты жаттығулар қошталады,
  • Дұрыс тамақтану салтына көшу керек.
  • Стрессті азайту керек, егер мүмкін болса стресспен кұресу жолын меңгеру керек.
  • Дәрі қабылдау. Алдымен дұрыс өмір салтын ұстану керек, сосын дәрі қабылдау шарт.

Стенокардия кезіндегі алғашқы көмек

Егер физикалық күш кезінде ауырсыну басталса, оны дереу тоқтатып, ыңғайлы отырып дем алу керек. Мұндай жағдайда ауырсыну өзі қояды. Киім қысып турса, шешу керек және терезені ашып таза ауа жұтқан дүрыс. Приступ кезінде адам сабырлы болған дұрыс. Егер дәрігер сізге дәрі-дәрмек жазған болса, соны қабылдау керек. Ауырсыну басылмаса 5 минуттан соң тағы қабылдау керек. Бірінші аз дозадан бастау шарт. Бір дегеннен үлкен дозада қабылдау, ағзаның дәріге үйреніп қалу қаупін туғызады.

Жедел жәрдемді қашан шақыру керек?

Егер ауырсыну 10 минуттан артық созылса, нитроглицерин дәрісінен қоймаса, қосымша симптомдар пайда болса( мысалы, ауырсыну қол,-жаққа беріле бастаса) жедел-жәрдемді шақыру керек. Бұл стенокардия асұынып бастап жатыр деген сөз, мұндайда науқас ауруханаға жеткізілуі тиіс.

Сонымен қатар, ауырсыну алғаш рет болған жағдай да жедел-жәрдем шақыру керек.

Жедел-жәрдем келгенше не істеу керек?

Жедел-жәрдем келгенше науқасты өзіне ыңғайлы етіп отырғызу не жатқызу керек. Киімінің жағасын шешіп, бөлмеге таза ауа кіргізу керек. Тілдің астына аспириннің төрттен бір бөлігін беріп, жарты стақан суға корвалолдың 20 тамшысын араластырып беру науқас үшін қауіпсіз.

Науқасқа қай кезде нитроглицерин беру керек?

Нитроглицеринмен ойнауға болмайды! Оны тек қана науқастың жүрегі  ауыратынын білгенде ғана беру керек. Оның кері әсері де жеткілікті. Ең жиі кездесетіні – қысымның күрт түсіп кетуі. Науқас ес-түссіз жатқанда нитроглицеринді беруге болмайды!

 

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика